Кәсіби мәтін мен жұмыс түрлеріндегі терминдерді меңгерту жолдарымен
үйлестіре беру үшін:
- лексикалық тақырыпқа құрылған қазақша мәтіннен алынған жеке термин
сөздердің мағынасын ашу;
- мерзімді басылым беттерінен алынған материалдың орысша мәтінін
аударту, термин баламасына
мән беруін қадағалау;
- өзара мағыналас бірнеше тірек сөз-терминдерді ұсынып,
шағын мәтін
құрастыру;
- мәтін ішіндегі түсінуге қиын сөздерден сөздік жұмысын жүргізу;
- мәтін ішіндегі термин сөздер алып тастап, мазмұнына сәйкес толықтыру
талап етіледі.
Терминдерді түсіндіру, игерту мақсатында өзара тілдік қатынас жасауы
төмендегідей сөйлеу түрлері арқылы жүргізуге болады:
1) ұжымдық;
2) екеуара;
3) жеке-дара сөйлеу.
Термин сөздерді үйрету тек
жалаң сөздер тізбегі беріліп, оларды
көшірумен немесе жаттатумен іске аспайды.
Уақыт талабына сай, кәсіби
білімі жоғары, жан-жақты білікті маман тәрбиелеу үшін:
1)
термин сөздерді жеке тіркесі, сөйлем, мамандыққа қатысты мәтіндер
түрінде өзара
бірлікте алу;
2) баспасөз материалдарымен студенттердің өз бетімен жұмыс жасауын
жетілдіру;
3) алынған материалдардың тәрбиелік мақсатына
баса назар аударып
отыру керек.