Алдыңғы бөлік – тор түрінде орналасқан эпителий жасушаларынан тұрады. Жасуша тізбегі мен трабекулалар арасын борпылдақ талшықты дәнекер мен капиллярлар толтырып жатады. Әрбір трабекулалардың эндокриндік жасуша топтамалары болады: хромофильді және хромофобты
Хромафильды эндокриноцит – цитоплазмасында секреторлы түйіршітер бояуды жақсы сіңіреді. Өз кезегінде базофильді және оксифильді болып бөлінеді.
Базофильді эндокриноциттер бояумен жақсы боялады. Алдыңғы бөліктің 4-10 пайызын құрайды. 2 түрлі жасушалары бар:
Гонадотропоциттер. Фоллитропин(жыныс жасушаларын түрлендіретін) және лютропин(аналық жасышада сары дененің пайда болуын, аналық жыныс безде интерстииальды жасуша гормонын болуге) гормондарын бөледі.
Тиротропоциттер. Тиротропин гормонын бөледі. Бұл қалқанша бездің жұмысын реттейді.
Ацидофильді эндокриноциттер – алдыңғы бөліктің 30-35 пайызын құрайды. Пішіні дөңгелек, кейде сопақша. Дененің өсуін реттейтін соматропин және сүт безінің түзілуіне қатысатын пролактин гормонын түзеді.
Кортикотропты эндокриноциттер – аденогипофиздің көбінесе орталық бөлігінде орналасады, кортикотропты гормонды синтездейді.
Хромофобты эндокриноциттер – секреторлы түйіршіктерді нашар боялатын жасушалар. Аденогипофиздің 60 пайызын құрайды. Бұлар әртүрлі физиологиялық жағдайда арнайы қызметі әлі пісіп жетілмеген, немесе қызметін толық атқарып, секреторлы түйіршіктерден айырылған эндокриноциттер.
Аралық бөлік – жіңішке эпителиальды тізбек. Мұндағы жасушалар белок пен шырышты өңдейді. Меланотропин мен липотропин гормондары синтезделеді.
Туберальды бөлік – гипофиз аяқшасына жақын орналасқан куб тәрізді эпителиалды тізбек топтамасынан тұратын бөлік.
Гипофиздің артқы бөлігі немесе нейрогипофиз – питуициттерден тұрады. Бұлардың пішіні өсінді немесе жіпше тәрізді. Гипофиздің артқы бөлігі вазопрессин мен окситоцинді жинайды, бұл гормондар гипофиздің алдыңғы бөліктеріне синтезделген.
Гипоталамустың нейро-секреторлы жасушаларының аксондарының терминальды ұшы гипофиздің артқы бөлігіндегі капилляр қабырғасымен байланысып, Херринг денешігін түзеді.
Гипоталамо-аденогипофизарлы қан тамыр жүйесі портальды гипофизарлы артериядан басталып, біріншілік капилляр торына айналып, портальды венаға жалғасады.