Байланысты: 4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org
32. Тіл. Тілдің дамуы мен құрылысы. Тілдің шырышты қабықшасы. Тілдің шырышты қабықшасының әр түрлі бөлімдеріндегі ерекшіліктері. Тіл бүртіктері. Тіл – тілдің денесі келеденең –көлденең жолақтф бұлшық ет тіні .
Негізгі қызметтері:
А) сөйлеу
Б) жұту
В) механикалық өңдеу
Г) дәм сезу.
. Бұлшықет талшықтары тілде әртүрлі бағытта орналасады : Тік , көлденең , Қиғаш талшықтары болғандықтан , тіл күрделі қозғалыстар жасайды . Бұлшықет талшықтаының арасында БТҚДТ мен қан тамырлары , нервтер және май жасушалары орналасады . Тілдің бүйір бетінде және жоғарғы жотасында кілегейлі кабығы тіл етімен тікелей байланысқан сондықтан бұл тұстарында кілегей асты негізі болмайды . Кілегейлі қабығы екі қабаттан тұрады : эпителиі және меншікті көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиі пластинкасы , бұлардан тiл бүртіктері түзіледі . Тілде төрт түрлі бүртіктер болады . Олар : жіп тәрізді , саңырауқұлақ тәрізді , жапырақ және науа тәрізділері . Бұлардың ішіндегі ең көбі — жіп тәріздісі , бұл тағамның дәмін сезуге қатыспайтын бүртіктер болып саналады , тілдің ұшында орналасады . Қалған бүртіктері тіл эпителиінің құрамындағы дәм сезу бүртіктерінің тобын түзеді . Жапырақ тәрізді бүртіктер , тілдің екі бүйір бөліктерінде орын алады , балаларда өте жақсы дамыған . Саңырауқұлақ тәріздестері тіл жотасында шашырап орналасқан . Науа тәріздес бүртіктері тіл түбірі мен тіл денесінен орын алады . Тілде дәм сезу түйіндері де бар , олардың пішіні эллипс тәріздес . Бұлар тіл эпителиінің құрамында орналасады . Тілде дәм сезу түйіндерінің төрт түрлі : тіректік , сезімтал , базальді және нерв ұштарымен синапс түзетін жасушалар болады .Тілде ұсақ сілекей бездері де болады . Олардың саны өте көп Бездердің соңғы секреторлы бөліктері БТҚДТ- нің қабыршақтарының ішінде орналасады .
Сілекей бездері Ауыз қуысының әр түрлі бөлімдеріндегі кілегейлі қабықтың қалың қабаттарында көптеген майда сілекей бездері : ерінде , ұртта , тілде , тандайда орналасып жатады . Олар өздерінің белокты , шырышты , аралас болып келген секреттерін орналасқан тұстарына шығарып отырады . Бұлардан басқа ауыз қуысына ірі , әрі жұп сілекей бездерінің тамақтары келіп айылады , олар : құлақ түбі , жақ асты , тіл асты сілекей бездері . Өздерінің орналасуымен сілекей шығаратын тармақтары сағасының барып тірелер тұсы бойынша : Ауызының кіреберіс тұсының бездері және меншікті ауыз қуысы бездер деген 2- топқа бөлінеді .
Тілде үш түрлі сілекей бездері болады : белокты , шырышты және аралас . Бұлардың бәрі де , қарапайым түтікшелі немесе альвеолярлы – түтікшелі бездерге жатады . Тіл түбіріндегі бездер шырышты , ал денесіндегі бездері — белокты , тіл ұшындағы – аралас бездер болып саналады 1. Белокты бездер науа және жапырақ тәрізді бүртіктерге жақын орналасады . Бұл қарапайым түтікшелі тармақталған бездер . Секреторлы бөлімінде пішіні конус тәрізді жасушалар орналасады , белокты секрет бөледі . Бұларға құлақ түбінің және тілдің сілекей бездері жатады . Құлақ түбі безі ауыз қуысына белоктық секрет шығаратын және эндокриндік қызметті атқаратын күрделі тармақты альвеолярдан тұратын без .
2. Шырышты бездер ең бастысы тілдің түбірінде орналасады . Олар жеке орналасатын , қарапайым түтікшелі альвеолярлы тармақталған бездер . Соңғы бөлімдері шырышты жасушалардан тұрады .
3.Аралас бездер тілдің алдыңғы бөлімінде орналасады . Аралас бездерден құралған секреторлы бөлімі тілдің терең қабаттарына еніп жатады .