Емендей иілмейтін ер Көкенай. Көкенай – батыр, әрі би. Соңғы жылдары
өткендегі мұраға көзқарас мүлдем өзгерді, мұның себептері де бар. Бодандық аяққа
байлау, ойға тұсау болған заманда көмейде бүлкілдеген шындық айтылмай келді.
Егемен еліміздегі жаңару мен түбегейлі демократияландыруға бет бұрған
шағымызда өткенді өсірмей, барды бүркемелей айту мүмкіндігі туып отыр. Ендігі
жерде не туралы айтамыз деп емес; қалай айтамыз деп толғануымыз шарт.
Ұлы Абайдың аса көрнекті ақын шәкірттерінің бірі Көкбай Жанатайұлы
адамның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып сыр шертеді, сырды
мейлінше шын шертеді:
Жанды құдай алады, кісі алмайды,
Себепсіз шыбын қонып, ұша алмайды.
Кеудеге өлең кернеп келген шақта,
Шындықтан басқа жолға түсе алмайды.
Бүгінгі күні шырқыраған шындықты жазудан ардақты да абзал із жоқ,
шындықты қасиетті, одан биік ұғым жоқ. Ұлы ақын аңсаған, «Сөз түзелді,
тындаушы сен де түзел» деп талап қойған, соңыра «Көкірегі ояу», санасы сара,
тағылымы жаңа ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа бастайтын да – Шындық.
Халқымыздың біртуар ұлдары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, тағы басқалары жөнінде тарихи
зерттеулер мен көркем шығармалардың оқырман игілігіне айналып келе жатуы
қуантады, ізденіс жолына бағыт сілтейді.
Қазақ халқының өткен тарихынан әр түрлі мәліметтер беруші Шәкәрім
Құдайбердиев, Мұхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
59
және тағы басқа сол тұстағы біраз аталарымыз бодандық кезінде, жер-суымызға
иелік етуге халқының қолын жеткізген ертеректе өткен бабаларымызды әйгілеуге
мүмкіндігі болмады. Дегенмен, тас жарған шынардай баяндалатын азды-көпті
мәліметтер қалдырды.
Емендей иілмейтін ер Көкенай,
Бүгіліп бара жатты-ау жерге қарай.
Бұл ата салтын қуған, атамекен үшін өмірін қиған қазақтың біртуар батыры –
Көкенай батыр еді.
Көкенай Тобықты руының Үмбетай бұтағынан. Мөлшермен алғанда 1648-1728
жылдар арасында өмір сүрген. Көкенай – Орта жүзден шыққан әрі батыр; әрі би,
заманында есімі қалың жұртқа әйгілі болған адам. Ол – көптеген жорықтарға
қатысқан, тәуелсіздік жолындағы күресте қас жауларын тітірентіп өткен жаужүрек
батыр. Батырдың анасы қалмақ қызы, тік мінезін жақтыртпаса, туыстары қаталдығы
қаннан дескен. 1647 жылы орта жүз қолбасшысы Қожабергеннің басын жекпе-жекте
қалмақ бегі Ұлалы алған, сонда әйелі Таңсұлу іштегі баласымен күңдікке түсіп
кеткен. Қожабергеннің жеткіншек қос інісі, Сүйірбастың кіші ұлдары Әлі мен Сары
жас. Араға 13 жыл салып, арғын Олжас батырды серік қылып, Сары Ұлалы ерді
жекпе-жекте жеңіп, аға кегін алды. Ұлалының олжа қазақ әйелінен туған жалғыз
сұлу қызын Сары бәйбішесінен туған екінші ұлы Үмбетейге қосты.
Үмбетейден Көкенай туған, есімін анасы қалмақша Кукнай қойды, жасыл
апиын дегені. Әз-Тәукенің ту ұстаған қолбасшысы, жасында Салқам Жәңгір хан
жорықтарында ерлеген Көкенай қамшы бойлы кезінен тақымы атқа мықты, өскенде
қыл жалауын бұлғаған ата жау қалмақты аяп қалмаған. Ол ел шетінде айлап, жылдап
ұрыс салған, ту қандаған талай қыл көпірден өткен 1728 жылдары сексенге аяқ
басқан шағында егделілігіне қарамай қан майданға араласып, ауыр жарақаттан дүние
салған.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез
болған іс» дастандары мен тарихи деректерде Әнет баба, Мамай батыр, Тоқтамыс
батыр есімдерімен бірге Көкенай батыр ерліктері ілтипатпен аталады.
Көкенай – салт-дәстүрдің сақшысы. Ақын Шәкәрім Құдайбердиевтің
«Қалқаман-Мамыр» қиссасының мазмұнына терең бойласақ, Әнет би және Көкенай
батыр әрі бидің өзі өмір сүрген қоғамда, келешекке бөгет болатын қандай да
болмасын қателікке үлкен тосқауыл қойып отырған. Көкенай ХVII ғасыр басындағы
жәй ру басы ғана емес, ірі мемлекет қайраткері екенін байқауға болады. Қай заманда
да болмасын адамды өлім жазасына бұйыру әркімнің қуатында бола бермеген.
Қазақтың ұлы биі Әнет бабаның, «Жеті Момынға» қатысты рулардың (Қанжығалы,
Тобықты Бәсентиін, Атығай, Қарауыл) барлығы, одан өткенде бүкіл қалың Арғын
жұртының қиссадағыдай «Оқ байлау» жазасына сайуы, қолданылған жазаның
заманында әділетсіз жол еместігін мезгейді.
Өлтірсе, оғы тисе, өзі айтқан жол,
Онан кетсе түк те жоқ бітімі сол.
Мәмбетай шуылдады разымыз деп,
Осыған тама Арғын басыпты қол, - деген қисада.
Қисса авторы Шәкәрімнің астарлы ойын бақсақ, бодандық кезінде ашық жаза
алмаған Көкенайдың тұлғасын, ол би ағасы Әнет бабадан да бүкіл Арғын жұртынан
да ерекше даралап, Көкенайдың талабына барлығын көнгізіп, мойын ұсындырып
тұрғандай.
Жазушы Мұхтар Мағауин «Шәкәрім» кітабының алғысөзінде «Қалқаман-
Мамыр» қиссасына байланысты: «Бабаң – ел қамқоры, ағайын панасы. Алайда әдет-
ғұрып заңына тоқтау сала алмайды», - десе, Көкенайды «Ата салтының,
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
60
патриархалдық ғұрпының саяқшысы, яғни заман мен жағдай құрбаны», - деп
сипаттайды. Ақын Шәкәрім де Көкенайды: «Өзі батыр, мінезі қатты кісі», - деген,
бірақ қаныпезер еді, қаражүрек еді демеген деп қорытады.
Түрік халықтарының тарихында, шекаралас өмір сүрген қазақ және жоңғар
елдерін шығыстан Қытай, батыстан орыс мемлекеті қыспаққа алып біріне-бірін
қарсы қойып әрекет жасап, олардан сескенгендіктен бірлігін әдейі ыдыратып
отырыпты. Түріктен шыққан бұл екі мемлекеттің арасы, әсіресе ХVII-XVIII
ғасырларда ерекше шиеленіске жеткен екен. Жер, су дауы, мал дауы, тағы басқа да
сылтаулар қазақ пен жоңғар арасында жыл сайын үлкен қақтығыстарға, қырғын
соғыстарға ұшыратып отырыпты. Қытай және Орыс мемлекеті бірде қазаққа, бірде
жоңғарға көмектескен болып, зеңбірек және білтелі мылтықтарын беріп, араларын
ушықтырып отырыпты.
Қазақтың ханы Әз Тәуке өлгеннен кейін жоңғар хандығы жағынан арандату,
екі ел арасындағы бейбітшілікті ушықтыру жиілеп кеткен екен. Қазақ елі жағынан
қайтсе де арандату істерін бейбіт жолмен шешуді әр шекаралас ру бастарына,
билерге міндет етіпті. Осы бір кезде қазақ елінен мал ұрламақ болып келген
қалмақтың бір топ жігіттері ұрлық үстінде қолға түсіп, қазақ жігіттері оларды байлап
алады. Қазақ елінің Әз Тәуке хан салған тәртібі бойынша мұндайлар ел биінің
алдынан өтіп, тиісті жазасын алуы керек екен. Осы жөн бойынша байланған қалмақ
жігіттерінің жазалау билігін ұлы би Әнет баба Көкенайға міндеттеп, «Айтқан сөзі
атқан оғындай мүлт кетпес батырым, мына қалмақ елінен келіп арандатып жүрген
жігіттердің жазалау билігін өзің шеш, жөнсіз қан шығармай жазаласаң деймін», -
деген екен.
Сонда жиылған ел алдында Көкенай мынадай билік шешім айтқан екен.
«Жекпе-жекке шығар ері болса бір сәрі, болмаса мініп келген аттарының жал-
құйрығын тұлғып күзеп сол аттарымен еліне қайтарылсын», - депті. Ол заманда бір
айтылған билік жеткілікті болған екен. Егер билік дұрыс болмаса, ол би деген атқа
да, әрі қарай билік айтуға да жете алмаған деседі, сонымен Көкенайдың билігі дереу
орындалып, қалмақ жігіттері құйрық-жалы сымпия күзетілген аттарымен еліне
қайтарылады. Билік орындалғаннан кейін: «Тым құрыса нағлет ұрыларға дүре соғу
керек еді, не бір атына екіден мінгестіріп, жартысының атын алып қалу керек еді,
«құйрық жалын күзеп жау атының жазығы не?» - деп, малын алдырған Байбөрі деген
бай жігіттерімен Көкенайға наразылық айта келіпті.
Сонда би: «Тынысы тар тұңғиыққа сүңгісе тұншығады, әлін білмей қамшы
ұрған тұтылады, бас аяғымыз жиюсыз жайылып жатқанымызды біліп отырған
қалмақтың әдейі әрекет, сойқан шығаруға жасап жүрген ілгішектері аз емес, бізге
көрщі елмен соғысудың, арандатудың жолы тарылып тұрған кез, сондықтан асыра
сілтеу жөн емес. Олардың мініс аттарының жал-құйрығын күзетуім, ат иесі ерлерінің
тірі болса да өлтірілді деген белгісі. Екі елге де мәлім бұл ырымды білетін қалмақтар
қайта жау жолды аяқ басса тірі жіберілмесін сездірім.
Қорқақты қамыс сылдыры тоздырады,
Елдің амандығын тыныштық оздырады.
Ақылды іс саулығың,
Қисынсыз іс өзіңе істеген жаулық болмай ма», - деп ұғындырыпты.
Жеті Момын елі арасында байлығынмен атағы шыққан адуынды Байбөрі бай
бидің айтқан төрелігінің мәнісіне түсініп риза болып қайтыпты.
«Ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама» болардан бір жыл бұрын, 1722 жылы,
бір соғыста қалмақты қазақ жеңіп, осы жеңістің құрметіне сол кездегі орта жүздің
ханы Сәмеке ордасында той болып жатқан кезі екен. Тойға бай, бәйбішелер кетіп,
Тобықты жастары үлкендер жоқта жиналып, бастаңғы жасайды. Осы орайды
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
61
пайдаланып, Сары атадан таралатын Мәмбетайдың Байғазы ұлының қызы
Мамырмен, Кішік атаның Әйтегінен Қалқаман екеуі сөз байласып, Қалқаман
Мамырдың келісімімен алып қашып, жеті атаға толмай үйленбеу дәстүрі бұзылады.
Бұл жағдай елдің үлкендеріне мәлімсіз болатын. Қазақта жеті ата арасы айланбай
қыз алысуға мүмкін емес деп ұғылатын кез болатын. Онымен қоса мұсылман дінінің
қазақ арасына бойлап енген кезі, ал шариятта жақын қандылардың қосылуын
кәпірлік іс деп танитын уақыт. Мұнымен қоса ұрпақты келешек әлділікте өрбіту
үшін, жеті атаға толмай қандастардың үйленуі алғы ұрпақты әлжуаздыққа соғады
деп қауіптеніп, алашта жақындардың Әз Жәнібек тарханның хан кезінен бастап
үйлесуіне тиым салынған.
Қалқаман мен Мамырдың үйлесуі осы ұстанған, негізді әдет-ғұрып
заңдылығына бүкіл ел жастарының алдына салынған пәтуасыз жол деп танылатын.
Осы себептен де ел жастарына бұл жолдың дұрыс еместігін таныту үшін ұлы би
Әнет баба да, Көкенай да жазалау билігін «Оқ байлау» билігіне сайытпасына
болмаған еді. Жазушы Айгүл Кемелбаева тәңір сыйлаған сол сөз құдіретін өзінше
қастерлеп, өзінше өрнектейтін жан. Көкенай батыр туралы әңгімесінде батыр
кемеңгерлігін суреттеген.
Батыр ұрпақтары. Көкенай батыр туралы ғылыми жұмыс бастауыма көне көз
шежіре қариялардың арғыдан бергіге дейін жалғасып жатқан ауыз екі әңгімелері
арқау болса, бұған қоса әр жерден көрнекті белгі берген тарихи жазба деректер де
демеу болды. Бұл жұмыс үлкен тарихтан қағажу көрген ұлтымыздың, қазағымыздың
ұмыт қалып бара жатқан көлемді тарихынан бір суыртпақ жібі тәрізді екенін
білдіргім келеді.
Жұмыс жай қиял-ойдың жемісі емес, тарихта шын болған әрі батыр, әрі би
Көкенайдың халық үшін қанкештілік еткен, тарихи өмірден алынған оқиғасы деп
ұғынамын. Негізінен алғанда оның азаматтық және ерлік жолдары саналы өмірінің
күндерін толық қамтитындай.
1723 жылы ұзын аққан Сырдарияның Ақтал, Қаратал, майдан тоғысқан жерде
орта жүздің бес мың әскерімен Көкенай шеп құрып, қазақ елі Қаратаудан асып,
қатерден бас сауғалай көк Жайық батыс бетке үркіп кеткенше бір ай соғысып,
асқынған жауды уысында ұстап тұрды. Қан майданда Көкенайдың алты ұлы, Әнет
бабаның бес ұлы өлді. Ендігісі барымта мал емес, жан алу екенін жоңғар қолы анық
танытты. Өліктерді үйіп жасырған жерошақтағы төңкерулі қазан астына аналары
тыққан ұл балалар бір әулет тұқымын сақтаған. Кекті жау Әнет пен Көкенайдан
тұқым қалдырмаңдар деп әскеріне бұйрық қылды, батырдың немересін тірі алса,
лақтай бақыртып, жоңғар атасынан қалған ойыны көкпарға тартпақ еді.
Әнет бабадан бір ұл: Шақабай және келін құрсағында шарана қалған. Ер бала
туып, абыздың соңғы тұяғы болған соң есімін Бақай қойды. Көкенайдың Жәмеңке
атты алты жасар ұлынан немере жалғасып, сол Тұяқтан өрбіген ердің асыл тегі
үзілген жоқ. Өлсем жерімді иесіз тастамаймын деп дөңдегі қара таста басы ауған ел
соңынан жер бесікте жас баладай жылап қалғанда Әнет баба жасы тоқсан жетіде еді.
Жазғытұрым төбесінен со замат қиқулай тырналар легі ұшты. Баба сүйегін бір
саябырда Көкенай Қошқаратадан Түркістан шаһарына, Қожа Ахмет Ясауи
мазарының жанына апарып жерлеуге мұрсат тапты.
1728 жылы ер Көкенай ақтық шай қаста оқ тиіп өлгенде мойнынан құшақтап,
ағатайлап жылаған Мамай он үште еді. Нұралы хан тұсында кіші жүздің бас
батырының бірі болған тобықты Мамай батыр Еділ, Жайық екі суды, Алтай, Тар
бағатай тауын, Бейне теңіз көлін басқыншыдан тазартуға қатысты. Ол елу жылдан
соң елін сегіз өзенді таудағы атақонысқа бастап әкелді. Кіндіктауды ертерек жеткен
арғын-найман жайлапты. Кеңгірбай би бес болыс аз тобықтыны күшейтті.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
62
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №4200 «Қазақстан
Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4
тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірін ескере отырып, шешемін:
1. Саржал ауылының орталығындағы атауы жоқ екі көшеге төмендегі атаулар
берілсін:
- Үмбетейұлы Көкенай батыр;
- Саржал ауылында кезінде мектептің алғашқы ұстазы болған Ыбырай Матаев.
2. Осы Шешімнің орындалуына бақылау басшылық жасау, ауыл әкімшілігінің
бас маманы С. Ыбырайға жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң
қолданысқа енгізілсін.
Саржал ауылдық округінің әкімі: Қ.Б. Қалиев».
Бұл – бүгінгі күн оқиғасы. Уақыт өте келе бұл да бір тарих болып қалатынына
сенімім мол. Осындай бір парақ қағаз құны тарих жалғасы, өшпес мұра бастауы. Тек
батыр ұрпақтарына ғана емес, қаны қазақ атаулының жүрегіне жылу ұялататындай.
«Өзі жоқ деп өткен бабаның қанкешті еңбегін ұрпағы елемесек, шындықты айтпасақ,
бізді әруақ кеше ме?!» - деуші еді қариялар. Көкенай батыр ұрпақтары бабаларының
атына көше беру салтанатты рәсімін 2010 жылдың қыркүйек айында атап өтті.
Батыр ұрпақтары ауыл орталығындағы саябаққа келер ұрпаққа тарихи мұра
ретінде қалатындай етіп үлкен ескерткіш тас орнатыпты. Қазақстанның түпкір-
түпкірінен батыр ұрпақтары жиналып, бабаларына бағыштап құран оқытып, ас
берді. Қазір ауылдың орталық көшесі Көкенай батыр атымен аталып,
жарықтандырылған.
Қорытынды. Егемен Қазақстан елінің өркениетті дамуында жас ұрпаққа
тәрбие мен білім берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қайта қарап, оны
қоғам талабына сай жоғары сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы көкейкесті
мәселенің бірі. Қазіргі бетбұрыс кезінде әдебиет пен өнер аясында осы күнге дейін
белгісіз болып келген қаншама жұлдыздар жарқырай түсті! Сол арыстардың бірі
Шәкәрім Құдайбердиев. Ол орыс және шығыс классиктерімен қазақ жастарын
таныстырған шебер аудармашы, бармағынан өнер тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен
мәдениет қайраткерлері, ағартушы, ғалым еді.
Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытындылар
жасауға мүмкіндік береді:
1. Алып тұлғаның әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының
шындықтарыман тамырластығында. Ол халықты бүгінмен ғана өмір сүруге
болмайды деп үйретеді, өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн
мәселелерін шешуге тиістіміз, өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін
болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Қалқаман-Мамырдағы
Көкенай батыр әрекеті осының куәсі.
2. Шәкәрім поэмалары – қазақ философиясының негізгі ой-түрткісі, олай
дейтін себебіміз: әрбір еңбегінде жас ұрпақты тәрбиелеуде құндылығы жоғары
тәлімдік ой-пікірлер – еңбек сүйгіштік, отанын қорғау, жамандықтан аулақ болу,
өнер-білім мен ғылымға құштарлық, отбасы тәрбиесінің ықпалы, имандылық,
адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттер жан-жақты ашылып,
адам өміріндегі басты мәселе екендігі паш етілген. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
арқылы бүкіл әлем қазақ халқының философиялық жүйесін, педагогикалық
көзқарастарын, ата заңы мен дала заңының турашылдығын, салты мен дәстүрін берік
сақтаған ел екендігімен танысады. Сол кездегі әртүрлі әлеуметтік-тарихи
жағдайларды суреттей отырып, тарихи кезеңдерге бөліп, ұрпақ тәрбиелеуде
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
63
отансүйгіштік, еңбекқорлық, намысшылдық, имандылық, ар-ұяттың болуы қажетті
екендігін анықтадық.
3.
Зерттеу
жұмысымызда
Шәкәрім
Құдайбердиев
шығармаларында
педагогикалық ой-пікірлерінің қазіргі заманмен сабақтастығының бар екенін
айқындап, тәлім-тәрбиелік маңызын ашып көрсетуге ұмтылдық.
4. Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде біз Көкенай батыр атының тарихта
Мамырды атқан қатыгез ретінде емес, салт-дәстүрдің қырағы сақшысы ретінде, елін-
жерін қорғауда құрбан болған батырдың атын жалғастырушы ұрпақтардың бар
екендігін және батыр атындағы көше бар екендігін анықтадық.
Әдебиеттер
1 Кемелбаева А. Жазушы ізгіліктің иесі болуы тиіс // Қазақ әдебиеті. – №8. –
2012.
2 Тәжібаев Ә., Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. – Алматы, 1988. – 256 б.
3 Исаханов Ә. Тарихты тереңнен қозғайық // Үш анық. – №4(34); №6(34). –
1993.
4 Исханов Ә. Көкенай – батыр, әрі би. – Алматы, 1998. – 87 б.
5 Әбдірәсілова Г. Шәкәрім: ұждан – ұлағаттық үлгісі. – Алматы, 1994. –
№7(121).
6 Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердіұлы. – Алматы, 1990. – 45 б.
7 Сәтбаева Ш. Шәкәрім және әдебиет. – Алматы, 2001. – 58 б.
ДАСТАНБЕК Айжан, 8 «Б» сынып оқушысы,
БОЛАТ Аружан, 6 «Г» сынып оқушысы,
Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектебі,
Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АБДРАХМАНОВА Айгуль Абсадыковна,
Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектебі «Технология» пәнінің
мұғалімі, Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы
ІЛМЕК БІЗБЕН ТҮРЛІ БҰЙЫМДАР ТОҚУ
Аңдатпа
Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін қайта жаңғырту –
мақсатым. Бұл жұмыста қазақ халқының ежелден сақталып жеткен, ұлттық қолөнер
бұйымы тоқу туралы мағлұматтар жинақталып, зерттелген. Киімдердің тоқылу
жолдарына тоқталып, оны қазіргі заман талап үлгісін, сұранысын орындай отырып,
тұтыну арқылы өз қолөнерімізді қолданамыз.
Кілт сөздері: тұтыну, қайта жаңғырту, дәуір, шалу.
Кіріспе. Ең алғашқы ілмектің тарихы мынадай. Өте ертеде Солтүстік
Африкада XIII-XIV ғасырда ұзын ілмекпен тоқудан, одан Шығыс Еуропада,
Белоруста, Литвада, кейінірек Ресей елінде де ілмекпен тоқу өнерімен айналысқан.
Бұл тамаша өнер қазіргі талап-тілектер тұрғысынан жалғастырылып, туысқан
халықтар шығармашылығымен толтырылып, байытылып, тұрмыспен бірге ұласа
дамып, онан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде.
Адамдардың тұрмыс халдерінің үнемі өрлеуіне сай, олардың мәдени
тұрмыстық тілектері де өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән
үлгісіне сәйкес бола отырып, одан өзінің талғампаздығын, қайталанбас әсем
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
64
ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай, бізге көмекке
келген өнердің бірі – тоқу.
Қазіргі заман талабына сай ілмек бізбен тоқу өнері Қазақстанда қолға алынуда.
Ілмек бізбен киімдер, әр түрлі сан алуан бұйымдар (шұлық, қолғап, шілтерлі
бұйымдар) стол жапқышы, салфеткалар (ыдыс астына қоятын), төсек жабындар,
тоқыды. Тоқылған бұйымдар өрнектерге бай болды.
Еуропаға тоқыма өнерін Мысыр арқылы келген христиандар әкеліпті.
Осылайша, тоқыма өнері қолөнерге, уақыт өте келе үлкен өнеркәсіптік өндіріске
айналады. Ең қызығы, әуелі тоқымамен ер-жігіттер айналысқан екен. Бұл саламен
айналысудағы мақсат, фехтование сайысына шыдамдылықты, дәлдікті, зейін қоюды
үйрену болған екен. Бірақ кейіннен тоқыма өнерінің кең жайылуына байланысты
уақыт өте келе қыздардың кәсібіне өтіпті.
1589 жылы ағылшын шіркей уағызшысы Вильям Ли бізді инелері бар тоқитын
станок ойлап табады. XVIII ғасырдың аяғында Францияда дөңгелек тоқитын машина
жасалды. Қаншама тоқыма зауыт, фабрикалар ашылғанымен, қолдан тоқылған
бұйымдар қашанда бағалы болып қала бермек.
Өзгеше әдемі, сирек кездесетін тоқыма бұйымына Орынбор бөкебайларын
жатқызуға болады. Қолдан өрнектеліп тоқылатын орамалдың көлемі 2х2 м, салмағы
70 г болады.
Тағы да тоқыма өнерінің әдемі туындысына ирландық шілтерлерді жатқызуға
болады. Алғаш рет тоқыманың суреттері мен өрнектерін голландықтар 1824 жылы
«Penelope» журналына басып шығарды. Үлгі таңбалары ХІХ ғасырдың соңында
нақты түрде бекітілді.
Қазіргі уақытта үлгінің британдық және американдық екі түрі бар. Қолөнер
халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан
түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани
ләззат әкелген.
Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның
орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе
жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін
аңғаруға болады.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
65
Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер
туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен
ақтарыла сыр шерткендей.
Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі
өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты.
Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның
ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал
ел ішінде бекер айтылмаса керек.
Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет.
Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің
алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының сегіз қырлы, бір сырлы өнегелі, өнерлі
болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан
ұрпаққа үйретіп келген.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден қолданылып келе жатқан дәстүрі. Бұл
өнер қазіргі талап-тілектер тұрғысынан шығармашылықпен байытылып, тұрмыспен
бірге ұласа дамып келеді. Адамдардың қазіргі заман талабына сай, олардың мәдени
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
66
тұрмысы жақсаруда. Сондықтан да әр адам киімнің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола
отырып, оның талғампаздығын, қайталанбас даралығын танытуға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |