Мәтінді оқып шығып, төмендегі тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлем бар қатарды белгілеңіз
А) Қазақ халқының ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов т.б. өз еңбектерінде адам арасындағы қарым-қатынас мәселесін философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда қарастырған, адамгершілік мәселелерін пайымдаған.
В) Әр халық өзінің ержүрек батырларын, олардың елін, жерін қорғана батыл істерін мақтан етіп, үлгі-өнеге алған.
С) Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын жеке тұлға.
Д) Барлық халықтың мақсаты - өзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып, рухани адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білу.
2. Мәтінде келтірілген Бауыржан Момышұлының нақыл сөзі адам бойындағы қай қасиет жайында айтылған
А) мейірімділік
В) әдептілік
С) ерлік, батырлық
Д) қарапайымдылық
3. Адамның іс-әрекет барысында байланыс жасайтын қарым-қатынастың қанша түрі белгілі
А) екі
В) үш
С) төрт
Д) бес
4. Биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік деп бөліп көрсету, бұл –
А) шыққан нәсіліне, өскен жеріне, денсаулығына байланысты бөліну
В) өзара байланысты адамның төрт түрлі өлшемі
С) адамдардың тәлім-тәрбие алудағы ескеретін қасиеттері
Д) географиялық ортасына байланысты классификациялау
2. Сөйлемдерді мәтіндегі ой бойынша сын есімдермен толықтырыңыз
Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі ________ мазмұнға толы, имандылық негізінде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған. Адам - _______ үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл- әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір _________ табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының __________ иесі. . Шыққан нәсіліне, туысына, ұлтына, туған жеріне _________ , барлық адамдарда ортақ адамгершілік қасиеттер болады. Адамдардың _______, _________болуының қажеттілігі «адам» деген ардақты атақты алып жүрудің өзі бақыт екенін айтқан. Адамгершілік – әлеуметтіліктің _______ шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдениеті.
Қажетті сөздер: биік, парасатты, гуманистік, құдіретті, тәуелсіз, ойлы, тарихи, ғаламат.
Достарыңызбен бөлісу: |