Морфологиясы: ұзындығы -5см,ені 3-4 см,қалыңдығы 1см.Сары түсті,беткейісәл бұдырлау келеді.Сыртынан фиброзды капсуламен жабылған ,ол көптеген дәнекер тінді талшқтар арқылы бүйректің капсуласымен байланысқан.Оң жақ үйрекүстібез пирамида пішінді,сол жақ бүйрекүстібез жартыай тәрізді болады.
Функциясы: Бездердің қыртысты қабатынан түзілген гармондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді.;
Тұз және су алмасуды қамтамассыз етеді.
Қан мен басқа ұлпаларға натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді;
Жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі милы қабатын адреналин гармоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады; бауырдағы гликоген мөлшерін азайтады; қан ұюын тездетеді; жүректің жиырылу ырғағын тездетеді.
Дамуы: бездің қыртысты заты 5 аптада целомдық эпителийден бастама алады да, кейіннен ұлғайып интерренальді денеге айналады. Милық заты 6-7 аптада симпатикалық ганглийден дамиды
Бүйрекүстібездің паренхимасы қыртысты және милы заттектерден тұрады.Милы заттегі бездің орталық бөлігінде орналасады,ал оның айналасында қалың қабат түзіп қыртысты заттегі орналасады.Қыртысты заттегібүйрекүсті безінің жалпы салмағының 90%-ын құрайды.Қыртысты заттегі фиброзды капуламен өте тығыз байланысқан және одан бездің тереңіне қарай трабекулалар кетеді.
Бүйрекүсті безінің қыртысты заттегі –дәнекер тінінің талшықтарымен бөлініп тұратын эпителийлік шоғыр жүйесінен тұрады.Бұл заттекте нақты белгілі бір гормондар синтезделетін 3 зона ажыратылады.Олар: шумақшалы зоны (15%) ;шоғырлы зона(75%);торлы зона (10%) .
Шумақты аймағы-қалыңдығы 12-15 мкм,құрамында майда шумақтаса рналасқан эндокриноциттері бар,бүйрекүстібезінің шеткі бөлігі.Бөлетін гормоны- минеролокортикоидтар,оның ішінде альдостерон.Бұлгормонның негізгі қызметі ағзадағы электролиттердің гомеостазының тұрақтылығын сақтап,натрий ионының,хлордың,реобсорбциясына қатысып,калий мен сутегінің экскрециясын үдетеді.Минералокартикоидтар ағзада маңызды қызмет атқарады,сондықтан бұл аймақты алып тастаса организм өз тіршілігін жояды.Шумақты және шоғырлы аймақтар арасында өте жіңішке,құрамында майда аз мамандандырылған жасушалары бар аралық деп аталатын қыртыстың шағын бөлігі бар.Бұл жасушалар тобы регенерациялық қызмет атқарып,шумақ және щоғырлы аймақтардың жасушаларының орнын толтырып отырады.
Шоғырлы аймақ- бездің ең жалпақ бөлігі.Түзетін эндокриноциттері өте ірі болып келеді,диаметрі20 мкм,пішіндері әртүрлі,кбінесе куб және призма тәрізді болып келеді.Ерекшелігіне цитоплазмасында май тамшыларының болуы жатады.Митохондриялары ірі және кристалары кп ,жақсы дамыған тегіс ЭПТ және бос рибосомалары бар. Шоғырлы зонадағы орналасқан жасушалардың 2 тобы бар.Олар:ашық және күңгірт түсті.Күңгірт үсті эндокриноциттерінде негізгі белоктар мен ферменттердің синтезі белсенді түрде өтіп,олар кортикостероидты гормондарды өлуге қатысады.Бұл жасушалардың цитоплазмасының күңгірт түстес болуы олардың құрамында бос рибосомалардың болуымен түсіндіріледі.Гормондарын қанға бөлгеннен кейін олар ашық түске енеді.Шумақты аймақтың жасушаларының бөлетін гормондары-глюкокортикоидтар,яғни оларғакортикостерон,кортизон,гидрокортизон жатады.Бұл гормондардың негізгі функциялары-көмірсулардың,белоктың,липидтердің метаболизміне қатысып ағзадағы форфорилдену үдерістерін жылдамдатып,энергия қорын түзеді.Сонымен қатар глюкокортикоидтар глюкогенез процесіне қатысады.Глюкокортикоидтардың гиперфункциясы кезінде лимфоцитопения және эозинопения удерістері басқалады.
Торлы аймағы-тор тәрізді аденокортикоциттері майда,куб тәріздес немесе көпбұрышты болып келеді.Күңгірт түсті жасушалары мен цитоплазмасында бос рибосомалар көбірек кездеседі.Синтездейтін гормоны-андрогенді стероидтар.Ол химиялық жағынан аталыс жыныс гормоны тестостеронға ұсқас болып келеді.Бұл гормонның әсерінен әйелдерде вирилизм ауруы туындайды.
Бүйрекүстібезінің милы затының құрамында өте ірі және пішіні дөңгелек болып келетін эндокриноциттері мен хроммафиноциттері болады.Бұл эндокриноциттер қан тамырларымен жақсы қамтамасыз етілген.Боялу қабілетіне байланысты бұлар ашық және күңгірт болады.Ашық түсті жасушалары адреналинді,ал күңгірт түсті жасушалары норадреналинді синтездейді. Қызметтері: Тегіс салалы ет жасушаларының жиырылғыштығын реттеп, көмірсу мен липидтердің метаболизміне қатысыды.