33.Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасын мысалдармен дәйектеңіз, зерттелуі бойынша хронологиялық шолу жасаңыз


Кәсіби сөздердің ерекшеліктері, түрлері мен принциптерін концептуалды кестеге түсіріңіз



бет4/4
Дата22.12.2023
өлшемі22,39 Kb.
#142647
1   2   3   4
39. Кәсіби сөздердің ерекшеліктері, түрлері мен принциптерін концептуалды кестеге түсіріңіз.
Кәсіптің белгілі бір түріне байланысты айтылған сөздерді кәсіби сөздер дейміз. Мысалы: әңгелек кішкене қауын деген мағынада.
Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады:
Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан ау); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады.
Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.

Ауыл шаруашылына
мал, астық, балық, мақта,күріш, егін, су т.б байланысты сөздер
Дүмбі, пәшік, сота жүгері түрлері. Әңгелек, жәмше торлама қауын аттары т.б

Қолөнеріне қатысты сөздер.
Ұсталық, зергерлік, тігіншілік, тоқымашылық т.б
Пышқы араның бір түрі, атауыз темірді қысқыш, шербек үлкен ара т.б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет