Сүйек буын ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру 1кезең-Пацинеттің жағдайын бағалау
Субьективті әдіс
Паспорт бөлімі
Шағымдары:буындардың ауыруы,ісінуі,буын қозғалысының шектелуі,зақымджалған буын үсті терісінің бетінің қызуы көтерлуі,бұлшық еттер зақымдалуы,лимфа түйіндерінің зақымдалуы.
Ауру анамнезі:қауіпті факторлар,аурудың дамуы,емі,ауру себептері мен басталуы,зерттеулер қорытындылары.
Өмір анамнезі:тұқымқуалаушылық,жағымсыз әдеттері,тамақтануы,тұрмыс жағдайы,аллергиялық реакциялар.
Обьективті әдіс
Қарау:жалпы жағдайы,санасы,есі,төсек жағдайы,дене бітімі,тері және тері жамылғысы,көгерулер,ісіктер.
Қосымша немесе зертханалық тексеру тәсілдері
ЖҚА,Биохимиялық қан анализі,буындарды рентгеологиялық тексеру.
2кезең-Мейірбикелік диагноз
Науқастың жағдайы қанағанаттанарлық. Ұқыптылықпен мейірбикелік зерттеуде мейірбике науқастың медициналық мәселесін анықтап, мейірбикелік диагнозды қоюы керек.Артықшылықтары: буындардың ауыруы,ісінуі,буын қозғалысының шектелуі,зақымджалған буын үсті терісінің бетінің қызуы көтерлуі,бұлшық еттер зақымдалуы,лимфа түйіндерінің зақымдалуы.
3кезең-Мейірбикелік жоспары құру
Қысқа мерзімді:ауырғандық сезімді басу,дене қызуын түсіру,зақымдалған аймақтарды қалыпқа келтіру
Ұзақ мерзіміді-қатаң төсек тәртібі.
4кезең-Жоспарды жүзеге асыру
Мейірбике белгілеген жоспарын ұқыптылықпен орындап, өзінің әрекетін жұмыс күнделік дәптеріне жазып отыру керек.
--емдік сақтау тәртібін сақтау
-белгіленген тамақ тәртібін сақтау
-дәрігер тағайындаған дәрілерді уақытылы қабылдау
-науқасқа өзін бақылау дағдысын үйрету
-пацинетке психологиялық көмек көрсету
5кезең-Қорытындылау
Науқастардың шағымдары ескерілді.Жоспар құрылып,жоспар жүзеге асырылды.
Буын пункциясына науқасты дайындау,күтім жүргізу. Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, лотокты, 5 спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, 0,5 новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.
2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.
4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы қалып алуын сұраңыз.
5. Болжаған тесетін жерді өңдеу үшін 5 спиртті йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
6. Дәрігер сол қолмен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.
7. Инені буынға енгізіп, шприцпен тінге жиналған сұйықтықты сорып алады.
8. Лабораториялық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.
9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.
10. Инені шығарып алған соң, тесілген жерге 5 спиртті йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.
11. Қолданылған шприцтерді, салфеткаларды, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
12. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.