38. Аппендикс, оның құрылысы мен маңызы. Тік ішек. Қабырғасының морфофункциялық сипаттамасы. Ішектің бұл бөлігінде антигенге тауелді емес лимфоциттер көбейіп, лимфоидты тіннің жиынтығы шырышасты негізінде орналасады. Бұл бөлімнің қуысының пішіні жас балаларда үшбұрышты болып келсе, өсе келе ересектерде дөңгелек болады.
Дамуын екі кезеңге бөліп қарастырса болады. Бірі лимфоидты тін мүлдем болмайды, екіншісі ол қарқынды түрде өседі. Ал лимфоидты тіннің ең жоғары деңгейде дамып жетілуі 40 апталық нәрестеде байқалады. Осы кезден бастап Т,В-лимфоциттер қоныстана бастайды.
Ішектерге тән төрт қабықтан тұрады. Кілегей, кілегейасты, бұлшықетті, серозды. Кілегейлі қабығында крипталар орналасады. Оның құрамында бокалтәрізді жасушалар, эндокриноциттерде кезігеді. Ал меншікті пластинкасында лимфоидты фолликулдармен қатар, тіршілігін жойған лимфоциттер жиынтығы да білінеді. Кілегейасты негізінде қан тамырар мен нерв өрімдері бар. Бұлшықеттік қабығы екі қабатты миоциттер жігінен: ішкі-циркулярлы, сыртқы-бойлық түрде орналасады. Ал серозды қабық сыртын тыстап тұрады.
Аппендикс маңызы: қорғаныс, сонымен қатар, ішектің бұл бөлігін щеткі иммундық жүйегеде жатқыздырады
Тік ішек – тоқ ішектің қысқа соңғы бөлігі, соңғы өнімді сыртқа шығарушы мүше қызметін атқарады. Құрылысы басқа ішек құрылысына ұқсас, кілегейлі, кілегейасты, бұлшықетті және сірлі қабықтары бар. Кілегейлі қабығының эпителийі бір қабатты призмалы болып келеді. Ерекшелігі: анальді бөлігін үш аймаққа жіктейміз. Олар: негізгі, аралық және терілік болып бөлінеді. Негізгі аймағын тыстайтын кілегейлі қабықтың эпителиі – көп қабатты куб тәрізді. Аралық бөлігінде – көп қабатты жалпақ. Терілік бөлігінде – көп қабатты мүйізделген. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында лимфоидт түйіндер кезігеді. Кілегей асты қабығы – БТҚДТ, ал бұлшықетті қабығы екі қабатты миоциттерден тұрады. Сырты серозды қабықпен тастылған.
39. Ұйқыбез. Морфофункциялық сипаттамасы, даму көздері. Экзокринді және эндокринді бөлімдерінің құрылысы. Қанмен қамтамасыз етілуі, иннервация. Ұйқы без – экзокринді және эндокринді бөліктерден тұратын аралас без. Экзокринді бөлігі панкреатикалық сөлді бөледі. Сөл 12-елі ішекте өтіп химустың құрамындағы компоненттерді ыдыратады. Оның құрамына ферменттер, бикорбанаттар, минералды заттар, су, шырыш болады. Эндокринді бөлігі қанға гормондар бөледі. Ол гормондарға: инсулин, глюкагон, саматостатин, ВИП, ПП бөледі.
Ұйқы без эмбриогенездің 3-ші аптасының соңында ішектің құрсақ бөлігінің энтодермасынан дамиды. Осы кезеңнен бастап бездің басы, денесі, құйрығы қалыптасады. Ал ұрықтық дамудың 3-айында энтодермальді бастамадан эндокринді, экзокринді бөліктері, Лангерганс аралшығы, секрет шығаратын өзек қалыптасады. Ал мезенхимадан бездің стромасының дәнекер тінді бөліктері мен қан тамырлары дамиды.
Экзокринді бөлігі: күрделі альвеолярлы-түтікшелі белокты. Құрылыс қызметінің бірлігі – ацинустар. Олар 8-12 ациноциттер мен центроацинозды ациноциттерден тұрады. Ацинозды жасушалардың пішіні конус тәрізді, полярлық қасиетке ие. Базальді мембранаға базальді полюсімен бекінеді. Жалпақтау келген базальді полюсі негіздік бояулармен көк түске боялады – гомогенді полюсі. Бұл полюсінде жасуша ядросы, ЭПТ, ГК, митохондрийлер орналасқан. Ал жіңішкілеу келген апикальді полюсі қышқылдық бояулармен қызыл түске боялып – зимогенді полюсі деп аталады. Бұл полюсте проферменттер болады.
Ациноциттердің қызметі асқорыту ферменттерін синтездеп, қалыпты жағдайда 12 елі ішекке шығарады. Ациноциттердің қызметінің реттелуі холицистокин арқылы жүзеге асады, ол аш ішектің эндокриноциттері мен бездің секреторлы өзектерінен бөлінеді. Ациноциттердің секретін тежейтін ПП мен соматостатин.
Орталық ацинозды жасушалар цитопласы ашық түсті, органеллалары аз, пішіні жалпақтау келген. Ол қыстырма өзектерін тыстайды. Қыстырма өзегінің жасушалары бикарбонаттады өндіріп, химустың қышқылдық ортасын бейтарап қалыпқа келтіреді
Ұйқы безінің секреторлы өзектері мына ретпен орналасады: қыстырма өзек – ацинус арқылы өзек – бөлік ішкі өзегі – бөлік аралық өзегі – жалпы секрет шығаратын өзек.
Эндокринді бөлігі – құрылыс қызметін атқаратын бірлігі – Лангерганс аралшықтары немесе инсула. Бұл аралшық ацинустардан БТҚДТ перделер арқылы шектелген. Аралшық жасушаларын инсулиноциттер деп атайды. Бұлардың арасындағы БТҚДТ перделерінде гемокапиллярлар орналасқан. Инсулиноциттерді бірнеше топқа жіктейміз
А-ацидофильді жасушалары қышқылдық бояумен боялатын, түйіршітері 230нм, суда ериді. Гликоген синтезіне қатысады. Жіңішке жиектері болады. Гликоген бауырдағы гликогеннің ыдырауына қатысып, қандағы глюкоза мқлшерін жоғарылатады.
В- базофильді жасушалары негізін бояулармен көк түске боялады. Бұл жасуша цитоплазмасындағы органеллаларда секреторлы түйіршіктрдің ашық түсті, жиектері бар және күшті дамыған белок синтезіне қатысады. Секреторлы түйіршіктері 275 нм, спиртте ериді. Құрамында цинк комплексі мен инсулин гормоны болатыны анықталған. Қызметі инсулинді өндіріді. Ол бауырда глюкозадан гликогеннің түзілуіне ықпал етеді.
Д-дендритті жасушалары түіршіктері 325 нм, соматостатин гормонын өндіреді. Бұл гормон А,В жасушалардың, ациноциттердің қызметін тежейді. Ингибитор қызмет атқаралы.
Д1-аргирофильді жасушалары түйіршіктерінің мөлшері 160 нм, жіңішке жиегі болады. Бөлетін гормоны ВИП. Қызметі АҚҚ төмендетіп, панкреатит сөлінің бөлінуін үдетеді.
РР жасушалары шет жағында орналасқан. Мөлшері мен пішіні, тығыздығы әр түрлі. Синтездейтін гормоны ПП, гормон қызметі 12 елі ішекке сөл бөлуін тежейді.
Сонымен қатар, жас балаларда G жасушалары болады. Ол гастрин гормонын бөледі.
Экзокринді, эндокринді бөліктерінен басқа аралас инсулоацинозды жасушалар болады.