4-7-бет. «Ер Тарғын» елдің болашағы


ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата03.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#7073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

     Сағи БЕЙСЕНБЕКОВ, 

Жамбыл облыстық ауруханасының бас дәрігері, меди-

цина ғылымдарының кандитаты,облыстық маслихаттың 

депутаты

  Жолдаумен  танысып  отырып,    еліміздің  Президенті 

Н.Назарбаев – қазіргі  әлемдi жаҺандық дағдарыстан құтқаруға 

тырысып, жан салып жүрген бiрегей тұлғалардың бірі екенін ерек-

ше атап өткен жөн. Ол халқымыздың осы қиын-қыстау кезеңнен 

аман-есен шығарудың жолын іздеп, тынымсыз шарқ ұрып жүрген 

елін сүйген, көреген, аптал азамат. Оны Елбасының биылғы Жол-

дауынан анық сезіндік.

    Халықтың  денсаулығын  қорғау  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  стратегиялық  бағдарының  басты 

басымдықтарының бірі болып табылады. Өмір көрсеткендей, 

мемлекетіміз үшін бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі халық 

денсаулығының  жақсаруы,  орташа  өмір    сүру  жасын  ұзарту 

болып  отыр.  Ой  таразасына  салсақ,  тек  соңғы  жылдардың 

өзінде бұл салада елімізде қаншама  жағымды жаңалықтар енгізілді, жарқын жетістіктерге қол 

жеткіздік. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша елімізде 100-деген жаңа ғылыми 

медициналық орталықтар, ауруханалар, клиникалар, медициналық пунктер пайдалануға берілді. 

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүздеген мамандар алдыңғы қатарлы шет 

елдің клиникаларында оқуда болып, тәжірибе алмасып, оларды өзімізге батыл енгізіп жатыр. 

Кардиохирургия, травматология, нейрохирургия саласы жаңа деңгейлерге көтерілді. Отандық 

медицинада заманауи талаптарға сай, инновациялық технологиялар күнделікті іс-тәжірибеде кең 

қолданылуда. Биылдың өзінде трансплантология қызметінде елеулі істер атқарылды. Орта Азия 

мемлекеттері арасында бірінші болып біздің елде жүрек, бауыр, ұйқы безі ағзалары алмастыры-

лып салынды.  Енді 2016-2019 жылдарға бағытталған «Денсаулық» бағдарламасы қабылданды. 

Онда халық денсаулығын одан әрі жақсарту, медициналық жаңа технологиялар енгізу, жұқпалы, 

қауіпті және де басқа ауруларды, өлім-жітімді азайтып, еліміздің тұрғындарының орташа жасын 

73-ке жеткізу жоспарланып отыр. 

Медицина қызметкерлерінің жалақысын 28 пайызға арттыру, денсаулық сақтау саласына 

келер жылы қомақты қаржы бөлініп отырғаны да қуантарлық жайт. Адам өмірін ұзартып,  оның 

денсаулығын жақсарту - егеменді еліміздің басты мақсаты екеніне тағы көзіміз жетіп отыр.

Ануарбек АЙмЕНОВ, 

э.ғ.д., м.Х.Дулати атындағы Тараз 

мемлекеттік университетінің профессоры

Біздің  Президент  өзінің  «Қазақстан  жаңа 

жаһандық  нақты  ахуалда:  өсу,  реформалар, 

даму»  жаңа  қатерлері  мен  тың  мүмкіндіктері 

қатар өрбіген жаһандық нақты ахуалда дамудың 

басты бағыттарын айқындап, кезекті Жолдауын 

Қазақстан  халқына  жария  етті.  Қазақстанды 

дамыған 30 елдің қатарына қосу бағдарламасын 

Елбасымыз  ұсынған  5  институционалдық  ре-

формалар  құрайды.  Реформаларда  қарапайым 

халықтың  әл-ауқатын  арттыру  мәселелері, 

мемлекетіміздің  әлеуметтік-экономикалық 

дамуын жеделдету мәселелері қарастырылған. 

Еліміздің  алдына  халқының  әл-ауқатын 

жақсартуды  жалғастыру,  мемлекет  негізін 

құрайтын адам капиталын дамыту міндеттері қойылып, жаңа әлеуметтік 

саясат ұсынылды.  

Биылғы  Елбасы  Жолдауының  білім  саласы  қызметкерлері  үшін  де  орны 

ерекше  болды.  «Нұрлы  жол»  даму  бағыты  аясында  жастардың  болашаққа 

деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету 

жолында  жастардың  үлесі  зор  екендігін  баса  айтты.  Болашақта  тәуелсіз 

еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар 

отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ.

Қазақстандықтар  алдында  Елбасы  үлкен  мақсаттар  мен  міндеттерді 

атап өтті. Соның бірі - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру арқылы 

өркениетті дамыған 30 елдің қатарына кіру. Қазақстанның толық мүмкіндіктері 

бар екенін Жолдауда нақты атап өткен. 30 елдің қатарына қосылу тек экономи-

каны, технологиялық-саяси жүйені модернизациялаумен шектелмейтіні белгілі. 

Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, 

ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Біз көлденең шыққан 

кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам 

басамыз.  

ЕЛІмІЗ ӘРІ ҚАРАЙ ДАмУ ЖОЛЫНДА

ДАғДАРЫСТАН ШЫғУДЫң БАСТЫ БАғДАРЫ

ҚАЗАҚСТАН 

ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:        

ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

Басы 4,5,6-беттерде. 

Таяудағы  онжылдықта  Қазақстанның  алдында  тұрған 

міндеттер:

- экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде 

қамтамасыз ету;

-  өңделген  тауарлардың  экспортын  2015  жылмен 

салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 

миллиард долларға дейін жеткізу;

- экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 

миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл 

ішінде – кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;

- 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек 

өнімділігін 2 еседен астамға арттыру.

Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек экспорттық 

табыстар ағынын мүмкін ететін жаңа драйверлер қалыптастыру 

есебінен ғана қамтамасыз етіле алады.

Жаңа жаһандық нақты ахуалдың мәні тек әртараптандырылған 

экономиканың ғана  жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы 

тұра алатынында болып табылады. Сондықтан да біз индустри-

яландыру бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаңа 

инвестициялық саясат керек.

Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре 

отырып, жеке инвестициялар тарту маңызды. Біз «күрделі 

инвестициялар» тарту үшін оңтайлы орта қалыптастыруымыз 

керек. Осы жылы «Астана» Халықаралық қаржы орталығын 

құру туралы шешім қабылданды. Ол исламдық қаржыландыру, 

приват-банкинг және қайта сақтандыру салаларында өңірлік хаб 

болады. Қазақстан күшті институттары, білікті, тиімді және бол-

жамды үкіметі бар өңірдегі көшбасшы-елге айналуы тиіс. Бізде  

озық техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдар 

болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардың жеке қауіпсіздігі 

қамтамасыз етілуі керек.

Инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформа-

ларды әрі қарай жалғастыру ЭЫДҰ  және басқа да халықаралық 

қаржы институттарымен бірлесіп жүргізілуі тиіс. Үкіметке үш 

ай мерзім ішінде инвестициялық ахуалды жақсартудың егжей-

тегжейлі жоспарын жасап ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, 

инвесторлармен жұмысты белсенді ете түсу үшін инвесторлар 

тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған 

Үкімет кеңесін құруды тапсырамын. Өңірлерде жергілікті 

маңыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартуға 

қажетті осындай кеңестер құру керек.

Екіншіден, экономикалық өсімнің өңірлік драйверлерін 

қалыптастыру  маңызды.  Барлық  инвестициялық  жоба-

лар  тікелей  өңірлерде  жүзеге  асырылады.  Сондықтан,  6 

макроөңірлер – Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, 

Алматы, және Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажет. 

Жалғасы 7-бетте.

Ірі өңірлік жобалар айналасында шағын және орта бизнесті да-

мыту керек. Сондықтан, кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол 

картасы-2020» бағдарламасы макроөңірлердің инвестициялық 

бағдарламаларының бір бөлігі болуы тиіс. Еңбек ресурстарының 

жұмылғыштығын жоғарылату бойынша, бірінші кезекте, еңбек 

күші артық өңірлердің еңбек күші жетіспейтін өңірлерге мигра-

цияларды ынталандыруға бағытталған шараларды алдын ала 

қарастыру қажет.

Макроөңірлер  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасы  шеңберінде 

құрылатын біртұтас көліктік, логистикалық және коммуникациялық 

құрылым аясында бірігулері тиіс. Қазіргі кезде «Орталық – 

Оңтүстік», «Орталық – Шығыс», «Орталық –Батыс» шешуші 

бағыттары бойынша 11 жоба жүзеге асырылуда. «Боржақты – Ер-

сай», «Алматы – Шу» теміржол желілері мен Құрық портындағы 

паромдық өткел құрылыстары жүргізілуде. Бұл жобалар қазірдің 

өзінде 72 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Үкіметке аталған 

бағдарламаларды жүзеге асыру ісін белсенді ете түсуді тапсы-

рамын.

Сонымен қатар, экономикалық конъюнктураны есепке ала 



отырып, қаржыландыру көздерін әртараптандыру қажет. Менің 

ҚХР-ға сапарым барысында ЭксимБанкпен 2,6 миллиард доллар 

сомасында займ тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір 

мемлекеттік бюджет есебінен көптеген жолдар салынып жатыр. 

Бірақ, бұл жобаларға шетелдік және жергілікті инвесторларды да 

тарту керек. Жақын болашақта «Нұрлы Жол» бағдарламасы жо-

баларына жеке капиталды тарта отырып, қаржыландыру моделіне 

келтіру керек.



Үшіншіден, қазір әлемдік және өңірлік рыноктарда экспорттық 

тауашаларды белсендірек игерген жөн. Біз жақын жатқан елдердің 

экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Бірінші ке-

зекте, бұлар –Қытай, Ресей, Иран, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан, 

Орталық Азия және Кавказ елдері. Аталған елдер жыл сайын 3,5 

триллионнан астам доллардың тауарлары мен қызметтерін импорт-

тайды. Еуразиялық экономикалық одаққа шешуші өңірлік рынок-

тармен еркін сауда туралы келісім жасасу қажет. Үкімет аталған 

мәселелерді біздің әріптестерімізбен бірлесіп жасап, бәріміз үшін 

пайдалы етіп шешуі тиіс. СІМ-ге осы міндеттерді орындау үшін 

Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінің барлық ресурстарын 

іске қосу қажет.



Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін 

барынша дамыту қажет. Техникалық және кәсіби білім беру 

инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл 

үшін Германиямен, Канадамен, Австралиямен және Сингапурмен 

кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз 

үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің моделі болады.



Жолдау-2015

7

//   «ЖаМБыл - ТаРаз»  //  №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан 2015 Жыл  //



Бесіншіден, Қазақстан экономикасының инновациялық 

әлеуетін арттырған жөн. Болашақтың экономикасын құру 

үшін негіз қалау маңызды. Смарт-технологиялар, жасан-

ды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, 

болашақтың энергетикасы, жобалау және инжиниринг сала-

ларында біліктілікті дамыту қажет. Мұны тек тиімді ғылыми-

инновациялық  жүйе  құру  арқылы  ғана  жасауға  болады. 

Назарбаев Университеттің  «Астана бизнес кампусы» хайтек-

паркінің базасы мен Алматыдағы «Алатау» технопаркінде 

қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері мен 

инновациялық кластерлері оның негізіне айналады. Астанада 

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу 

бізге «жасыл технологияларға» негізделген жаңа энергетиканы 

белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік береді.



БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге 

белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын 

бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық 

дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономика-

мыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез 

қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда 

әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш 

бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік 

басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан 

асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін 

қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.

Экономикалық  тәуекелдерге,  жалпы,  ештеңеге  де 

қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге 

асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 

орташа  алғанда  –  28  пайызға  дейін,  білім  беру  саласы 

қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы 

қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. 

Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына 

қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы 

мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты 

әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, 

стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 

қаңтарынан бастап біз инфляция  деңгейінің алдын ала отырып, 

ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы 

«Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 

пайызға арттырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны біз 

бюджеттік шығындарды оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. 

Осылайша біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің 

халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!

Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерге 

сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын со-

зып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы 

тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем – бұл жай бюджетке 

ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша 

салмақ.  Әлеуметтік  әділеттілік  идеясы  жұмыс  істейтін 

қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке айналмауы 

тиістігін нақты түсіну керек. Бұл – солардың ақшасы!

Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы  ғана  сыртқы 

сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға 

қабілетті. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында 

Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін 

еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. 

Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары 

жүзеге асырылған осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда 



ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды 

мақпал мыРЗАХмЕТОВА, 

майра ТЕміРБЕКОВА,

Жамбыл  политехникалық колледжі,

мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің оқытушылары 

Елбасының әрбір Жолдауы ел қамы үшін екені белгілі. Бүкіл әлемге ке-

мел саясатымен танылған Елбасы өзінің «Жаһандық басты бағыт, жаңа 

мүмкіндіктер» атты Жолдауында әлемдік дағдарыс  жағдайында біздің елдің 

қолданатын іс-әрекеттері туралы айта келіп, әлемде қалыптасқан  қазіргі 

ахуал елдерді тығырыққа тіреп тұрғанын, осындай қиын-қыстау кезеңде 

бірлік пен ынтымақтың маңызы аса жоғары екенін айрықша атап өтті. 

«Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде тоқырау жылдары басталғанын бәріміз 

білеміз. Дүкендерде сатылымға шыққан ешбір өнім болмады, халыққа  не 

айлық, не зейнетақысын төлей алмадық,  қазақ елі нағыз қиындықтың бел 

ортасында еді. Одан да өттік. Бүгінгі қиындықтан да өтеміз» - деп атап 

өтті Елбасы. 

«Тәуелсіздік  жылдары  көптеген  ауруханалар  мен  мектептер,  бала-

бақшалар салынды. Дәрігерлерімізді қиын оталарды өз елімізде жасайтын 

дәрежеге жеткіздік. Жалпы халықтың денсаулығының түзелуі нәтижесінде 

бала туу көрсеткіші өсіп, халықтың санын көбейгенін еске салды. Сонымен 

бірге  президент  Қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы соңғы 10 

жылдың ішінде 64 жастан 72-ге дейін өсті. Мұндай жылдам өсу ешбір елде кез-

дескен емес. Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерді өз 

деңгейінде орындап келеді. Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің 

жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 

пайызға дейін көбейетінін, осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен 

қарап, алаңсыз өмір сүруіне негіз болады», – деді Елбасы.

2017 жылдан бастап құн  салығының орнына сауда-саттықтан түсетін 

салық түрін енгізіп, тиімсіз салықтық жеңілдіктердің барлығынан бас тар-

тып, салық жүйесін оңтайландырып, салықтың тек үш түрін қалдыру керек. 

Біріншісі, бәрімізге белгілі үш ортақ салық. Екіншіден, жеке кәсіпкерлерге 

арналған салық, үшінші салық түрі ретінде шағын және орта кәсіпкерлік пен 

аграрлық секторға арналған арнайы салық режимі. Осы жылы техникалық 

және кәсіптік білім беру мекемелерінде тегін оқыту жүзеге асырылатын 

болады.  

Бекбол ҚАЙыпчАЕВ,

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Ғылыми-

тәжірибелік дене   шынықтыру орталығының директоры

Жыл сайынғы  Жолдауларында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  

Назарбаев    елдің  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік-мәдени  

тірлігінің  негізгі  бағыттарын  айқындап  келеді.  Сан  саланы 

қамтыған Жолдаудың негізінде бағыт-бағдарымыз анықталып, 

жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізілуде.  Мемлекет  басшысының 

сындарлы саясатының дұрыстығын халқымыз еліміздегі өркенді 

өзгерістер арқылы көріп отыр. Биылғы Жолдау «Қазақстан жаңа 

жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»  тақырыбында 

болды. Ел дамуына серпін беретін бұл стратегиялық маңызды 

құжат бұрынғылардан ертерек жолданып отыр. 

Мемлекет басшысының әлемді жайлаған дағдарыстың қоғам 

дамуына қиындық тудырумен қатар, одан шығудың жолдарын 

тауып, мүмкіндіктерді барынша кәдеге асыруға жігерлендіретін 

қуаты бар екендігін баса көрсеткені ерекше қанағат сезімін ту-

дырады. Елбасы дағдарыс тығырығынан шығу, жаңа белестерді 

бағындыру, қандай қиындықтар болса да, әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан 

таймау  үшін  5  халықтық  реформаны  жүзеге  асыратын  100  ұлт  қадамына  қуат  беретін 

5  міндетті  айқындап  берді.  Олар  қаржылық  секторды  тұрақтандыру,  бюджет  саясатын 

оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвести-

циялар тарту, жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру. Айтылған бағыттардың әрқайсысы 

бағдаршам ретінде аса маңызды.

Жалпы, мемлекеттің жағдайын жақсарту үшін, ең алдымен, онда өмір сүретін адамдардың 

әлеуметтік-материалдық мүмкіндігі дұрыс болуы тиіс. Осыны жақсы ескерген Президент 2016 

жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, денсаулық сақтау – орташадан 28 пайызға дейін, білім беру 

саласы 29 пайызға дейін, әлеуметтік қызметкерлердің  жалақысын 40 пайызға дейін көтеруді 

айтты.  Бұл қазіргідей тығырық пен дағдарысқа тірелген уақытта халықты әжептеуір серпілтіп 

тастайтын жақсы жаңалық. Елбасы қашан да қоғамды және оның басты байлығы – адамның 

жағдайын бірінші кезекке қойып келеді. Биылғы Жолдаудың маңыздылығы да осы болса керек.   

Елбасы «рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар» дей келіп, 

қазақстандықтардың жасампаздығына үлкен сенім артып отыр. Ал сенімнің жауапкершілік 

жүктейтінін біз жақсы білеміз.

 ҰЛТ ЖОСПАРЫ - БАСТЫ БАғЫТЫмЫЗ

ЖАУАПКЕРШІЛІгІ ЖОғАРЫ ҚҰЖАТ

Соңы. Басы 4,5,6-беттерде.

дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек 

рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. Кадрларды 

кең ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау мен біліктілігін артты-

ру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу 

кеңеюде.


Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. 

Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды 

қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз 

етумен шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж 

адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын 

бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар ақшаны өздері, 

өздерінің еңбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздың жекеле-

ген топтарының ерекше сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудің 

ең төменгі деңгейінің құрылымдарын қайта қарау және оның түрлі 

деңгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік 

қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді 

тапсырамын.

Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта 

оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде 

ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай 

түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік 

саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең 

ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған 

бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салала-

рын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап 

жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» 

бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға 

кірісуді тапсырамын.

Қазақстанның жас азаматтары!

 Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап 

дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар.   

Шеберліктің шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі жақсы. Қазір 

техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған 

заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника 

меңгерген адам озады.  Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз 

жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан 

қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.

* * *

Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге 

шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен 

де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының 

жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік 

тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті 

түрде кәделеріңе жарайды.

Тұтастай алғанда, Жолдауда ілгерілетіп отырған шаралардың 

барлығы  нақты  сипатқа  ие  және,  әдеттегісінше,  сенімді 

қаржыландырумен қамтамасыз етілген. 2014-2015 жылдары шағын 

және орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге бөлініп үлгерілген 

болатын. «Нұрлы Жол» бағдарламалары жобаларына – 2,7 триллион 

теңге. 2,7 триллион теңге Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдары 

тарапынан бөлінді. Қытай Халық Республикасы 2,7 миллиард доллар 

көлемінде несие берілді. Тұтастай алғанда, осы Жолдау жобаларын 

жүзеге асыруға 7,5 триллион теңге тартылмақ. Осы қаржыларды 

тиімді пайдалану – Үкіметтің басты міндеті және жауапкершілігі.

 Қиындықтарды еңсеруде біз жалғыз емеспіз. Өзіміздің салмақты 

сыртқы саяси қызметімізбен біз бүкіл әлем бойынша көптеген достар 

таптық. Олар бізді қолдап келеді. Сіздер менің сапарларыммен әлемнің 

жетекші елдерінің көшбасшыларымен келіссөздерімнің куәгерлері 

болдыңыздар. ҚХР-мен 23 миллиард долларға шикізаттық емес 

сектордағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Бұл – 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынады деген сөз. Лондон мен 

Парижге сапарларым да, экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан 

алғанда, табысты болды. Жасалған келісімшарттардың жалпы сома-

сы 11,5 миллиард долларды құрайды. Елімізге Ресей Президентінің 

сапары біздің дәстүрлі ізгі көршілестік қарым-қатынастарымыздың 

тұрақтылығы мен беріктігін  және экономикалық интеграцияның 

дамып келе жатқанын көрсетті. Жапония премьер-министрінің 

сапары инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың 

көкжиегін кеңейтетін болады. Бізге тұңғыш рет «Тойота» концерні 

келіп, Қазақстанда автомобильдер шығарады.

Басты  нәтижелердің  бірі  бізге  халықаралық  қаржы 

институттарының жоғары сенімі болып табылады. Осындай күрделі 

кезеңде біздің реформаларымызды қолдай отырып, олар 9 миллиард 

доллар көлеміндегі қаржы ресурстарына қол жеткізуімізге жол ашты. 

Біз Еуропалық Одақпен тереңдетілген әріптестік пен ынтымақтастық 

туралы келісімге қол қойдық. Біз әлемдік қоғамдастықпен ядросыз 

әлем үшін, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте біргеміз. Біз 

кез келген жанжалдардың бейбіт жолмен шешілгенін қалаймыз және 

осы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

Дүниежүзінде біз бастаған реформалар туралы, Жүз қадам 

туралы жақсы біледі және оларды қолдайды. Біз достарымыздың 

көңілін қалдырмауға тиіспіз. Бұл реформалар, мен аталған Жолдауда 

алға қойған олармен өзара байланысты міндеттерді орындау оңай 

болмайды, мүмкін, тіпті, ауыр соғуы ықтимал. Бірақ, оларға балама 

жоқ. Егер біз осының бәрін жасамайтын болсақ, онда әлемдік дамудан 

үмітсіз кейіндеп қаламыз. Бірақ біз, әдеттегідей, белгілегендеріміздің 

бәрін жасаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет