ІІ.Ұшқыр ой.
«Алғырлар»тобына тапсырмалар
метрде неше сантиметр бар? /100см/
2.Көбейтудің компоненттерін ата /көбейткіш,Көбейіткіш,Көбейтіндінің мәні/
3.8 квадраты нешеге тең?/64/
4.Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?/енін ұзындығына көбейтеміз/
5.Шаршы дегеніміз не?/барлық қабырғалары тең төртбұрыш/
6.Кез-келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?/0-дің өзі шығады.
«Ойшылдар» тобына тапсырмалар
1.9+7 өрнегі нешеге тең?/16/
2.1 ғасырда неше жыл бар?/100 жыл бар/
3.5 минутта неше секунд бар?
4.9 квадраты нешеге тең?/81-ге тең/
5.3 кубы нешеге тең?/27/
6.Геометриялық фигураларды қандай әріптермен белгілейміз?/латын әріптері/
Кел балалар ойнайық,
Ойнайық та,ойланайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық деп,келесі
ІІІ.Ойнайық та,ойланайық сайысымызға көшелік
«Алғырлар» тобына тапсырмалар
Бірінші қатарда 7 бала отыр,екінші қатарда одан 4 бала артық отыр.Екінші қатарда қанша бала отыр?/11/
Түйе,бота маң басқан,
Төрт аяғың тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой./17/
4 жұмыртқа 4 минутта піседі,1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?/4минут/
«Ойшылдар» тобына тапсырмалар
Бір бірімен жарысқан
Төрт аю,бір арыстан
Екі қоймен,бір түлкі
Бәрі нешек кім білді?/8/
1 кг мақта ауыр ма,1кг мыс ауыр ма?\екеуі бірдей/
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер,бір қарандаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды,қолда бәрі./6/
ІҮ.Бәйге
Логикалық тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма
Абай 11 жаста,ал ағасы Адай одан 4 жасқа үлкен.Екеуі де спорт мектебінде бес жылдан бері жаттығып жүр.абай мен Адайдың спорт мектебіне ең алғаш барғандағы жасын тап.
Жауабы:Адайдың жасы 15-те.Абай спорт мектебіне 6 жастан бастып,ал Адай 10 жастан бастап барған.
2-тапсырма
Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді тап
ҚРАЫБЗ,АУЫҚН,ЛААМ,ЛАМАҚ,МҰТРЛА
Жауабы:Қарбыз,қауын,алма,қалам,алмұрт
Артық сөз:Қалам.
3-тапсырма
Мұзайдынында 6 бала сырғанап жүрді.Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті,ал түстен кейін олар мұзайдынға қайта оралды.Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
Жауабы:Мұзайдынында 6 бала сырғанап жүр.
4-тапсырма
Есеп шығар.
Алтай,Айгүл,Сәуле және Бекзат-ағайындылар:
Алтай-Айгүлдің баласы;
Айгүл-Сәуленің қызы;
Сәуле-Бекзаттың әпкесі.
Бекзат Алтайға кім болады?
Жауабы:Бекзат Алтайдың нағашысы.
5-тапсырма
Ойлан тап.
Суретпен жұмыс.Суретте неше үшбұрыш бар?
6-тапсырма
Сандай қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7-тапсырма
Әжем,анам және мен фотосуретке түстік.Әжем анамның сол жағында,анам менің сол жағымдатұр.Біздің фотосуретке қалай тұрғанымызды тап.
Жауабы:Оңнан солға қарай:Мен,Менің анам;одан кейін әжем тұр.
8-тапсырма
6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт.
Жауабы:(40+30)х6=420
9-тапсырма
Суретпен жұмыс.
Екі баланың қолы нешеу?
Екі сиырдың аяғы нешеу?
Төрт қойдың басы нешеу?
10-тапсырма
Ребусты шеш
Сурет бойынша «Оқулық» сөзін тап.
Сайысты қорытындылау.
Сайысты бекіту:
Әр топтың ұпай сандары есептеп қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |