ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІгІ
ҚАУЛЫ
Тараз қаласы
№ 1172 30 қараша 2015 ж.
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер
учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
ресми
23
// «ЖаМБыл - ТаРаз» // №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан 2015 Жыл //
Әкім Садықбекұлы
Қарашаның 29 күні Тараз қаласының
Құрметті азаматы, республикалық
«Саңырақ батыр» қорының облыс бой-
ынша төрағасы, қазақ тілінің жанашыры
Әкім Садықбекұлы өмірден озды.
Ә.Садықбекұлы 1927 жылы наурыз
айында Талас ауданы Үшарал ауылында
дүниеге келген. Арғы атасы Тоқберген
баба ақ патшаның офицері болып, шен
алған кісі. Атасы Жаңабай 40 жыл бо-
лыс болған. Өз әкесі Садықбек момын
шаруа, еңбекқор болған жан. 1937 жылы
темір жол саласында жұмыс істеп жүріп,
ашаршылықта Өзбекстандағы Кітәб деген
жерге көшіп бара жатып, жол үстінде
қайтыс болған. Зираты Өзбекстанда.
Ә. Садықбекұлы осыдан 5 жыл бұрын
әкесінің мүрдесін арнайы іздеп барып,
Тектұрмас кешенінің маңында жатқан анасы Тазагүлдің қасына топырағын
қойып, ас берген.
Ә. Садықбекұлы қалаға, облысқа, республикаға танымал жан. Жамбыл
облысы қарияларының атынан Президенттің қабылдауында болып, ел тілегін
жеткізген ардагер.
Еңбек жолын 1953 жылы Үшарал мектебінде мұғалім болып бастаған
Ә. Садықбекұлы Жамбыл педучилищесі директорының орынбасары,
Жамбыл мектеп-интернатының директоры, қалалық горком партиясында
идеология бөлімінің меңгерушісі, кейінірек өзі құрған №154 кәсіптік техника
училищесінің 20 жылдан аса үздіксіз директоры қызметтерін атқарып, сол
жерден құрметті демалысқа шықты. Ә. Садықбекұлы демалыста жүріп те
қоғамдық жұмыстардан, мемлекет ісінен қол үзген емес.
Өмірінің соңғы жылына дейін қалалық қазақ тілі қоғамының төрағасы,
қамқоршысы, қазақ тілінің жанашыры болды. Елеулі еңбегінің арқасында
бірнеше мемлекеттік орден, медальдермен марапатталып, бірнеше рет
қалалық мәслихаттың депутаты қызметін атқарды. Балаларына сүйікті әке,
қамқоршы болып, төңірегіне, ағайын-туыстарына сәулесін түсіріп жүрген
ардагер, ел сыйлаған қария еді.
«Саңырақ батыр» қорының облыс бойынша төрағасы болды. Жамбыл
облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында батырдың тойын өткізіп, кесенесін
тұрғызуға барынша еңбек етті.
Ә. Садықбекұлы халқына адал еңбек еткен, бетке ұстаса бедел болған,
арқаға ұстаса пана болған айтулы азамат болып өмірден өтті.
Тараз қаласының әкімдігі, қалалық мәслихат,
қалалық ардагерлер Кеңесі
Азаматтық хал актілерін
тіркеу – адам өмірінің негізгі
белестерінің шежіресі
Адам туылған сәттен бастап өмірінің негізгі
барлық белестері құжатталып отырады. Туу туралы
куәліктен бастап, оның некеге тұруы, ажырасуы,
атын, әкесінің атын, тегін өзгертуі, балалы болуы
немесе бала асырап алуы, қайтыс болуы, барлығы заң
талаптарына сәйкес тіркеліп отырады. Бұл азаматтың
өмірінде мемлекет кепілдік берген құқықтар мен
бостандықтарды иеленуге, яғни, әлеуметтік көмек пен
жәрдемдерді алуға, оқуға, жұмысқа орналасуға, басқа
да заңды әрекеттер жасауға мүмкіндік береді.
Осы жұмыспен айналысатын азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметтері
2014 жылы әділет органдарынан жергілікті атқарушы органдар құзыретіне берілді.
Бүгінгі күні аудандар мен Тараз қаласы әкімдігінің АХАТ қызметтері халыққа 9 түрлі
қызметтер көрсетеді.
Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан АХАТ қызметтерін көрсетудің
оңтайлылығын және ыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар
жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта дамыған ақпараттық технологиялар АХАТ саласына да өзінің
оң ықпалын тигізуде. 2008 жылдан бері азаматтық хал актілері туралы мәліметтер
«АХАЖ» ақпараттық жүйесіне енгізіліп отырады. Сондықтан, бұрынғыдай мұрағатты
ақтарып, акт жазуын іздеу жұмысы азайды. Қызмет алушыларға барлық жағдайлар
жасалып отыр. 9 қызметтің 6 түрі Халыққа қызмет көрсету орындары арқылы
көрсетіледі, ал 5 қызметті үйде отырып электронды түрде алуға болады.
Мысалы, туу туралы немесе неке қию туралы куәлікті жоғалтқан азаматтар
«е-үкімет» веб-порталы арқылы тапсырыс жасап қысқа мерзімде қайталама куәлік
алуға мүмкіндіктері бар. Сол сияқты, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді, неке қиюды
немесе бұзуды, бала тууды тіркеуді «е-үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асыруына
болады. Бұл азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге ықпал ететіні сөзсіз.
Азаматтық хал актілерін тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі де нақты
бекітілген, сонымен қатар, ұсынылатын құжат саны қысқартылған. Қызмет алу
үшін ұсынылатын құжаттардың толық тізбесі e-gov.kz порталында, Халыққа қызмет
көрсету орталықтарында және тиісті АХАТ бөлімдерінде ілінген.
Бүгінгі күні Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан осы қызметтерді көрсету
тәртібін нақтылайтын регламенттер әзірленуде. Облыс әкімдігі қаулысымен
бекітіліп, әділет органдарында тіркелген соң облыстық «Ақ жол» және «Знамя труда»
газеттерінде ресми жарияланатын болады.
Статистикалық мәліметтерге келетін болсақ, жыл басынан бері облысымызда
12 мыңнан астам бала туылуы тіркелген, 4 мыңға жуық неке қиылған, 100-ден астам
бала асырап алынып, отбасылық қуанышқа бөленген.
Мұның барлығы еліміздің демографиялық жағдайына оң әсерін тигізері сөзсіз.
мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімі.
Тілшілер: 51-06-09.
Жарнама және жазылым бөлімі: 43-50-34.
Директор - бас редактор
Эльмира МЫРЗА-ҒАЛИ
Тел. 45-62-65.
Тиражы: 4195
Жалпы тиражы: 8000
Тапсырыс: 1115
Авторлар пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы
болып табылмайды.
Қолжазбалар әдеби тұрғыда өңделеді және авторға қайтарылмайды.
Ақпарат ақиқаттығына мақала авторы, ал жарнама мен хабарландыру
үшін тапсырыс иелері жауап береді. «Жамбыл-Тараз» газетінің
материалдарын көшіріп басу үшін редакцияның келісімі керек.
Газетті есепке алу туралы
№14163-Г куәлік 2014
жылғы 17 ақпанда Қазақстан
Республикасының Мәдениет
және ақпарат министрлігінен
берілген. Жазылу индексі:
65605
Редактордың орынбасары: Ерман ӘБДИЕВ.
Тілшілер: Құралай Сейсенбекқызы - 87715894955
Нұржан Серікханұлы - 87712798753
Шынболат Сейдуалиев - 87781474799
Индира Байқонысова - 87770924858
Дизайнерлер: Әдемі Өмірбекова,
Алтынай Әлімқұлова.
Фототілші: Владимир Алсуфьев
Нөмірдің кезекші редакторы: Нұржан Серікханұлы
мекенжайымыз:
Тараз қаласы, Желтоксан көшесі,78, 2 қабат.
e-mail: zhambul_taraz@mail.ru
Құрылтайшы - Тараз қаласының әкімдігі
мЕНШіК ИЕСі:
«Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС
Газет қазақ және орыс тілдерінде
аптасына бір рет шығады.
Газет «Сенім» баспа
орталығы» ЖШС-
інде жарық көрді.
Тараз қ., Төле би 22.
// «ЖаМБыл - ТаРаз» // №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан 2015 Жыл //
24
Осыдан тура 9 жыл бұрын қазақ ән өнерінде 3 зағип
баладан құралған «Сәт» тобы пайда болып, өздерінің
аянышты тағдырлары арқылы елді елең еткізді. Олар
«Қайтер едік, өмірге келмегенде» деп бозторғайдай
шырылдағанда, ет-бауырымыз езілді, жанарымызға
еріксіз жас үйірілді. Уақыт шіркін бір орында тұрушы ма
еді? Көмейлеріне бұлбұл ұя салған өнерпаз жігіттер тепсе
темір үзетін, оттай жалындайтын 20 жасқа да келді. Қазіргі
таңда дуэт болып өнерден өз еншілерін алып жүрген Азат
Әбілдаев пен Сапарбай Алтыбай әнсүйер қауымның сүйікті
орындаушыларына айналды. мінездері ашық-жарқын,
әзілқой, бауырмашыл жігіттермен сұхбаттасудың сәті де
түскен еді...
Өнер
«бІЗ ӨМІРгЕ
ғАшЫҚПЫЗ»
Тілші: Жігіттер, сендердің ән
әлеміне қадам басқандарыңа келесі
жылы 10 жыл толады екен. Осы
жылдар аралығында қол жеткізген
жетістіктерің де аз емес. өздеріңе
іштей есеп беріп отыратын
шығарсыңдар?
Сапарбай Алтыбай: Аллаға сансыз
шүкір, келесі жылы «Сәт» тобының
құрылғанына тура он жыл толады. Өнер
біздің бойымызға әкенің қанымен, ананың
ақ сүтімен дарыған. Өзім бала күнімнен
әнге құмар болдым. Өнерде бағымызды
ашқан, бүгінде екінші әкемізге айналған
Нұржан ағамыздың арқасы деп білеміз.
Осы кісі бізге үлкен сахнада ән шырқау
бақытын сезіндірді. Түрлі байқауларда
бақ сынадық. 2008 жылы Астанада өткен
республикалық «Жұлдызай» байқауында,
Санкт-Петербургте өткен халықаралық
«Кастальский ключ» байқауында бас
жүлдегер атандық. 2009 жылы Көкшетау
қаласында өткен «Балдәурен» байқауында
топ жарсақ, 2010 жылы «Көнеміз ғой»
әніміз қазақ эстрадасындағы үздік
туындылардың бірі атанып, 2011-2014
жылдары «Ең үздік әншілер» атағын
иелендік. Бірнеше альбом шығарып,
оннан астам әнімізге бейнебаян түсірдік.
Құдай қаласа, табанды еңбек етіп, халыққа
тың туындылар тарту еткіміз келеді.
Тілші: Бүгінгі Тараз төрінде өткен
ән кештеріңді өздерің жүргізіп, ән
салып, би биледіңдер. Халық та дән
риза болды...
Сапарбай Алтыбай: Көпшілік
тыңдармандар бізді репертуарымыздағы
қазақтың ақиық ақыны Мұқағали
Мақатаевтың сөзіне жазылған «Көнеміз
ғой» әнінен соң, ұдай мұңды әндер
орындайды деп ойлайды. Бірақ өзіңіз
көргендей, ән кешімізде елдің еңсесін
түсіріп, көңіліне кірбің ұялататын бірде
- бір туынды айтылған жоқ. Себебі, біз
адамдарға әніміз арқылы қуаныш сыйлап,
өмірдің әрбір сәтін бағалағанын қалаймыз.
Құдайға шүкір, біз бақыттымыз. Егемен
елде, бейбітшілікте тату-тәтті өмір сүріп
жатырмыз. Ең бастысы, басымыз аман, ба-
уырымыз бүтін. Біз мына жарық дүниені,
гүлденген әлемді көзімізбен көрмесек те,
жан жүрегімізбен сезінеміз. Біз өмірге
ғашықпыз. Мен өте көпшіл адаммын.
Сахнаға шыққанда да бір орында тұра
алмаймын. Әзілімді айтып, халықтың
арасына кіріп ән салғанды жаным сүйеді.
Елдің алдында өнер көрсеткенде өзімді
еркін ұстаймын. Өнерім - өмірімнің мәні.
Ел-жұрттың ыстық ықыласы, ақ батасы
қанаттандырады, шабыттандырады.
Азат Әбілдаев: Жалпы, менің
туған жерім Қаратау қаласы. Бірақ
жеті айлығымнан бастап, шырайлы
Шымкенттің тұрғынымын (күліп). Сол
себепті, Тараз топырағы мен үшін ыстық.
Өмірде тұйық емеспін. Бірақ сахнада
өзімді салмақты ұстаймын. Сапарбай
секілді көрермендердің ортасына кіріп,
секіріп би билей алмаймын. Жалпы,
екеуміз де әзілге өте жақынбыз. Бір-
бірімізбен қалжыңдасып, ойнай береміз.
Иә, Сапар досым айтқандай, мұңды,
жылауық әндерді ұнатпаймыз. Біздің
ән қоржынымызда халық әндері, халық
композиторларының шығармалары және
заманауи туындылар да бар. Арасында
өзім де ән шығарып, мәтінін жазамын.
Әр әнге байланысты би қойылымдарын
қоямыз.
Тілші: Жасыратыны жоқ, қазір
есті әндер өте аз. Ән таңдауда
қаншалықты талғампазсыңдар?
Азат Әбілдаев: Рас, қазір әнші де көп,
сапасыз әндер де қаптап кетті. Тыңдарман
қауым не тыңдарын білмей, шатасып жүр
деуге болады. Бірақ біздің халықтың
талғамы жоғары деп ойлаймын. Бірнеше
ән жаздырып, оған бейнебаян түсіргеннің
бәрі нағыз өнерпаз емес. Меніңше, шын
талант тасада қалмайды. Бойыңа Алладан
берілген саф өнерің болса, ерінбей еңбек
етсең ел-жұрт әндеріңді, шығармашылық
кештеріңді асыға күтіп, тіпті өздері де
іздей бастайды. Бір сөзбен айтқанда, бәрі
уақыттың еншісіндегі дүние.
Тілші: Әрине, әншіге халыққа
тұшымды туынды ұсыну үшін де ар-
найы музыкалық білім керек қой...
Сапарбай Алтыбай: Бұл да маңызды.
Біз Шымкент қаласындағы зағиптарға
арналған «Үміт» мектеп-интернатында
білім алдық. Сарыағаштағы «Ары-
стан баб» колледжінің «Музыкалық
өнер эстрадасы» факультетінде
білімімізді ұштаудамыз. Дауысымызды
мұғалімдеріміз қадағалап отырады. Әр
кезде әрқалай. Бірақ концерттердің ал-
дында қатты дайындаламыз.
Тілші: Осыдан бірнеше жыл бұрын
продюсерлерің нұржан Қожабеков
өзінің сұхбатында сендердің тойға
шықпай-тындарыңды айтыпты. Ал
қазір шығып тұрасыңдар ма?
Сапарбай Алтыбай: Иә,бұрын
Нұржан ағамыз бізді той-томалақтарға
мүлде шығармайтын. Себебі, елдің
сөзінен, өсек-аяңынан жүрексінетін.
Алайда, сананы тұрмыс билейтіні
тағы шын. Бүкіл әншілер тойға барып,
өнерлерін көрсетеді. Той - табыс табудың
төте жолы. Алла тағала нәсіп етсе, біз де
отбасын құрып, жанұямыз болса деп дұға
етеміз. Отбасын асырау ер азаматтың
міндеті болғандықтан, қосымша табыс
көзі болған дұрыс. Қазір тойларға жиі
шақырып тұрады. Біз де қуана-қуана
барамыз, елдің шаттығына ортақтасып,
өнерімізді ортаға саламыз.
Тілші: Сендердің әндеріңді Ресей
эстра-дасының әншісі диана Гурц-
кая тыңдап, өзінің жоғары бағасын
бергенін білеміз. Тіпті сендермен бірге
дуэт болып, ән жаздырғысы келетінін
айтқан екен. Қазір бұл жұмыс қалай
жүріп жатыр?
Азат Әбілдаев: Бұл әңгіме шындыққа
жанасады. Осы бірнеше уақыт бұрын
өзіміздің сүйікті әншілеріміздің бірі Диана
Гурцкаямен кездесудің бақыты бұйырды.
Ол біздің бірнеше әнімізді тыңдағанын,
орындаушылық шеберлігіміз көңілінен
шыққанын айтты. Сөйтіп, бір жақсы ән
жаздырып, бірге ән орындауға ұсыныс
жасады. Біз бірден келісе кеттік. Өкінішке
орай, қазір отбасылық жағдайына байла-
нысты Қазақстанға келе алмай жүр. Бірақ
болашақта бізден әдемі шығармалар
күтіңіздер.
Тілші: Ал отандық әншілермен
бірге ән айту жоспарларыңда жоқ па?
- Сапарбай Алтыбай: Егер өзіміздің
өнерде жүрген әнші аға-апаларымыздан
ұсыныс түссе, міндетті түрде айтуға
тырысамыз. Өзіміз өнерлерін ерек-
ше бағалайтын «Музарт», «Жігіттер»
тобындағы ағаларымыздың әндерін сүйіп
тыңдаймыз.
Тілші: Қазір жастардың көпшілігі
алтындай уақыттарын әлеуметтік
желілерде өткізеді. Сендер бұған не
дейсіңдер?
А з ат Ә б і л д а е в : « З а ма н ы -
на қарай адамы» дейді ғой. Біз
де әлеуметтік желілерде отырамыз.
Тыңдармандарымызбен байланысып,
араласып тұрамыз. Әрине, таяқтың екі
ұшы болатындай, мұның пайдасымен
қатар, зияны да аз емес. Сондықтан
мүмкіндігімше, бос уақытымды тиімді
істерге арнағанды жөн көремін. Сіз
білесіз бе? Қытайда екі миллиардқа жуық
халық бар. Әрбір қытайлық азамат өз
елінің дамуы үшін аянбай еңбек етеді.
Бірі техника шығарады, енді бірі тағы
бір дүниені қолдан жасайды. Осы қытай
ұлтының еңбекқорлығы көпшілігімізге
үлгі деп білемін. Техниканы қатты жақсы
көремін. Мен үшін ұялы телефонды
жөндеу түк емес. Достарымның бұзылған
телефондарын қайта құрап, талай мәрте
іске қосып бергенмін.
Тілші: достарың көп пе?
Сапарбай Алтыбай: Азат екеуміз
жан достармыз. Тіпті, бауырлармыз десек
те болады. Сырымыз да, жырымыз да бір.
Тілші: Жиі сырласасыңдар ма?
Азат Әбілдаев: Ең бірінші, шығарма-
шылығымызды жиі талқылаймыз.
Алдағы күніміз жайлы жиі сөз қыламыз.
Бізді келешек өміріміз, болашақ
тағдырымыз көбірек ойландырады.
Тілші: Ал отбасын құруға
дайынсыңдар ма?
Сапарбай Алтыбай: Шынында,
менің жанымды түсінетін, өнеріме
құрметпен қарайтын, жүрегімде махаб-
бат сезімін оятатын аруды кездестірсем,
үйленер едім.
Азат Әбілдаев: Отбасын құру - әрбір
саналы адамның міндеті. Бірақ маған
әлі ерте секілді. Бұйыртса, өнерімізді
шыңдап, аяғымыздан нық тұрып алсақ
деп тілеймін. Ең бастысы, Жаратқан
ием иманды жар жолықтыра көрсін.
Үйленіп жатсақ, тойымызға міндетті
түрде шақырамыз (күліп).
Тілші: Әңгімелеріңе көп рахмет!
Әрқашан жолдарың ашық болсын!
Сұхбаттасқан
Индира БАЙҚОНЫС
«Сәт» триосы: