4-7-бет. «Ер Тарғын» елдің болашағы



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата03.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#7073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

жүзеге асыру 

сұрақтары бойынша 

республикалық акция 

аясында қабылдау 

өткізді.

ақшаға айырбасталмас тағдыр... 

  Суретті түсірген В.Алсуфьев


10

//   «ЖаМБыл - ТаРаз»  //  №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан   2015 Жыл  //

орТа

ұЛАНЫМЫЗ ұЛЫ ЕЛДІҢ

 

„

Қалалық мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне орай «Жас ұлан» балалар 



мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өтті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты 

мәселелері басқармасының қолдауымен өткізілген 

салтанатты шараға аудандық және қалалық «Жас 

Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 

ұланбасылары, үйлестірушілері, тәлімгерлері, 

белсенді жасұландықтар, «Жас Қыран» және 

«Жас Ұлан» қатарына қабылданатын үміткерлер 

қатысты. Жиында алдымен өңір оқушыларына 

жаңа бағыт беріп, ұлттық және жалпы адамзаттық 

құндылықтарға  сәйкес рухани дүниесі кең тұлға 

қалыптастырып, балалар мен жасөспірімдерді 

қазақстандық  патриотизм  рухына  тәрбиелеп 

жүрген  «Жас  Ұлан»  ұйымының  жаңадан 

сайланған ұланбасы қатарластары алдында сал-

танатты түрде ант берді. 

Жас  белсенділердің  жиынына  арнайы 

қонақ болып келген өңір жастарының жана-

шыры, облыстық жастар саясаты мәселелері 

басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев 

«Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданғалы 

тұрған оқушыларға ыстық лебізін білдірді. 

- Әрбір азаматтың өмір кезеңінде тарихи 

ұмытылмас сәттер болады. Бүгін барлығымыз 

сол бір тарихи кезеңнің куәсі болып отырмыз. 

Себебі  осыдан  төрт  жыл  бұрын  Елбасының                               

отан деп соққан жүрегі...  

  Суретті түсірген Е.Пак



Мәні мол кездесу

 

„

Төле би атындағы №8 мектеп-



гимназияда «Мектептерде білім беру 

сапасының деңгейі қандай?» тақырыбында 

еркін форматты кездесу өтті. 

Сейділдә ТӨРЕН

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 

мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық профилактикасы 

басқармасының басшысы Нұрлан Еркебаев, Тараз қаласы әкімдігі 

білім бөлімінің басшысы Гүлзия Заурбекова мен қала мектептерінің 

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының мүшелері қатысты. Аталған 

шараның басты мақсаты - қаламыздағы  білім сапасын талқылау, кешегі 

мен бүгінгі оқушылардың жай-күйі турасында ой өрбіту. Сондай-ақ 

оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін 

қалыптастыру. Жиынды «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының 

Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек 

Дастан жүргізіп отырды.

Кездесу негізінен, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша 

департаменті басшысының орынбасары –Тәртіптік кеңестің төрағасы, 

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырыс 

шеңберінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» 

ЗТБ-мен  бекіткен  Тараз  қаласында  «Сыбайлас  жемқорлыққа 

төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар 

ұйымдастыру» тақырыбы бойынша өтті.

Кездесуде  алғаш  болып  сөз  алған  Нұрлан  Тәңірбердіұлы 

оқушылардың тәлім-тәрбиесі туралы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ 

ол мәдениеттің мектеп жасынан бастау алатындығын жеткізді. Ол 

мәдениет мектептегі алған тәрбиемен қалыптасатындығын да тілге 

тиек етті. Мұнымен қоса, өзі қызмет атқаратын департаменттің 

жұмысы туралы  мәлім етті. Қалалық білім бөлімінің басшысы 

Гүлзия Расылханқызы «нөлдік төзімділік», «мүлдем төзбеушілік» 

қағидаттарының алдын алу мен шешу жолдарын түсіндірді. Ал, «Жас 

ұландықтар» қоғамға зияны көп тиіп жатқан жемқорлыққа қарсы 

төзбеушілік иммунитетінің жоғары екендігін байқатты. Жиын бары-

сында немқұрайлы болмау, маргиналды жастардың қатарының  көбею 

себебі әлеуметтік желілердің әсерлері сарапталып жасөспірімдерге 

түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

бастамасымен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар 

мен жасөспірімдер ұйымы құрылған болатын. 

Мінекей, сол аталған ұйым өзінің қатарына 70 

мыңдай жас ұландықтар мен жас қырандықтарды 

топтастырып, облысымыздағы үлкен ұйымға ай-

налды. Көптеген қоғамдық-саяси жұмыстардың 

басы-қасында  болып,  мемлекеттік  жастар 

саясатына атсалысып жүрген жас достарымыз 

үшін  шын  жүректен  қуаныштымыз.  Қандай 

қиын-қыстау кезеңде болсын елін, жерін сүйіп 

халықтың  баласына  айналған  Елбасы  әрбір 

жастың, азаматтың, халықтың жағдайын ойлап, 

бейбітшілік пен тұрақтылықты  сақтаудың жо-

лында қызмет етуде. Сондықтан да біз сендердің 

бүгінгі Елбасының жас көмекшілеріне айналып, 

бейбітшілік пен тұрақтылықты бағалай біліп,  

мемлекеттің біз үшін жасап жатқан жағдайын 

дұрыс пайдалана отырып, сапалы білім алып 

және  ұлттық  құндылықтарымызды  ұмытпай, 

еліміздің  болашағына  айналатындықтарыңа 

сенеміз,-деген Еркебұлан Есенғалиұлы алдағы 

уақытта жас ұландықтар мен жас қырандықтарға 

көмек көрсетіле беретіндігін атап өтті. Сондай-

ақ мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс 

іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың 

директоры  Шариякүл  Кашкенова  да  жас 

белсенділерге  ыстық  ықыласы  мен  сенімін 

жеткізді.  Мұнан  кейін  жас  ұландықтардың 

қатарына  жаңадан  қабылданған  оқушыларға 

туымыз  түстес  галстук  пен  төсбелгі  табыс 

етілді.  Өз  кезегінде  жас  ұландықтар  «Біздер 

Қазақстан Республикасының патриоты болуға, 

мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және туған 

жерімізді,  елімізді,  Отанымызды  мақтаныш 

етуге уәде береміз. Ата-анамызды қадірлеуге, 

үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, оқуда озат, 

еңбекте  адал  болып,  салауатты  өмір  салтын 

сақтап, Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, па-

расатты, отансүйгіш азаматтары боламыз деп 

сендіреміз!»-деп салтанатты түрде ант етті. 

-  Бүгінгі  біздің  іс-шарамыз  облыстық 

жастар  саясаты  мәселелері  басқармасының 

қолдауымен  өтті.  Бұған  дейін  де  бірнеше 

іс-шаралар  өткізгенбіз.  Бұл  шара  -  сол 

шаралардың қорытындысы. Біздің  әр ауданда 

өз  бірлестіктеріміз  бар.  Жас  ұландықтардың 

қатарына әр ауданнан белсенді деген 5 оқушыдан, 

жалпы 50 оқушы қабылданып отыр. Негізінен, 

бүгінгі жиынның мақсаты жаңадан келген бала-

ларды салтанатты түрде қатарымызға қабылдау 

және  жас  ұландықтардың  басын  бір  арнада 

тоғыстыра отырып, тығыз қарым-қатынас орнату 

болып табылады,-деді облыстық «Жас Ұлан» 

балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы 

Гүлмира Орынбайқызы.

Жиын  одан  әрі  оқушылардың  концерттік 

бағдарламасына ұласып, облыстың қоғамдық-

саяси өміріне белсенді түрде қатысып жүрген 

жас ұландықтардың Алғыс хаттармен марапат-

талуымен қорытындыланды. 



Тіл –достықтың дәнекері

 

„

Қалалық 



мәдениет үйінде 

«Жастардың 

жарқын болашағы» 

жастар қоғамдық 

бірлестігінің 

ұйымдастыруымен 

өзге ұлт өкілдері 

арасында «Тіл- 

достықтың 

дәнекері» 

атты облыстық 

байқауының 

қорытынды концерті 

өтті. 

Айару БИДІЛДӘ

Шараға Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, 

облыстық және аудандық іріктеу сындарының жеңімпаз ко-

мандалары,  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындарының 

студенттері  мен  мектеп  оқушылары  қатысты.  Байқауды 

өткізудегі басты мақсат – өңірде мемлекеттік тіл саясатын на-

сихаттау, тілдік орта қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін 

арттыру, жастардың тілді үйренуге деген қызығушылықтарын 

ояту,  сондай-ақ  өзге  ұлт  өкілдерінің  қазақ  тілін  тереңірек 

меңгеруіне ықпал ету. 

Еліміздегі ұлт бірлігін, мемлекеттік тілдің ұлт арасындағы 

мәртебесін  танытуды  мақсат  тұтқан  аталған  байқаудың 

облысымыздың  9 ауданында және қаламызда іріктеу сындары 

өткен болатын. Іріктеу сындарына өзге ұлт өкілдерінен құралған 

40 топ қатысып, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін 

жоғары дәрежеде  көрсете білген 10 топ гала-концертке жолдама 

алған-тын. 

Байқау гала-концертінің ашылу салтанатында сөз алған 

Жамбыл  облысы  әкімдігінің  Тілдерді  дамыту  басқармасы 

Мемлекеттік  тілді  оқыту  орталығының  директоры  Күлшат 

Қожатаева  елімізді  көп  ұлтты  мемлекет  деп  атай  келе,  сол 

көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет екендігін 

жеткізді.  Сондай-ақ  ол,  қазақ  тілі  көп  ұлтты  елдің  барлық 

халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы 

екендігін  де  тілге  тиек  етті.    Мұнан  соң  байқаудың  іріктеу 

сындарынан іркілмей өткен жеңімпаздар,  орыс ұлтының өкілі 

Тимур Семенов пен шешен ұлтының өкілі Сурия Махмудова 

жүрекжарды лебіздерін мемлекеттік тілде білдірді. 

Концерт  барысында  байқауда  оза  шапқан  командалар 

ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтарға ие бол-

ды.  Сыйлықтарды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 

университетінің профессоры, филология ғылымдарының док-

торы Меруерт Көпбаева табыс етті. Сонымен қатар байқаудың 

аудандық  сындарының    өз  дәрежесінде  өтуіне  әріптестік 

қолдау  көрсеткені  үшін  Байзақ  аудандық  мәдениет  және 

тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ержан Тұрғымбеков те 

ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлық және Алғыс хатпен 

марапатталды. Шара одан әрі облыс өнерпаздарының концерттік 

бағдарламасына ұласты. 


келешек

11

//   «ЖаМБыл - ТаРаз»  //  №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан   2015 Жыл  //



биЗНЕСКЕ ЖАСТАРДЫҢ ДА 

бАР ТАЛАСЫ

 

„

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да «Экономика және бизнес» факультеті мен 



«Креатив» ғӨО, «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы 

кәсіпкерлік мәселесі талқыланған жиын өтті.

Айсана НҰРБАП

«Даму» қорының облыстық филиалы қызметкерлері, 

өңір басшылығына қарасты  кәсіпкерлік бөлімі мен 

Кәсіпкерлер палатасының мамандары, Тараз қаласы 

жастар ұйымдарының өкілдері мен жас кәсіпкерлер 

қатысқан дөңгелек үстелді аталған университеттің 

бірінші проректоры Асқар Абдуалы ашып беріп, 

жүргізіп отырды. Жиын барысында өңірдегі жастар 

арасындағы кәсіпкерліктің дамуы мен кедергілер 

назарға алынып, талқыға түсті. Университет про-

ректоры басқосуда мәселеге қатысты өз ойын ортаға 

салып, жас кәсіпкерлердің  пікірімен  бөлісті. 

- Біздің өңірде де, ел аумағында да жастардың 

кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндіктер аз емес. 

Тиімді жағдайлар да жасалған. Дегенмен, өзінің 

бизнес жобасын дамытып, теориялық ізденістерін 

тәжірибе жүзінде іске асырсам деп жүрген жастар 

некен-саяқ. Осы мәселе бойынша студент жастар 

арасында сауалнама алған едік. Көбісі кәсіпкерлікпен 

айналысуға уақытымыз жетпейді дейді. Ал қалғандары 

саланың қыр-сырын жетік білмейтіндіктерін себеп 

қылады,-деді шараны ұйымдастырушы, «Креатив» 

ғылыми-өндірістік орталығының басшысы Амина 

Насибуллина.

Жиын  барысында  анықталғандай,  жастардың 

дені  кәсіпкерлікпен  айналысқысы  келеді  екен. 

Тек    оларға  бағыт-бағдар  беріп,  табыстың  тура 

жолын көрсетушілер жоқ. Алайда, жиынға арнайы 

шақыртылған кәсіпкерлік саласының мамандары 

жастардың  бұл  біржақты  пікірімен  келіспейді. 

Себебі, қазіргі таңда жастардың кәсіпкерлікпен ай-

налысуына тиімді мүмкіндіктер жасалған көрінеді. 

«Даму» қорының қызметкері Жасұлан Есжанов жиын 

барысында аталған мүмкіндіктермен табысты еңбек 

етіп жатқан бірталай жастарды атап өтті. Байзақ, 

Талас аудандарында сабын өндіру ісін  мықтап қолға 

алып, бизнес жобасын қағаз жүзінде қалдырмай, 

мемлекеттік грантты жеңіп алып, ел игілігіне жұмыс 

жасап жатқан жастар да бар екен. Дейтұрғанмен, 

нақты уақытта бірнеше мыңдаған студентке жоғары 

білім берумен айналысып келе жатқан ТарМУ-да 

кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жастар жоқтың 

қасы. Осы мәселеге  университеттің бірінші про-

ректоры да алаңдаушылық білдіріп, кәсіпкерлікпен 

айналысуға қажетті немесе кедергі болып тұрған 

мәселелерді студенттердің өзінен сұрады. 

- Студенттер оқуды аяқтаған соң, әрине жұмыс 

істегісі келеді. Дегенмен, «мен жоғары оқу орнын 

қызыл  дипломмен  тәмамдадым,  енді  мен  неге 

сабын өндіріп, оны сатумен айналысуым керек?» 

деген пікір болуы мүмкін. Бұл кереғар пікір. Бұндай 

қисық санадан аулақ болуымыз керек. Мемлекетке 

кәсіпкерлікпен айналысатын жас мамандар ауадай 

қажет.  Идеяны  жүзеге  асыру  керек,-деді  Асқар 

Абдуалы. 

Өз кезегімен сөз тізгіндеген «Заң» факультетінің 

3-курс студенті, жас кәсіпкер Еркебұлан Бескемпіров  

бизнесте басынан кешкен тәжірибесімен бөлісіп, 

замандастарын табысты мүмкіндіктерге сендіріп 

бақты. Арнайы шақыртылған сала мамандары да 

жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне 

жіті тоқталып, жан-жақты сарапқа салды. Жиын 

соңында студенттер жиынды ұйымдастырушылар 

мен қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, 

мардымды жауаптар алды. 

Сауалнама 

нәтижесі

 

„

2011-2015 жылдарға 



арналған Тараз 

қаласы әкімдігі ішкі 

саясат бөлімінің  

даму бағдарламасы 

индикаторларының 

орындалу деңгейін 

зерделеп анықтау 

бойынша қоғамдық 

пікірдің 2014 - 

2015 жылдардағы 

салыстырмалы 

деңгейінің 

көрсеткіштерінің 

сараптамасы 

анықталды.

Сараптаманы «Жамбыл облысы  Жастар 

мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігі 

мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге 

асырды. 2011-2015 жылдарға арналған Та-

раз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 

даму  бағдарламасы  қала  тұрғындары 

арасында даму индикаторларын бағамдау 

жұмыстарын  жүргізді.    Басты  құжат 

ретінде Тараз қаласы әкімдігінің ішкі сая-

сат бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған 

тұжырымдамасының көрсеткіштері алынған 

болатын. 2014 жылы респонденттердің 

67  пайызы  жоғары  және  арнаулы  оқу 

орындарының білімгерлерінен алынған 

болса,  қалған  33  пайызы  мемлекеттік 

қызметкерлер,  өзін-өзі  қамтушылар, 

кәсіпкерлер, мәдениет саласының маман-

дары және түрлі маман иелері. Ал биылғы 

жылы 70 пайызы ғылым, мәдениет, білім 

саласының қызметкерлерінен алынды.  

Өткізілген сауалнамаға 2014 пен 2015 

жылдары 300-ге жуық респондент қатысты.  

«Жалпы қаладағы этносаралық қатынас 

жағдайын сіз қалай бағалайсыз?»                    де-

ген сауалға оң бағаны  2014 жылы- 87, 

2015  жылы  -  91,3  пайыз,  көңілі 

толмайтындықтарын  2014  жылы  -  13, 

2015 жылы 8,7 пайыз көрсетілді. «Жалпы 

қаладағы дінаралық қатынас жағдайын 

сіз қалай бағалайсыз?» деген сауалға оң 

көзқараста 2014 жылы – 76,1, 2015 жылы-  

84  пайыз,  көңілі  толмайтындықтарын  

2014 жылы – 23,9, 2015 жылы  16 пайыз 

көрсетілді.

«Сіз қалай ойлайсыз, қалада этносаралық 

немесе конфессияаралық ашық жанжал 

болуы мүмкін бе?» деген  сауалға  «мүмкін 

емес, екіталай» деп 2014 жылы – 85,3, 2015 

жылы – 87 пайыз, «болуы мүмкін, жауап 

беруге қиналамын» деп 2014 жылы – 14,7, 

2015 жылы  13 пайыздық көрсеткішке 

төмендеді.  «Тараз  қаласында  мемлекет 

пен азаматтық қоғам институттарының 

қарым-қатынасын сіз қалай бағалайсыз?» 

деген сауалға «өте жақсы, жақсы» деп 2014 

жылы– 77,4, 2015 жылы – 79 пайыз, «баяу, 

мүлдем қатынастары жоқ» деп  2014 жылы– 

22,6, 2015 жылы  21 пайыз жауап берді.

«Сіз бүгінгі таңда мемлекеттік жастар са-

ясатына көңіліңіз толады ма?» деген сауалға 

«иә, толығымен» және «болады, толық емес» 

деп 2014 жылы – 81,7, 2015 жылы – 88,3 

пайыз, «мүлдем толмайды», «жауап беруге 

қиналамын» деп 2014 жылы – 18,3, 2015 

жылы 11,7 пайыздық көрсеткіш көрсетілген. 

«Жастар саясаты мәселелері бойынша 

Тараз қалаcында кім жұмыс жасайды?» 

деген сұраққа «Тараз қаласы әкімдігі ішкі 

саясат бөлімі мен «Тараз жастар  орталығы» 

КММ-і» деп 2014 жылы – 85,4, 2015 жылы– 

89 пайыз, «жауап беруге қиналамын» деп 

2014 жылы – 14,6, 2015 жылы 11 пайызды 

көрсетіп отыр.

«Бүгінгі таңда қала жастарының басты 

мәселесі қандай?» деген сауал бойынша 

бір жауап белгілеуге рұқсат етілгендіктен,  

дін мәселесі бойынша 2014 жылы – 30,2, 

2015 жылы – 5,7 пайыз, тұрғын үй мәселесі 

2014 жылы – 32,2, 2015 жылы – 38,7 пай-

ыз, ажырасу мәселесі 2014 жылы – 17,3, 

2015 жылы – 4,3 пайыз, қылмыс мәселесі 

2014 жылы – 11,6, 2015 жылы – 2 пайыз, 

жұмыссыздық мәселесі 2014 жылы – 7, 

2015 жылы – 46,3 пайыз, «басқа мәселелер 

бойынша» деп  2014 жылы – 1,7, 2015 жылы 

3,0 пайыз көрсетілді. 

2011-2015  жылдарға  арналған  Тараз 

қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 

даму бағдарламасы жұмысы өз деңгейінде 

жүргізіліп  келе  жатқанын  байқаймыз. 

Алдағы уақытта осы серпінді түсірмей 

жұмыс жасау қажеттілігі туындауда. 

Исламбек ДАСТАН,

«Жамбыл облысы Жастар 

мәслихаты» Жастар қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы

Жемқорлыққа қарсы мәдениет

 

„

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТб қаламыздағы 



бірнеше мекемеде болып, жемқорлыққа қарсы еркін форматтағы кездесулер 

ұйымдастырды.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

«Тараз  қаласы  әкімдігі  ішкі  са-

ясат бөлімі» КММ мемлекеттік тап-

сырыс шеңберінде «Жамбыл облысы                                                     

жастар ұйымдарының Қауымдастығы» 

ЗТБ  ұйымдастыруымен  «Сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті 

қалыптастыруға  бағытталған  іс-

шараларды ұйымдастыру» тақырыбы 

бойынша  ҚР  Мемлекеттік  қызмет 

істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  Жам-

был  облысы  бойынша  Департаменті 

бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 

«Әулиеататранспасс» ЖШС мекемесінде 

Ішкі істер департаменті әкімшілік по-

лиция    басқармасының  өкілдерімен 

кездесу өтті.

  «Жамбыл  облысы  жастар 

ұйымдарының Қауымдастығы» заңды 

тұлғалар  бірлестігі  ұйымдастырған 

шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері 

және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облы-

сы  бойынша  Департаментінің  бөлім 

жетекшісі Серік Әлібеков пен әкімшілік 

полиция басқармасының өкілі Нұрғали 

Әбзелбектегі  қатысты.  Кездесуде 

қоғамдық көлік жүргізушілерінің мұң-

мұқтаждары тыңдалып, басқосу ашық 

пікірталас негізінде өрбіді. Қозғалыс 

кезіндегі  бағдаршамдағы  уақыттар 

мен тоқтау сызығы кездесудің негізгі 

тұздығына айналды. Сондай-ақ қоғамдық 

көлік жүргізушілерінің жол ережесін 

бұзу мәселелері көтеріліп, талқыланды.

Ж и ы н д а   с ө з   а л ғ а н 

«Әулиеататранспасс» ЖШС мекемесінің 

жауапты  маманының  айтуынша,  3-4 

мөлтекауданында орналасқан базардағы 

көше бойына тұратын көліктердің ав-

тобус жүргізушілерінің жол ережесін 

бұзуға әкелетіндігін жеткізді. Аялдамаға 

келіп тоқтап, қайта қозғалғанда, қиып 

өтуге тыйым салынған сызықтан асуына 

тура келеді. Сол себептен, сол маңдағы 

жол бойына арнайы белгілер қойылып, 

көліктер жол бойына бейберекет тұрмаса 

деген  ұсынысын  жеткізді.  Аталмыш 

кездесу барысында көтерілген мәселелер 

бойынша қатысушылар да өз ұсыныс-

пікірлерін білдіріп отырды.   

Сондай-ақ осы тақырып аясында 

Тараз қаласы мәдениет бөліміне қарасты 

мекемелердің қызметкерлерімен «Сы-

байлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 

қалыптастыру»  тақырыбы  аясында 

кездесу өтті.

Шараға  қаламыздағы  кітапхана, 

облыстық  филармония,  Жамбыл 

облыстық  драма  театры,  кинемато-

графтар  қатысты.  Аталмыш  жиында 

мәдениет саласындағы жемқорлықтың 

көріністері және онымен күресу жол-

дары  туралы  мәселелер  көтерілді. 

Басқосуға қатысушылардың айтуынша, 

негізі таяқтың екі ұшы бар. Жасалған 

жемқорлық ісіне бір тарап қана кінәлі 

емес.  Мәселен,  түсірілген  киноны 

көрерменге көрсету үшін адам басына 

100 теңге болса, ал циркке алып бару үшін 

мектеп директорларынан 500 теңгеден 

сұрайтын көрінеді. Себебі, сол берілген 

500 теңгеден әркімнің ұстайтыны бар. 

Кино  саласы  бойынша  мемлекеттік 

мекеме болғандықтан, ондайға ешкімнің 

құқығы  жоқ.  Сондай-ақ  шара  бары-

сында театр мәселесі де көтерілді.  ҚР 

Мемлекеттік қызмет істері және сы-

байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

агенттігінің Жамбыл облысы бойынша 

департаменті мемлекеттік қызмет істері 

және сыбайлас жемқорлық профилакти-

касы басқармасының басшысы Нұрлан 

Еркебаев  театрдағы  қойылымдарға 

барлығының да барғысы келетіндігін 

тілге тиек ете отырып, болатын уақыты 

жұмыс уақытымен ыңғайластырылса 

деген  ұсынысын  жеткізді.  Себебі 

кез  келген  саланың  жұмысы  орташа 

уақытпен 19:00-де аяқталатын болса, ал 

театрдағы қойылымдар 17:00-де баста-

лады. Мұнымен қоса, басқа да пікірлер 

тыңдалып, ұсыныстар айтылды.

Қалауын тапсаң, қар жанар. 

  Суретті түсірген О.Макарова



12

//   «ЖаМБыл - ТаРаз»  //  №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан   2015 Жыл  //

Тіршілік

ЖАЛПЫғА ОРТАҚ ЖАғДАй

 

„

Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың 



басым көпшілігі  әлі күнге дейін талапқа сай емес. бірі кемтар адам тұрмақ, он 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет