Шектелген үш дене мәселесі. Қарастырылған үш дене мәселесінің дербес
жағдайы –
шектелген үш
дене
мәселесі
де
аспан
механикасы
және
космодинамиканың өзекті мәселелерінің бірі [4]. Бұл дербес жағдайда
0
2
m
.
Абсолютті координаталар жүйесінде қозғалыс теңдеулері мына түрде болады:
,
3
*
13
*
1
*
3
3
*
1
R
R
R
fm
R
,
3
*
31
*
3
*
1
1
*
3
R
R
R
fm
R
.
3
*
23
*
2
*
3
3
3
*
21
*
2
*
1
1
*
2
R
R
R
m
R
R
R
m
f
R
(10)
Сәйкесінше, арнаулы координаталар жүйесінде қозғалыс теңдеулерін мына
түрде жазайық:
,
31
3
31
1
3
31
r
r
m
m
f
r
,
3
1
31
r
r
r
,
)
(
1
1
2
2
F
r
F
r
(11)
,
3
13
1
3
3
1
r
r
fm
F
3
2
1
2
2
1
3
3
3
21
23
.
r
r
r
r
F
f m
m
ж
ц
-
-
ч
з
ч
=
+
з
ч
з
ч
з
D
D
и
ш
r
r
r
r
r
Шектелген үш дене мәселесінде арнаулы координаталар жүйесінің бас нүктесі
әрқашанда
1
m
және
3
m
массалары орналасқан нүктелерді қосатын түзудің
бойында жатады. Ол түзу қозғалысы екі дене мәселесінің шешімі
)
(
31
31
t
r
r
-мен
анықталынады. Күштер центрінің аналитикалық сипаттамасы шектелген үш дене
мәселесінде төмендегідей:
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
10
.
1
3
21
1
3
3
23
3
r
m
r
m
(12)
Осы өрнекті пайдаланып, шектелген үш дене мәселесінің дифференциалдық
теңдеулерін арнаулы координаталар жүйесінде мына түрде жазамыз:
,
1
2
3
23
3
2
W
r
k
m
f
r
(13)
k
k
r
k
r
r
k
km
m
f
W
1
2
1
1
1
)
(
31
3
31
31
3
1
,
)
1
(
2
1
2
2
31
k
k
k
k
r
.
0
)
(
1
3
r
r
t
k
k
(14)
Қорытылған (13)-(14)-ші теңдеулер шектелген үш дене мәселесінің қатаң
дербес шешімдерін геометриялық тәсілдермен зерттеуге өте ыңғайлы.
Қорытынды. Бұл жұмыста аспан механикасы және космодинамика өзекті
мәселесі – үш дене мәселесін және оның дербес жағдайы – шектелген үш дене
мәселесін, арнаулы координаталар жүйесінде, сәйкес үшбұрыштың геометриялық
сипаттамаларын пайдаланып зерттеу тәсілі ұсынылған. Бұл тәсілді әрі қарай n(n>3) –
дене мәселесінде және массалар өзгермелі
)
(t
m
m
i
i
болған жағдайда да
пайдалануға
болады.
Осы
жұмыста
табылған
жаңа
дифференциалдық
теңдеулернегізінде мәселелердің дербес шешімдерін зерттеу және бұл тәсілді жан-
жақты дамыту алдағы жұмыстарда жоспарлануда.
Әдебиеттер
1 Голубев В.В., Гребеников Е.А. Проблема трех тел в небесной механике. – М.:
изд. МГУ, 1985. – 240 с.
2 Маршал К. Задача трех тел. – Москва – Ижевск: Инст. комп. иссл., 2004. –
640 с.
3 Атанасян Л.С., Бутузов В.Ф., Кадомцев С.Б., Юдина И.И. Геометрия.
Дополнительные главы к учебнику 9 кл. 5-е изд. – М.: Вита-Пресс, 2005. – 176 с.
4 Маркеев А.П. Точки либрации в небесной механике и космодинамике. – М.:
Наука, 1978. – 312 с.
Резюме
Рассмотрены задача трех тел и ее частный случай – ограниченная задача трех
тел. Используя свойства подвижного треугольника в специальной системе координат
задачи исследованы геометрическими методами. Найдены уравнения движения,
которые удобны для исследования строгих частных решений.
Ключевые слова: задача трех тел, ограниченная задача трех тел,
геометрический метод.
Summary
The three-body problem and its particular case – the restricted three-body problem
are considered. Geometrical features of moveable triangle were used inspecial coordinate
system in order to study problems by geometrical methods. There were found equations of
motion which are convenient to investigate exact particular solutions.
Keywords: The three-body problem, the restricted three body problem, geometric
method.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
11
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ
ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
КУЛЬЧИКОВ Қалмұрат Ноқтырбекович,
Құлан шағын орталықты орта мектебі «Денешынықтыру»
пәнінің мұғалімі, Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы,
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
САБАҚТАРЫНДА ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру
мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі
кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы
біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп
оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып,
дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын
материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене
тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру мәселелері көптеген жетекші
ғалымдар зерттеулерінің негізгі нысанына айналды. Мектеп оқушыларының дене
тәрбиесін дайындаудың тиімділігі бойынша көптеген нұсқаулар жасалды. Алайда,
бұл зерттеулердің бәрі негізінен, дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігін арттыруға,
сабақтағы дене сапасын дамытуға ғана арналған, сондай-ақ өз бетінше жүргізілетін
жұмыстың ғылыми-әдістемелік негіздері жеткілікті дәрежеде жасалмаған. I-XI
сыныптардағы дене тәрбиесінің кешенді бағдарламасы дене жаттығуларының
ұлттық түрін пайдаланумен бірге өз бетінше жүргізілетін сабақтардың санының
көбейтілуін талап етеді.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен жетекші оқытушылардың тәжірибесінен
байқайтынымыз, дене жаттығуларының ұлттық түрін үй тапсырмасына қосу
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
12
оқушылардың тәрбиесі мен оны оқытуға ерекше ықпал етеді. Осындай кешенді
нұсқаулар мен әдістемелер бола тұра, нақты анықталған, ғылыми негізделген
әдістеме күні бүгінге дейін жасалмаған. Оның ішінде дене жаттығуларының ұлттық
түрін оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарының күнделікті тәртібіне
енгізу
мәселесі
тағы
жоқ.
Практикалық
нұсқаулардың
көпшілігі
«дене
жаттығуларының
классикалық
түрін»
қамтыған.
Сондықтан
оларды
республикамыздағы кейбір ерекше жағдайларға байланысты өз деңгейінде
пайдалану мүмкін болмай тұр.
Зерттеу нысаны – оқу-тәрбие жұмыстарының заңдылықтарымен қатар, қазақ
ұлттық ойындарының түрлері бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдалану
тиімділігін көрсету арқылы құрылған оқушылар дайындығының нақты үдерісі.
Зерттеу пәні – қазақ ұлттық ойындарын өз бетінше жүргізілетін сабақтардың
дене пайдалану әдістемелерін ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу болжамы. Дене тәрбиесі сабақтарындағы дене жаттығуларында
қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың өзіндік ерекшелігін анықтап, оларды
практикада тиімді пайдалану үшін ойындардың нақты және тиімді түрлерін
айқындап, жүргізілетін сабақтарда қазақ ұлттық дене жаттығуларын пайдаланудың
тиімді жолдарын күшейтуге болады.
Зерттеу мақсаты. Дене тәрбиесі сабақтарында қазақтың ұлттық қимыл-
қозғалыс ойындарын енгізудің тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері: Оқушылардың дене тәрбиесі үдерісінде қазақ ұлттық
қимыл-қозғалыс ойындары бойынша сабақтар өткізудің практикалық тәжірибесін
ұйымдастыру; Түрлі сипаттар мен бағыттардағы қазақтың ұлттық дене
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
13
жаттығуларын
орындау
барысында
жасөспірімдердің
дамуын
бақылау;
Жасөспірімдердің қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша дене
жаттығуларына арналған сабақтарының тиімділігін бағалау; Дене шынықтыру
сабақтарда қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын пайдалануды
ғылыми түрде негіздеу және сипаттамасын белгілеу; жалпы білім беретін мектеп
оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша
дене жаттығуларын пайдаланудың тиімді жолдарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
негіздеу; оқушылардың дене шынықтыру сабақтарында қазақ ұлттық ойындары
бойынша дене жаттығуларын пайдаланудың теориялық кешенді тиімді әдістерін
зерделеу; Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының
дене тәрбиесі жүйесінде қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын жан-
жақты пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Бізге белгілі болғанындай, көрсетілген міндеттер мектеп оқушыларының дене
тәрбиесінің мазмұнына толық сәйкес келеді, олардың организмі мен саналарындағы
шынайы өзгерістерді
түсінудің
логикалық
байланысына
сәйкес ғылыми-
практикалық сараптамалармен және нұсқаулармен қамтамасыз етеді.
Зерттеудің_практикалық_маңыздылығы'>Зерттеудің практикалық маңыздылығы өз бетінше жүргізілген сабақтарда
дене тәрбиесінің ұлттық әдіс-тәсілдерін пайдалану негізінде өз бетінше жүргізілетін
сабақтарға ынталандыру арқылы олардың сапасын арттыру болып табылады.
Олардың түрлері:
- оқушылардың өз бетінше жүргізілетін сабақтарында пайдаланылатын
қазақтың ұлттық ойындарының дене жаттығуларына өте қолайлы түрлері;
- жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жүргізілетін сабақтарында қазақ
ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдаланудағы
педагогикалық қызметтің сипаты;
- оқушыларға өз бетінше жүргізілетін сабақтарда пайдаланылатын қазақ
ұлттық ойындары негізінде дене жаттығуларының түрі бойынша нұсқаулар;
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
14
- қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығулар түрлерінің әдістемелік
сипатын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарына
ерекше мән беру;
- қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлері бар өз
бетінше сабақтарында қимыл-әрекеттің сапасын арттыру, денсаулықты нығайтуға
бағытталған мектеп бағдарламасындағы нормативтік талаптарды күшейту, дене
тәрбиесіндегі тұрақтылықты сақтау әдістемесін қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегідей бірқатар мәселелерден
туындайды:
- балалардың дене жаттығулары барысында қазақ ұлттық ойындары түрлерін өз
бетінше сабақтарда оңтайландыруды және жоспарлауды жүйелі түрде негіздеу
тәжірибелік әдіспен жүзеге асады;
- оқушылардың қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларын өз
бетінше орындауда тиісті дене жүктемелері анықталады;
- қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлері негізінде өз
бетінше жүргізілетін сабақтың тиімділігі анықталады.
Қазақ ұлттық ойындары түрлеріндегі дене жаттығуларының өз бетінше
жүргізілетін сабақтарының тиімділігі және оның тәжірибелік маңызы.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру
– қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның
айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық,
адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани
мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге
асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік,
қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-
қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер.
Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер
арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды
сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл
мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге
арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Соның нәтижесінде қазіргі таңда
тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы
арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін
педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы
байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта
(білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық
педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды
келешектегі қызметіне дайындайды.
Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады.
Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып
табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші рөл
атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек
тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының
біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-
әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс
пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге»,
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
15
«Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Асық» т.б.
балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып
нәрсе. В.И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,
қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің
ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі.
Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық
ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды
жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар.
Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға
алуы мүмкін.
Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның
тәрбиелік
маңызы
мынада:
ол
баланы
зеректікке,
білгірлікке
баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін
сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық
ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев
«Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын
бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп,
ойын білдірген. Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш
мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене
шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын
қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге
деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық
сананы қалыптастыруға болады.
Спорт ойынына асықты неге жатқызбайды? Асық ойыны, баланың күн ұзақ
қимылына тигізер әсері мол. Ойын барысында: жүгіру, жүру, иілу, секіру, сақа иіру,
көздеп тигізу, лақтыру, ату т.б. жатады.
Асық – қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі. Баласының
ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған. Асық атаулары: құлжа – арқардың
аталығының асығы; сақа – арқардың асығы; жабайт – еліктің асығы; асық – қой мен
ешкінің асық жілігінен; шүкімайт – қозы мен лақтың асығы.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
16
Өзім сабақ беретін сыныптарда мен осы ұлттық ойындардың көптеген түрлерін
пайдаланып жүрмін. Соның бірі қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық ойындарының
бірі – «Асық».
Асық ойыны – қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде
де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен
қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын
құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай
түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мен өз
сабағымда пайдаланып жүрген асық ойындарының түрлеріне тоқталайын.
Асықпен ойналатын ойынның бір түрі – «Ханталапай». Балалар бұл ойынды
үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек
қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады.
Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді.
Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып
есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке
жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Бұл ойынды өз сабақтарымда пайдалану барысында оқушылардың осы ойынға
қызығушылығы басым екенін байқадым. Әсіресе бұл ойын бастауыш сынып
оқушылары үшін тиімді. Ал енді өз сабағымда пайдаланып жүрген тағы да асық
ойынының бір түрі – Хан.
Асықпен
ойнайтын
ойынның
бір
түрі
–
«Хан»
ойыны.
Ойынға
қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық
шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын
қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан»
сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан
қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты
ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан»
көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың
барлығы асықты иірушінің «ханды қара басты» деген даусын естігеннен кейін бас
салып, асықтарды талап алады. Екінші жағдайда иірген асықтардың арасында «хан»
ашық жатса, онда «ханмен» бүк жатқан асықты ату керек, ойын солай жалғаса
береді. Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды
қозғауға болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлық асық
атылып болғанға дейін ойын жүре береді.
Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егер де ойыншы, қалай болса
солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады.
Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік
қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы
дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |