37.Асқорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесі ұзына бойы жатқан түтік тәрізді. Ас қорыту жүйесінің әрбір бөлігі түрлі өзіндік қызмет атқарады, сондықтан құрлысы мен пішіні де түрліше. Жалпы ұзындығы 8-10м. Ас қорыту органдарының ішінде тек ауыз қуысы бөлігінің ғана негізі сүйектен түзілген.
Ас қорыту органдарының көбісі қуысты, олардың қабырғасы 3 қабаттан түзілген:
Кілегейлі(ішкі) қабат- барлық ас қорыту органдарының ішкі бетін астарлап жатады. Асты қорыту және оны сіңіру қызметтерін атқарады. Сондықтан да кілегей қабат өте күрделі эпителий, жазық ет және кілегей асты қабаттардан түзілген. Мұндай құрылыс ішектің оңай созылып, кеңеюіне, іщіндегі тағамның қорытылуына жағдай жасайды.Бұл қабатта қан, лимфа тамырлары, нерв талшықтары бар, сөл шығаратын бездер де бар. Эпителий кілегей қабаттың ішкі бетін жауып тұрады.
Бірыңғай салалы ет(ортаңғы) қабаты- кілегей және сір қабат аралығында орналасқан. Өңештің ортаңғы бөлігі, қарын, аш ішек және тоқ ішек органдарының қабырғасы осы бірыңғай салалы ет тканінен түзілген.
Сір(сытрқы) қабаты- ішкі органдардың сыртқы жағын қоршап, қорғаныс қызметін атқарады. Оның ішімен қарынға, ішекке тамырлар мен нервтер өтеді. Бұл қабат кілегей бөліп органның сыртын ылғалдап тұрады.
Ауыз қуысы жоғаргы жағынан — тандаймен, төменгі жағынан — тіласты, жақасты еттерімен, eкi 6үйірінен — ұрт етімен, алдынан — ауыз қуысын жауып тұратын еріндерімен, ал арт жағынан — жұтқыншақ. қуысына жалғасатын көмей тесігімен шектелген. Көмей теciгi үстіңгi жағында — жұмсак таңдай, бүйірінен — көмей доғасы, астынан тілдің түбірімен шектеліп тұрады. Ауыз қуысы екіге бөлінеді:
Кіреберіс
Ауыздың өз қуысы
Кіреберісте – тіс, қызыл иек, ерін, ұрт еттері,ауыздың өз қуысында – тіл орналасқан.
Таңдай-негізі сүйектен, ал артқы жағы ет тканінен түзілген. Сол себептен оны қатты және жұмсақ таңдай деп екіге бөледі. Қатты таңдай таңдай сүйегінен тұрады. Таңдайдың көлденең қатпарлары болады. Бұл қатпарлар тамақтың жылжуына көмектеседі. Қатты таңдайдың арт жағы жұмсақ таңдайға жалғасады. Жұмсақ таңдай еттен түзілген және кілегей қабатпен астарланған. Оның артқы жақ ортаңғы бөлігінде тілшесі бар. Жұтынған кезде жұмсақ таңдай еттері жиырылып тамақтың төмен жүруін икемдейді. Жұмсақ таңдайдың екі бүйірінде доғалары бар: тіл доғасы және жұтқыншақ доғасы. Тіл етті орган. Нерв талшықтары мен қан тамырларына бай.
Тіл үшке бөлінеді: түбірі, арқасы, ұшы.Тіл арқасы тіл емізікшелеріне бай. Бұларға нерв ұштары келіп аяқталып дәм сезу процесін жүзеге асырады.
Емізікшелердің төрт түрі бар: жіпше, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақша, орлы.
Жіпше – тіл арқасында,
Саңырауқұлақ – тіл арқасында,
Орлы – тіл түбінде,
Жапырақша – тілдің екі жиегінде орналасады.
Tic (dens) ауыз қуысынын жоғарғы және темөнгі жақтың тic ұяларында орналасқан. Tic сүт тістер және тұрақты тicтep болып бөлінеді. Ересектерде тұрақты тic саны 32. Жогаргы жақ сүйегінде 16, төменгі жақ сүйегінде 16 тістен, ортадан оң, не солга қарай санасақ, 8 тістен орналаскан. Оларды 2 күрек тic, 1 үшкір тіс, 2 кіші азу тіс, 3 улкен азу тіс деп атайды.
Ең сонғы азу тіс ақыл тіс деп аталады. Ол басқа тістерден соң шығып, ерте түсіп, немесе мулдем шыкпай қалуы да мүмкін. Жаңа туган балаларда тіс болмайды. Tic жаруы алты айлығынан басталып, 2 жаска толганга дейін созылады. Бірінші шыққан 20 тіс-сүт тістер деп аталады. Егер ортадан оңға немесе солға қарай санасақ, екеуі күрек тic, 6ipeyiн үшкір тіс және екеуін азу тіс дейді. Баланың алты жасынан бастап, он бес жасына дейін сүт тістepi біртіндеп түседі де олардың орнына тұрақты тістер шыгады. Tic сауытынан, түбірінен және жіңішкеріп келген мойнынан тұрады. Төменгі азу тістepi екі тү6ip, ал жоғарғы азу тістepi үш тү6ip, қалғандары 6ip түбірден түзіледі. Tic қуысындағы дәнекер тканінің арасында қан тамырлары мен нерв талшықтары көп, олар тic түбіріндегі тесік аркылы тic ішіне енеді. Tic сауыты жақтан шығып, мойыны қызыл иекпен жабылып, ал тү6ipi жақтын тic ұяларына кіріп орналасқан. Ticтің негізі дентин деген тіс затынан құралған, оның сауыт бөлігі эмальмен жабылып, тү6ipi цементпен жаққа 6ipiriп жатады. Эмаль (кіреуке) тісті бұзылудан сақтап тұрады, қатты заттарды тістеуден, ыстық-суықтан эмаль жарылса, тic бұзылады. Бұзылган тic қызыл иек пен жак сүйегін қабындырып, бүкіл организмді ауруға шалдықтыруы мумкін. Тістер қызметіне, кұрылысына қарай әртүрлі.