екі мүшесі сап-сау адамның өзі жүре алмайтындай етіп жасаса, бірі мүлдем бұл
жайға мән де бермеген.
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Осындай жағдай Тараз шаһарында да орын алуда.
Қаладағы «менмін» деген сауда маркеттері мен банк
мекемелері тек он екі мүшесі сау адамдарға ғана қызмет
көрсететіндей-мыс. 2013 жылы Тараз қаласы бойынша
13985 мүгедек тіркелсе, 2015 жылы олардың саны 14962-
ге жеткен. Оның ішінде 1720 адам 16 жасқа дейінгі
мүгедек балалар. Яғни мүгедектер саны жыл сайын
өсуде. Бүгінгі күні қаламыздағы әлеуметтік маңызды
нысан болып белгіленген 177 нысанның ішінде толық
бейімделгені 39 нысан, ішінара бейімделген көп
үлестісі – 50, ішінара бейімделген аз үлестісі – 51,
мүлдем бейімделмеген 37 нысан бар. Осы мәселе
бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы
бірнеше банктерге кедергісіз ортаны қалыптастыру
бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нақты
Жол қателікті кешірмейді
Облыстық прокуратураның жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық
профилактикасы және осы саладағы қылмыстар
бойынша алқа мәжілісі өтті.
Сейділдә ТӨРЕН
Басқосуды облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов ашып, жүргізіп отырды.
Ол өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отыры-
сында жол апаттарынан қазаға ұшыраған азаматтар саны шетелдегі әскери
қақтығыстардағы шығындармен теңеп, бұл саладағы уәкілетті органдардың
жұмысын сынға алғандығын жеткізді.
- Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар мен жәбірленушілердің саны
бірінші орынға ие. Ағымдығы жылдың он айлық статистикалық мәліметіне
сәйкес, облыс аумағында 1073 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардың сал-
дарынан 207 адам қаза тауып, 1658 адам жарақаттанған. Тиісінше, орын
алған жол-көлік апаттары былтырғы жылмен салыстырғанда 28 дерекке,
қаза тапқандар 27, жарақаттанғандар 76 адамға өскендігі байқалады. Өз
кезегінде жол-көлік оқиғаларының көптеп орын алуына көлік жолдарының
қауіпсіздік жағдайына сәйкессіздігі, жолдардың сапасыздығы, жүргізушілер
мен жаяу жүргіншілердің жолда жүру мәдениетсіздігі және жылдамдықты
шамадан тыс асыруы бірден-бір себеп болып отыр,-деді ол. Мұнан соң
облыстық прокуратураның бірінші басқарма басшысы Бекзат Сейілханов
баяндама жасап, 2014 жылы облыс аумағында жолаушылар көліктерінің
қатысуымен 49 жол-көлік оқиғасы тіркелгендігін атай келе, биылғы жылдың
он айында бұл көрсеткіш 59 деректі құрап, 20,4 пайызға өскендігін жеткізді.
Мәселен, қаңтар-сәуір айларында жүргізушілердің қателіктері салдарынан
орын алған жол-көлік оқиғалары нәтижесінде 24 адамның өмірі қиылған.
Жол-көлік оқиғаларының орын алуының негізгі себебі белгіленген жүру
жылдамдығын арттыру (280 дерек), маневр жасау қағидаларын бұзу (232
дерек), жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына шығып кету (83 дерек)
салдары болып отыр екен.
Он айдың қорытындысы бойынша тексерістің нәтижесі көрсеткендей,
жол-көлік оқиғаларының өсуіне автокөліктердің, жолаушылар ағынының ,
«Батыс Европа –Батыс Қытай» транзиттік дәлізі арқылы тасымалдың артуы,
жол қозғалысы қатысушыларының мәдениеті мен құқықтық санасының
төмендігі және уәкілетті органдардың жұмысындағы кемшіліктер септігін
тигізуде. Сондай-ақ Ішкі істер органдары қызметінде көлік құралдарын
басқаруға құқық беруші құжаттарды рәсімдеу барысында, сондай-ақ
профилактикалық жұмыстардың алдын алуда да көптеген өрескел заң
бұзушылықтарға жол берілген. Жалпы облыстық ішкі істер органдарымен
жыл басынан бері соммасы 1 млрд. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар
салынып, оның тек 39 пайызы, яғни 400 млн. теңгесі ғана өндірілген екен.
уақытта қаладағы банктерде орналасқан пандустардың
сапасын іс жүзінде анықтау үшін «Дос-Тараз» бірінші
топ мүгедектер» ҚБ төрайымы Эльмира Ибраева сала
мамандарына еріп жүрді. Нәтижесінде, сырт көзге
біліне бермейтін пандустардың сапасыз, әлемдік
талапқа мүлдем сай келмейтіндігі анықталды. Аталған
қоғамдық бірлестіктің төрайымы қоларбамен банк
пандустарының ыңғайлылығын өзі тексеріп көрді.
Ең бірінші «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ат басын
бұрдық. Бұл жердегі пандус талапқа сай, ыңғайлы етіп
жасалынған екен. Алайда қаржы мекемесінің алдында
пандус ғимараттың қай жағында орналасқандығы
жайлы белгі жоқ және пандустың төбесіне шатыр
орнатылмаған. Ал шатыры жоқ пандустың қыстың көзі
қырауда қиыншылық туғызатыны тағы бар. Сонымен
қатар, аталған нысанның кіреберісінде іштен көмек
шақыратын тетік те орнатылмапты. Инватұрақ та жоқ.
Нысанның ішінде көру мен есту мүшесі нашар жандарға
арналған арнайы белгілер де орнатылмаған болып
шықты. Қаржылық қызмет көрсететін кассалар тым
биік. Мекеме басшылығы мұндай олқылықтарды банкте
жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағандығымен түсіндірді.
- Әрине, қаладағы нысандардың барлығында
пандустар толық сапалы емес. Тіпті, көбінде жоқ.
Дегенмен, жылдан-жылға жағдай жақсарып келеді.
Банктерге барлығымыз келеміз. Әрине, мұндай орын-
дар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы болу
керек. Нақты уақытта осы мәселеге қатысты бізде заң
күші жоқ. Дегенмен, келер жылдан бастап осындай
кемшіліктер әкімшілік құқық бұзушылық болып
есептелетін болады. Мекеменің басшысынан кез келген
жауапты маманға ескерту айтылады. Елбасымыздың өзі
мемлекетімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір
сүруіне толық жағдай жасалу керектігін баса айтты.
Алдағы уақытта қаладағы қажетті деген мекемелерде
пандус мәселесі шешіледі деген үміттеміз,- дейді
Жамбыл облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар
мәселесі бойынша кеңесшісі Руслан Төлегенов. Ал
«БанкЦентрКредит» ғимаратында орнатылған пандус
ешқандай талапқа сай емес. Тіпті қоларбаға жегілген
жанды сүйемелдегеннің өзінде онымен ғимаратқа
кіру мүмкін емес. Одан гөрі баспалдақпен түскен
ыңғайлырақ екендігіне көзіміз жетті. Жалпы қала бой-
ынша барлық талапқа сай жалғыз ғана «АТФ Банкі» АҚ
ғимаратындағы пандусты айтуға болады екен. Жүріп-
тұруға ыңғайлы, шатыры да орнатылған. Дегенмен,
ғимаратқа кірерде іштен көмек шақыруға арналған
тетік дұрыс орнатылмапты. Сонымен қатар, мүмкіндігі
шектеулі азаматтар нысанның дәлізінен ары аттап баса
алмайды. Ішкі баспалдақтарда пандус жоқ. Ал түсіндіру
жұмыстарына бір кісідей атсалысқан мүмкіндігі
шектеулі азаматтар жалпыға ортақ жағдай жасалса
деп отыр. Мәселеге қатысты өткен жылы «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен
өткен түсіндіру жұмыстарында да осындай кемшіліктер
төбе көрсеткен еді. Нәтиже саусақпен санарлықтай ғана.
кедергісіз ортада кемшіліктер азайса...
Суретті түсірген В.Алсуфьев
ұрлық түбі –қорлық
Тәуке хан көшесі бойындағы зираттың металл
қоршауларын ұрламақшы болған қаскөйлер қолға
түсті.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Ұрылар қол батырған бұл қорым
қала ішіндегі ең үлкен қорымдардың
бірі. 140 гектар аумақты алып
жатыр. Бір қарағанда, зират іші
бүтін көрінгенімен, ішіндегі кейбір
зираттарды көріп, жаға ұстауға
болады. Оңай пайданы кәсібіне
айналдырған ұры-қарылар темір
қоршауларды алып кетуді әдеттеріне
айналдырған. Сондай арам ойын
жүзеге асырмақшы болған Тараз
қаласының 20 және 25 жастағы екі
тұрғыны қолға түсті. Оларды қолға
түсіру оңайға соқпаған екен. Бұл
жөнінде «Арнайы рәсімдік көрсету»
мекемесінің директоры Қадырхан
Абдуллаев тіпті жұмыстан бөлек
кезекшілік те ұйымдастырған.
- Ол ұрыларды қолға түсіре ал-
май жүргенімізге екі айға жуықтады.
Істің насырға шапқанын байқап
жұмысшыларды түнгі кезекшілікке
қоюға бел байладым. Олар осы өткен
екі ай бойына үздіксіз кезекшілікте
тұрып келді. Сөйтсем, ұрылар түнде
түспейді екен. Күнделікті таңертең
жұмыс барысын реттеп алған соң, зи-
рат аумағын атпен немесе велосипед-
пен аралап шығамын. Бүгінде сондай
әдетіммен аралап келе жатқанмын.
11:30 шамасында зираттардың ішінен
ұрылған темірдің дауысын естідім.
Дауыс шыққан жаққа жүріп едім,
осы ұрыларды көзім шалып қалды.
Олар қолды қылған металдарды
автокөлікке тиеп, еш қымсынбастан,
кеңсеміздің жанында орналасқан
есікке қарай беттеп бара жатыр екен.
Бірден жұмысшыларыма хабар беріп,
жолдарын бөгеп, қолға түсірдік,-
дейді ұрылардың ізіне түскен
Қадырхан Керімжанұлы. Сондай-ақ
ол ұрылардың жымысқы әрекеттеріне
темір қабылдайтын орындардың
себепші болып отырғандығын және
оларды жабу керектігін жеткізді.
Анықталғандай ұрылар Тараз
қаласының тұрғындары, тұрақты
жұмыстары жоқ 1995 жылы туылған
Дмитрий Дерман мен 1990 жылы
туылған Юрий Монапов. Сонымен
қатар көлік жүргізушісі 1952 жылы
туылған Нышанжан Тұрдықұлов
та бар. Жігіт ағасынан бұл іске
қалай барғанын сұрағанымызда:
«Өзім такси жүргізушісімін. Абай
көшесі бойындағы переезд маңында
тұрғанымда екі орыс жігіті келіп,
3 мың теңгеге осы зиратқа барып
келуімді өтінді. Істің мән-жайын ұғып,
металл артатынымды білгенде, олар
осы зиратта жұмыс істейтіндіктерін
және айлық-жалақыларын ала
алмағаннан кейін басшылық рұқсат
берді деген соң ғана келістім»-дейді
жеңіл көлік жүргізушісі.
Сонымен қатар осы ұрыларды
мекеме қызметкерлерінің тергеуі
барысында қолды қылған темір
қоршауларды өткізетін жерлерін де
анықтады. Ол темір қабылдайтын
жер Ташкент және Лермонтов
көшелерінің қиылысында орналасқан
екен. Тапқан-түйген темірлерін
ылғи сол орынға өткізетіндіктерін
ұсталған ұрылар да мойындап отыр.
Осы уақытқа дейін 15-20 шақты зират
қоршауларының қолды болғандығы
мәлім болып отыр. Сондай-ақ
тұрғызылған бұл қоршаулардың
әрқайсысының құны кемінде 50-60
мың теңгені құрайды екен. Сонда
ұрылар осы екі ай аралықта мил-
лион теңгеден аса шығын келтіріп
үлгерген. Мұнымен қоса, мекеме
директоры тұрғындардан бақилық
болған жақындарының зиратта-
рына қымбат маталдан қоршау
қоймауларын өтініп отыр. Себебі,
зиратты қарауылдау мемлекеттен
соқыр тиын да алмайтын мекеменің
құзіретінде емес. Зиратқа қарауыл
қойып, оны күзету ата-бабамызда
болған емес. Анығын айтқанда,
зиратты қарауылдау адамның ойына
кіріп-шықпайтын дүние екендігі
тағы бар.
спорТ
13
// «ЖаМБыл - ТаРаз» // №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан 2015 Жыл //
ДҮбІРЛЕП ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ ДОДА
«Тараз-Арена» спорт сарайында аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер
арасында халықаралық турнир өтті. Оған 8 мемлекеттің білекті балуандары қатысып,
өзара мықтыны анықтады.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатында
облыс әкімінің бірінші орынбасары
Бекболат Орынбеков мәртебелі мейман-
дар мен күрес десе ішкен асын жерге
қоятын жанкүйерлер алдында сөз алып,
мемлекет қайраткері, халқымыздың
біртуар азаматы Д.Қонаевтың қазақ
мемлекетінің дамуына сіңірген ерен
еңбегін атап өтіп, тарихи тұлғаны еске
алуға арналған халықаралық турнирге
қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Бекболат Серікбекұлының ой-пікірін
қуаттай түскен ҚР Мәдениет және
спорт министрлігінің спорт және дене
шынықтыру комитетінің төраға орынба-
сары Серік Жарасбаев байрақты бәсекені
тұрақты өткізіп келе жатқан облыс
әкімдігі мен жарыстың басты демеушісі
«Altais Group» ЖШС-нің бас директоры
Әлімбек Жұмабаевқа айрықша алғыс
сезімін білдірді. Ал ҚР «Динамо»
дене шынықтыру спорт қоғамдық
ұйымының бірінші орынбасары, ішкі
істер органдарының еңбек сіңірген
қызметкері Асқар Омарқұлов «Дина-
мо-90 жыл» медалімен облыс әкімінің
бірінші орынбасары Б.Орынбековті,
қалалық мәслихаттың хатшысы
Б.Нарбаевты, «Altais Group» ЖШС-нің
бас директоры Әлімбек Жұмабаевты,
дзюдодан әлем чемпионы Е.Сметовті,
сондай-ақ, «Динамолық қозғалысты
дамытуға сіңірген еңбегі үшін»
медалімен Афины олимпиадасының
чемпионы Б.Артаев пен оның бапкері
Н.Ақүрпековті марапаттады.
Мұнан кейін Ресей, АҚШ, Моңғолия,
Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия,
Қырғызстан және Қазақстанның ба-
луандары боз кілем көркін қыздырды.
Алғашқы күні 57, 65,74, 97 келі
салмақ дәрежесіндегі спортшылар
өз шеберліктерін ортаға салды. «Та-
раз-Арена» спорт сарайына ат басын
бұрып, балуандарымызға болысып,
қолдау көрсеткен ағайынның қарасы
да қалың болды. Әсіресе, Лондон
олимпиадасының қола жүлдегері,
жерлесіміз, 74 келі салмақта ел на-
мысын қорғап жүрген Ақжүрек
Таңатаров кілемге беттегенде
көпшіліктің қуанышында шек болма-
Жүректілер жекпе-жегі
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тараз-
Арена» спорт сарайында таэквондодан
«Ордабасы» командалық ойыны мен Джун Ри
шығыс жекпе-жегі бойынша ашық турнир өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына об-
лыс әкімінің бірінші орынбасары
Бекболат Орынбеков пен қала әкімі Нұржан
Календеров қатысып, спортшыларға
сәттілік тіледі.
Жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан,
Шымкент және Ташкент қалаларынан
жалпы саны 8 команда қатысты.
Қатысушылар жас санатына қарай
бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Атап
айтқанда, 6-8 жас, 9-11 жас, 12-14 жас.
Әр ойын үш минуттан үш таймға со-
зылды. Спортшылар жарыс алаңында
барлық шеберліктерін ортаға салып, жеңіс
тұғырынан көрінуге тырысты. Мұны
залда отырған жанкүйерлер де сезіп, жас
батырларға барынша қолдау көрсетті.
Жарыс аса тартысты өтті. Жалпы
командалық есепте бірінші орынды 6
және 7-8 жастағы «Тимур» кәсіби спорт
клубының шәкірттері иеленсе, екінші
орынды 9-11 жастағы «Ястреб» клубының
спортшылары ұтты. Ал жүлделі үшінші
орын 12-14 жастағы балаларды спорттың
Таласқа түссе жан мен ту...
Суретті түсірген В.Альсуфев
ды. Алайда, білекті балуанымыздың
бабы мен бағы келіспеді ме, әйтеуір
бірінші қарсыласы ресейлік Александр
Зеленьковтен айласын асыра алмай,
жарысты аяқтады. Тараздың тағы бір та-
лантты, жас спортшысы 65 келіде сынға
түскен Мейіржан Әшіров балуанға
тән табандылық танытып, жеңіске
жету жолында барын салды. Өкінішке
қарай, жерлесіміз ресейлік Исраил
Касумов пен грузиялық Константин
Кабалашвилиден ұтылып, қола
жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық
жанкүйерлерге алғашқы алтынды
57 келі салмақта Рио-де-Жанейро
олимпиадасының жолдамасын ием-
денген сақа балуанымыз Артас Сана
сыйлады. Батырымыз ақтық сында
отандасы Владимир Кудринді жеңді.
Сөйтіп, алтын және күміс жүлде өз
оғландарымыздың еншісіне тисе,
жүлделі үшінші орындарды ресейлік
А.Антонов пен тағы бір отандасымыз
Ғ.Төлепбай өзара бөлісті.
Ал жарыстың екінші күні мықтылар
бәсекесін 61,70,86 және 125 келі салмақ
дәрежесіндегі балуандар жалғастырды.
Бір әттеген-айы, бұл аталған салмақта
қазақтың намысын қорғаған жігіттердің
ешбірі алтыннан алқа таға алмады. Тек
86 келі салмақта сынға түсіп, финалға
алқынбай жеткен жерлесіміз Қанат
Бердиев күміспен күптелді. Алтын
медаль үшін тартысты өткен жекпе-
жекте ол ресейдің балуаны Даурен
Круглиевтен айласын асыра алмады. Аса
ауыр салмақта грузиндік балуандарға
ешкім тегеурінді қарсылық көрсете
алмай, алтын және күміс жүлде Қап
тауының толағайлары Григорий
С а к а н б е л и з е м е н Д а в и д
Мадзманашвилиге бұйырды. Ал сарапқа
қос қоланы отандастарымыз Дәулет
Шабанбай мен Ғани Ізмағанбетов сал-
ды. Ғани балуан нағыз бабында екенін
дәлелдеп, қарсыласын небәрі 2 минутта
таза ұтты.
Сонымен екі күнге созылған күрес
додасы да аяқталды. Жалпы командалық
есепте теріскейлік көршіміз Ресей
елінің балуандары 3 алтын, 2 күміс, 2
қола жүлде еншілеп, бірінші орыннан
көрінсе, 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдеге
қол жеткізген грузиндер екінші орынға
табан тіреді. Ал жарыс қожайыны қазақ
балуандары 1 алтын, 4 күміс,13 қола
медальмен үшінші орыннан табылды.
Бір айта кетерлігі, Әлімбек
Әсембекұлындай атымтай жомарт аза-
мат демеушілік ететін доданың жүлде
қоры 100 мың АҚШ долларын құрады.
Бірінші орын иегерлеріне 5 мың АҚШ
доллары табыс етілсе, 2-орынға 3 мың
АҚШ доллары, ал үшінші орынға 1 мың
АҚШ доллары тарту етілді. Мұнымен
қоса, жанкүйерлер арасында лотерея
ұтыстары ойнатылып, одан түскен
қаржы мүгедек баласы бар 6 отбасына
теңдей бөлініп, әрқайсысына 300 мың
теңгеден үлестірілді.
Тұңғыш Президент
күніне арналды
1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президенті күніне орай жеңіл атлетикадан жарыс
өтті. Елбасын ұлықтау және саламатты өмір салтын
дәріптеуді мақсат тұтқан жарысқа 500-ге жуық
адам қатысты. Спорттық шарада қала әкімі Нұржан
Календеров сөз алып, барша тараздықтарды
мерейлі мерекемен құттықтады.
Нұржан Сәбитұлы өз кезегінде, тәуелсіз
еліміздің іргетасын қалап, жарқын
болашаққа жол ашқан мемлекет бас-
шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сая-
си тұлғасына тоқталып, Елбасының
ө з і с п о рт п е н т ұ р а қ т ы т ү рд е
шұғылданатынын алға тартты. «Дені
саудың – тәні сау» деген шаһар басшы-
сы барша қала тұрғындарын спортпен
тұрақты түрде айналысуға шақырды.
Аталған спорттық іс-шараға он
сегізден асқан қаладағы мемлекеттік
мекемелердің, кәсіпорындардың
қызметкерлері мен қала тұрғындары,
студент жастар қатысты. Жеңіл атлет-
тер жарысты ҚР Тұңғыш Президенті
саябағынан бастап, «Достық» алаңына
дейін жүгіріп өтті.
Мерекелік көңіл-күй тараздықтардың
бал-бұл жайнаған жүздерінен анық
көрініп тұрды. Үлкені де, кішісі де
бір-біріне ілтипат танытып, ыстық
ықыластарын білдіріп жатты.
- Бүгін қазақстандықтар үшін өте
айрықша күн. Биыл төртінші рет атап
өтіліп отырған мереке аз уақыттың ішінде
жалпы халықтық мейрамға айналды. Біз
дана да дара Елбасымызбен мақтанамыз.
«Мәңгілік ел» болуды мақсат тұтқан
Көшбасшымыз аман болып, Қазақ елі
көркейе берсін деп тілеймін,-деді қала
тұрғыны Балнұр Қойшыбаева ағынан
жарылып.
Жарыстың қорытындысы бойын-
ша, көш бастап келген желаяқтарға
қала әкімдігі дене шынықтыру және
спорт бөлімінің Грамотасы мен естелік
сыйлықтар тарту етілді.
Желаяқтар жарысын облыс әкімдігі
дене шынықтыру және спорт басқармасы
мен қала әкімдігі ұйымдастырғанын атап
өткен жөн.
осы түріне баулып жүрген тараздық «Тай-
чи» клубына бұйырды.
- Ойын кезінде спортшылардың
өзара қолдау көрсету сезімі, ерік-жігер,
төтенше жағдайларда ойлау қабілетінің
жылдамдығы, патриоттық және
жауапкершілік сезімдері оянады. ҚР
Тұңғыш Президенті күніне арнайы осын-
дай айтулы турнирді ұйымдастырған
қала әкімдігі дене шынықтыру бөліміне
алғысымды білдіремін, - дейді «Ордаба-
сы» командалық ойыны федерациясының
президенті Руслан Исмазов.
Сондай-ақ ол қазір «Ордабасы» тек
Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар
көрші мемлекеттерге жақсы таныс екенін,
келесі жылы Өзбекстан, Қырғызстан және
Ресейдің Санкт-Петербург қаласына ат ба-
сын бұруды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Жарыс қорытындысына сәйкес
жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапат-
талды.
Бетті дайындаған Индира БАЙҚОНЫС
14
// «ЖаМБыл - ТаРаз» // №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан 2015 Жыл //
бюдЖеТ
Бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының
ШЕШІмІ
(кезектен тыс қырық алтыншы сессия)
Тараз қаласы № 46-3 2015 жылғы 25 қараша
«2015-2017 жылдарға арналған
қалалық бюджет туралы» Тараз
қалалық мәслихатының 2014 жылғы
24 желтоқсандағы №37-3 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Сана
ты
Сыныбы
Iшкi сыныбы
Атауы
Сомасы,
мың теңге
1
2
3
I. КІРІСТЕР
29452916
1
САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР
6663535
01
Табыс салығы
2246617
2
Жеке табыс салығы
2246617
03
Әлеуметтiк салық
1749548
1
Әлеуметтік салық
1749548
04
Меншiкке салынатын салықтар
1873457
1
Мүлiкке салынатын салықтар
1087376
3
Жер салығы
217890
4
Көлiк құралдарына салынатын салық
567831
5
Бірыңғай жер салығы
360
05
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар
542441
2
Акциздер
62720
3
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер
107500
4
Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар
360722
5
Ойын бизнесіне салық
11499
07
Басқа да салықтар
500
1
Басқа да салықтар
500
08
Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік
органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер
250972
1
Мемлекеттік баж
250972
2
САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР
124652
01
Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер
46219
1
Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері
2449
5
Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
43279
9
Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер
491
02
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер
138
1
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер
138
03
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын
мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері
1301
1
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын
мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері
1301
04
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
19327
1
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен
(шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
19327
06
Басқа да салықтық емес түсiмдер
57667
Достарыңызбен бөлісу: |