Қорытынды. Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып,
балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде
дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып,
дамытып отырған. Қазақ халқы – ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты,
шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдығын, білек күшін дененің сомданып
шынығуын қажет етеді.
Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік
пен адамгершіліктің жоғары
принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп
адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін
алдымен бәйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып-күтуге тура
келеді, оның ішетін суы мен жейтін жеміне дейін белгілі бір мөлшерге келтіреді.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
17
Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол – спорт, ол
– өнер, ол – шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын
табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болды.
Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа міну
өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне
айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді,
соған тырысты.
Ойын-сауық тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның
қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз
әзіл-қалжың бола береді. Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе
біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі,
шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен
тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы және оң жақтарын дұрыс
анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді.
Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған.
Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай
ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
18
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
ӘБДРАЗАҚ Арсен,
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы,
Жаңа жол ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ШАКИРОВА Мейрамкул Елемесқызы,
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Жаңа жол ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
ЖЫЛҚЫ – МАЛ ПАТШАСЫ
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
19
Зерттеудің мақсаты: жылқы малының адам үшін қызметі бағалы екенін
таныту.
Бұл тақырыпты таңдауымның себебі: Қазақ халқы – өзіндік мәдениетіне
сәйкес күнделікті өмірінің әрбір кезеңін жылқы малымен тығыз байланыстырған
халық. Сондықтан жылқы туралы мәліметтер мен оның емдік қасиеттерін
жинақтауды мақсат еттім.
Кіріспе. Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан
жылқы түлігі – көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы
малынсыз көзге елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі
егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті»
деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұлан-ғайыр даланың, ұлан-байтақ
өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы,
салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда, бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз
байланысып жатады. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте ерекше.
Жылқы – қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-
ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жақсы
көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін
төресіндей көретіні сондай, қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-кұлық, бітім-
болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін
жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына
жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл – қазақтың осы
түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі.
Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқының дүбіріне, түліктің күмбіріне
құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы, сірә, жоқ. Жер бетінде жаратылысынан
табаны жер иіскемеген бекзат бір халық болса, сол қазақ болу керек. Қазақтың ең
кедейінің астында кем дегенде бір «көк шолағы» болған. Қойшысы қой торысын
мінді. Осы ат – көліктің арқасында Алаш баласы Алтай мен Атыраудың, Арқа мен
Алатаудың арасын жалғады. Алып аумаққа иелік етті.
Қазақ жылқы малының болмысындағы басқа түліктерде болмайтын барша
қасиетін жақсы танып, терең зерделеп білген. Соның нәтижесінде өзінің өмір сүру
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
20
қалпы мен болмысына қатысты көптеген тұрақты сөз тіркестерін жылқы түлігіне
қатысты қалыптастырған. Мәселен, жұмылған жұдырықтай жиын жүретін, саяғы аз,
айрандай ұйып, бірлік-берекесі артқан әулетті «Торы айғырдың үйіріндей» деп
әспеттеді. «Күш-қайратың қайнап, әл-ауқатың тасып тұрған жастық шағында ел-жер
аралап, қыр-сырына қанық, көпті көріп көзіңді аш», - деген ұғымды «Атың барда
жер таны желіп жүріп, әкең барда ел таны еріп жүріп», - деп мақалдады.
Ал адамның көңілінің кеңдігін, пейілінің дарқандығын, қасыретке қайыспас,
қайғыға берілмес, қайсар қажырын «Ер жігіттің ішіне ер тоқымды ат сияр», - деп
қайырса, сабырлы да салмақты, бір ауылдың ұйтқысы болып отырған, жаны жайлау,
біртоға бәйбішені «Бес биенің сабасындай», - деп береке, құтқа балады.
Көшпенділер мен жылқы баласының бірге өсіп, біте қайнасқаны сондай,
олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде өз ара қатысты айтылатын
афоризмдер толып жатыр. Мысалы, жаңа туған нәресте ұл бала болса «Ат ұстар»,
егер ол қыз бала болса «Ат байлар» деп бейнелеп айтады. Ал баласы ер жетіп,
есейіп, өссе, ат жалын тартып мінді деп қуанады.
Жылқының шығу тарихы. Ғалымдар археологиялық қазба жұмыстарында
бес жарым мың жыл бұрын жылқының бірінші рет қазақ жерінде үй
шаруашылығына бейімділігіне дәлел тауып отыр. Бұған дейін халықаралық
археологиялық қауымдастық бұл үрдіс бір мың жыл кейін басталған. Оның ішінде
сол кезде жылқылардың мініске пайдаланылған, аттың үзеңгі жүгені сияқты
әбзелдер табылған.
Жылқы – тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары
бойынша жылқы б.з.б. 7000 жыл бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілген.
Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, қазіргі жылқы болып 4 туысқа бөлінген. Қазір
Моңғолияда ғана жабайы жылқылар үйірлері кездеседі. Оны Прежевальский
жылқысы (Керқұлан) деп атайды. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша
кәдімгі жылқының ең жақын тегі – осы керқұлан.
Қолға үйретілген кәдімгі жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және
қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, спорттық бағыттарда өсіріледі. 50-
185 см, салмағы 60-15000 кг болады. Жылқы орта есеппен 18-20 жыл, кейде 40
жылға дейін жасайды. Түсі қылаң, баран, ала болып бөлінеді. Қылаңға ақбоз, боз,
бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, жирен, нарқызыл т.б. жылқылар, баранға торы,
қара, қаракөк, қарсұр, қоңыр, жирен, күрең т.б. жатады. Әлемде жылқының 250 түрі
бар екен. Жүк жылқысы, мініс жылқысы, солтүстік дала жылқысы, жазық дала
жылқысы, тау жылқысы.
Туған баласын түліктің төліне теңеу де көшпенділердің, әсіресе, қазаққа тән
қасиет. Ата-ана баласын «құлыным», «құлыншағым» деп құлпырта еміреніп, оның
томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін «құлындай құлдыраңдады» деп бейнеледі. Ал
қазақ баласы болса, құлын болып кісінеп, тай-құнан боп тулап, асау болып алысып,
ат болып жарысып ойнап, тарпаң басып ер жетеді. Қазақ баласының қолына түскен
қу шыбықтан бастап, атасының таяғы, тіпті апасының сабауына дейін ат болып
кетеді. Қу ағашқа жан бітеді.
Қазақ философиясында жылқы айрықша орын алады. Жаратылыстың сан
қырлы құпиясын танып білуде, өмір, өлім арасын байланыстырарда үнемі жылқы
кірісіп отырады. Дария тіршіліктің ұлы ағысы тоқтаусыз. «Ұрпақ алмасады, өмір
жалғасады», «Бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп жағада тұрған» дүние
жалғанды жалғап, артқы толқын келеді. Мұны қазақ «ат тұяғын тай басар» деген
айшықты тіркеспен жеткізеді. Баласының кісі қатарына қосылып, азамат болуы ат
жалын тартып мінуімен сәйкессе, ауыл-аймағын аузына қаратып, артынан ел-
жұртын ертіп, елге бас болған азамат атқамінер атанады.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
21
Қазақ үшін лауазым-шеннің, мансап-биліктің де биік шыңы – аттың үсті. Өмір
бойы өнегелі ісімен үлгі болып, шау тартса да шалдықпаған, халқының қамын жеген
ел ағасын ат үстінен түспеген жан дейді. Жылқыны үй жануары ретінде қолға
үйреткенімізге 5500 жылдан асыпты. Мұны британдық ғалымдар ашқан. Адамзат
тарихындағы сенсациялық жаңалықты ашқан ғалымдар 1994 жылдан бері Солтүстік
Қазақстан облысындағы өлкелерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген.
Қазақ әлде кімнің
басына түскен қайғы-
мұңына
ортақтасып,
көңіл жұбатып, тоқтау
айтқанда да бейнелеп,
қанаты бүтін сұңқар жоқ,
тұяғы бүтін тұлпар жоқ
деп, ал бүгінгі қайғының
ертең орны толатынын
арғымақтың тұяғы тасты
басса
кетілер,
сазды
басса
жетілер
деп
жеткізеді. Атақ сөзінің
түп төркінінің өзін ат,
жылқы сөзінен жасаған басқа жұртты білмейміз. Жауға шапса «Аттан!» - деп бір
іске, бір бағытқа жаппай, жұмыла қозғалса атқа қонды дейтін де бізбіз.
Емдік қасиеті. Адамдар бие сүтін, саумал, қымыз, етін т.б. пайдаланады.
Саумалы өте тәтті, асқазан, өкпе, бүйрек т.б. ауруларға ем. Қымыз қышқылтым
болып
келеді.
Жылқының
сүйектерінен дәрі-дәрмек жасауға
болады. Жылқының етін жесең –
тамақ, мінсең – көлік, сусындарын
ішсең – естен кетпес сусын. Жылқы
майының емдік қасиеті де бар,
сыныққа, қол-аяқ қақсағанда т.б.
ауруларға ем.
Еті мен сүті үшін өсіретін
жылқылар
жабы
деп
аталған.
Қазақтың
жабысы
жайылымда
жақсы
семіреді.
Қазақ
халқы
жылқының етінен қазы, қарта, жал,
жая, т.б. дәмді тағамдар әзірлеп,
терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған. Ал жылқылардың биелерінен
тәулігіне 18-20 л. сүт сауылады. Сүті мол бие мама бие деп аталады. Бие желінің
сүтке толып, сауылатын мезгілін сауым деп атайды.
Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері,
әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Туберкулезді қымызбен
емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен.
Қазы – жеңсік тағам болып саналатын жылқы етінен жасалатын шұжық. Оны
шынайы жылқы шегін майлы қабырға етімен (дәмдеуіштер жағылған) нығап
жасайды, әдетте оған тұтас қабырға етін қолданады, нәтижесінде үлкен доғал шұжық
шығады. Қазақтар мен өзбектер қазыны пісіріп жесе, татарлар сүрлеп жейді.
Ат әбзелдері. Ат әбзелдері – жылқыны мініс пен шаруашылыққа пайдалануда
қолданылатын құрал-жабдық түрлері. Қазақтың ат әбзелдеріне ер, тоқым, өмілдірік,
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
22
құйысқан, үзеңгі, айыл, пыстан, жүген, ноқта, көпшік, шылбыр, қамшы және т.б.
жатады. Сондай-ақ, аттың айылы ердің қаңқасына тағылатын, көбіне қайыстан
жасалған ат арқасына ерді берік бекітетін жабдықтар айыл-тұрман тобын құрайды.
Айыл-тұрман жасалу ерекшелігіне қарай қайыстан жасалған өрмелі, берік матадан
жасалған ызбалы сияқты түрлерге бөлінеді. Ат әбзелдерінің түрлерінің сан
алуандығы ертедегі қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайымен
тікелей байланысты болды. Ауқатты байлар, ел басқарған хандар, сұлтандар мен
билер ат әбзелдерінің түрлі асыл тастар мен металдармен әшекейлеп жасаған қымбат
түрлерін қолданды. Ат әбзелдерінің қатарына сан алуан қамшы түрлері де
жатқызылады.
Ер-тұрманды да,
үзеңгіні
де
алғаш
ойлап
тапқандар
гректер де, парсылар
да, қытайлар да емес,
олар – көшпенділер.
Осының
айғағы
ретінде,
Берелден
тамаша сақталған ер-
тұрманда
да
табылған. Мұның бәрі
қазақтың
жылқы
мәдениетіне қосылған
теңдессіз
байлығы
саналады.
Жылқы
аурулары.
Жылқы
организмінің қалыпты жағдайының бұзылуынан жылқы аурулары пайда болады.
Ауру механизмі жаралану, сыну және қышқылдар мен сілтілер, кенелер, жәндіктер
әсерінен болуы мүмкін. Жылқы төрт түлік мал ішіндегі жем-шөпті талғап жейтін,
ерекше күтімді қажет ететін, кез келген ауруға бейім тұратын мал. Ауру себептеріне
байланысты жылқы жұқпалы, жұқпайтын және құрт аурулары болып бөлінеді.
Жұқпалы ауруларға маңқа, сақау, саып, құтыру, делбе, жамандат, сіреспе, жегі
ботулуизм, т.б. жатады. Жұқпайтын ауруларға желінсау, боғмала, қыршаңқы, буын
құрт, өлі тию, жауыр жем түсу, қашақ, өкпе ісіну т.б. жатады. Құрт ауруларына
киеңкі, қарақаптал, су ауру, қотыр, ішек-құрт аурулары т.б. жатады. Жылқы
ауруының алдын алу үшін шаруашылықтағы малдарды уақытында тексеріп, вакцина
мен сарысу егеді, ауру малды оқшаулап емдейді. Емдеу үшін әр түрлі дәрілік
заттарды антибиотиктер, сульфаниламидті, препараттарды және диетотерапия,
физиотерапия т.б. емдеу әдістерін кеңінен қолданады.
Жылқының жасына байланысты түрлері. Құлын – биенің жас төлі. Жабағы
– 6 айдан асқан құлын. Тай – 1 жастан асқаны. Құнажын – байтал 2 жастан асқаны.
Дөнежін шығар – 3 жастағы байтал. Дөнежін байтал – 3 жастан асқаны. Бесті бие – 4
жастан асқаны. Қасабалы бие – 7-8 жастағы бие. Кәртамыс бие – 11-14 жастағы бие.
Жасаған бие – 20 жастан асқан бие. Құнан айғыр – 2 жастан асқаны. Дөнен айғыр –
3-4 жастағы үйірге салынбағаны. Бесті айғыр – 5 жастағысы. Сақа айғыр – 11-12
жастағысы.
Жылқы туралы мақал-мәтелдер: Ер қанаты – ат; Жылқының үсті – жел, сүті
ем; Атаң барда ел таны желіп жүріп; Ат тұяғын тай басар; Ат аунаған жерде түк
қалар; Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады; Атты
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
23
тағаласаң есек аяғын көтереді; Қазанат қамшы тигізбейді, азамат жоғын білгізбейді;
Ат айналып қазығын табар; Адам жылқы мінезді; Жылқы – малдың патшасы;
Жігіттің сорлысын аттың жолдысы теңейді.
Қорытынды. «Жылқы – мал патшасы» демекші, мен ғылыми жұмысымды
мына бір өлең шумағымен аяқтағым келеді:
Білемісің, жүйрік сұлу қара айғырды?
Білемісің, әлгі жалбыр сары айғырды?
Сұр жорға ат, сүтті мама боз биені,
Соларды зиян кестер қалай қылды?...
Солардың бірі жауыр, бірі қатпа,
Сұржорға ат қазір тулақ, ол енді ат па?
Халқымыздың жылқы малына деген сүйіспеншілігі еш төмендеген емес,
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дамып, жетіліп, кемелденіп отырды. Сол заман, дәуіріне
сай тіршілік-тұрмысын жылқымен байланыстырған жаңа қанатты сөздер туындап
отырды. Аса талапты, таланты тас жарып тұрған адамға теңеу іздегенде де жылқыға
келіп тірелеміз.
Жылқы – сайын даланың сәні, ердің қанаты, еті мен сүті ауырған жанға шипа.
Туған жерін қашықтан танитын есті жануарды атам қазақ серігіне балап, ерекше
қастерлеп өсірген. Қазақи жылқының өзгелерден айырмашылығы да осында.
Әдебиеттер
1 Жұмаділов Қ. «Сәйгүліктер» поэмасы.
2 Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы, 1972. – І т. – 154 б.
3 Ковшарь А.Ф. Қазақстандағы жануарлар әлемі. – 2004. – 130 б.
4 Митяев И.Д., Ященко Р.В., Казенас В.Л. Қазақстан «Қызыл кітабы»
беттерінен. – Алматы, 2006.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
24
ЕРНАЗАРОВ Елдар Азаматұлы,
«№17 орта мектеп» ММ 4 сынып оқушысы, Көкшетау қаласы,
Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АШИМОВА Салтанат Абуовна,
«№17 орта мектеп» ММ жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі,
Көкшетау қаласы, Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы
ДӘРУМЕНДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ
Зерттеудің мақсаты: әр түрлі аурулардың пайда болуы дәрумендердің
ағзадағы жетіспеушілігіне байланысты екенін түсіндіру.
Зерттеудің міндеттері: дәрумендердің шығу тегі және адам өміріндегі
маңызымен танысып білу; адамға қажетті дәрумендердің мөлшерін анықтау;
дәрумендердің заманауи көздерін анықтау; адам ағзасына дәрумендік, дәрілік
препараттардың жағымсыз және жағымды әсерімен танысу.
Зерттеудің болжамы: егер біз дәрумендерді қолданбасақ, онда адам түрлі
ауруларға шалдығады.
Зерттеу нысаны: дәрумендер.
Зерттеудің пәні: дәрумендердің нақты аурудың алдын алу үшін қажетті
құндылығын зерттеу.
Зерттеудің әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, әдебиетті талдау, салыстыру,
бақылау.
Зерттеудің жаңалығы: сынып оқушыларына дәрумендер туралы тест
жүргізіп, қазақ тілінде құрастырылған кітапшалар таратылып берілді.
Зерттеудің нәтижесі: зерттеу нәтижелерін ауруханада, медициналық
ұйымдарда, дүниетану сабақтарында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Миллиард жылдар бойы табиғат Жер бетінде
мақұлықтың көпшілігін жасады. Бірақ оның түйткілсіз ең таңғажайып туындысы
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
25
болып дәрумендер қалады. Осы асықтай молекулалар өсімдіктердегі, жануарлар мен
адамның ағзасындағы заттар алмасуының қозғалысын үйлесімді етіп келтіреді.
Адам денесіндеде 70 триллионға жуық жасушалар бар екен. Осы жасушаларда
нанғысыз, рух еліктіргіш үдерістер болып жатады. Заманауи талдағыш аспаптар
арқылы біз соларды бақылай аламыз [1]. Молекуланың салмағы таң қалдырады,
бірақ олардың арасында айрықша орынды дәрумендер алады. Олар таңғажайып
қасиеттерге ие болып отыр. Осы асықтай ізгі ергежейлер заттың алмасуын іске
қосады.
Біздің денеміздегі миллиардтар жасушалардың сыртқы және ішкі жағында
көптеген металдар атомдары және басқа элементер болады. Оларға белсенділік
тудыру үшін тек қана дәрумендер қажет. Біздің жасушалар дәрумендерсіз су
құйылмаған гүл сияқты кеуіп қалады.
Ең таң қалдыратын қазіргі молекулярлық биологияның қорытындысы:
дәрігерлер кейде дәрумендердің жетіспеушілігінен туындаған ауруларды дұрыс
анықтамайды және соның қорытындысында дұрыс емдемейді. Оғаш көрінсе де
гормондар,
темір
немесе
белоктың
тапшылығы
көбінесе
дәрумендердің
тапшылығынан туындайтыны мәлім болды [1].
Дәрумендер – ерекше табиғаттың адамға берген сыйы. Сондықтан қазіргі кезде
дүние жүзінде адамның ағзасына әсері зор болғандықтан дәрумендерге көп көңіл
бөлінеді. Бұл мәселелерді ғылыми-зерттеушілік және оқу институттарында қызыға
талқылайды, симпозиум мен конгрестерде атақты профессорлар баяндамалар оқиды.
Бірақ осы зерттеулердің нәтижелері қарапайым адамдарға беймәлім.
Сондықтан дәрумендер туралы ақпарат беріп, аурулардың алдын-алу қазіргі кезде
өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |