ЭМБРИОНДЫҚ ОСТЕОГИСТОГЕНЕЗ биомеханикалық және биофизикалық жағдайларға байланысты екі негізгі әдістер арқылы жүзеге асады : 1 ) тікелей және 2 ) тікелей емес . Тікелей остеогистогенезбассүйек сүйектерінің ретикулофиброзды сүйек тінінің бұғананың саусақтардың дистальді бунақтарының дамуына тән. Бұл әдістің мәні - сүйек тіні тікелей склеротомның мезенхималық жасушаларының жиынтығынан дамиды . Тікелей остеогенез төрт этап арқылы өтеді .
1 этап - остеогенді аралықтың қалыптасуы . Бұл кезде бола шак сүйек дамитын жерде белсенді көбейетін мезенхималық жасушалардың жиынтығы пайда болады.
2 этап - остеогенді аралық жасушаларының дифференциялануы , остеоидтың қалыптасуы . Мезенхималық жасушалар бөлінуін тоқтатады да остеобластты аралылық құрайтын остеобласттарға дифферен цияланады . Остеобласттар ЖАЗ органикалық компоненттерін немесе остеоидтты синтездеп секрециялауға кіріседі .
3этап - остеоидтың минералдануы .
4 этап-пластинкалы сүйек тінінің қалыптасуы. Тікелей емес остеогистогенез - сүйектің бастапқы қалыптасқан шеміршекті модельдің орнында дамуы . Ол адам қаңқасы сүйек птерінің көпшілігіне ( аяқ - қолдың түтікті сүйектері , жамбас сүйектері , омырт калар және т.б. ) тән .
Тікелей емес остеогенез эмбриогенездің 2 - айында бас талады және төрт кезең арқылы өтеді :
1 ) сүйектің шемір шекті моделінің қалыптасуы ;
2 ) перихондралды сүйектену ;
3 ) диафиздің эндохондралды сүйектенуі ;
4 ) эпифиздерде эндохондралды сүйектену жән не эпифизарлық өсу табакиназарының қалыптасуы Бірінші кезеңі – болашақ сүйектің шеміршекті моделінің қалыптасуы - шеміршек тінінің гистогенезі сияқты өтеді . Жасушалардың генетикалық бағдарламасы мен қоршалған микроортасынын әрекеттесу нәти жесінде склеротомдық мезенхимадан , мүше ретінде болашақ сүйектің пішііне ие болатын гиалинді шеміршек бастамасы дамиды . Екінші кезеңі – перихондралды сүйектену - диафиздин ортанғы бөлігінің шеміршек қабығына кан тамырлары кері өсуін , яғни канмен жабдықталуы күшеюінің арқасында басталады . Бұл жагдай дің жасушалары ұрпақтарының остеогенді бағытта дифференцияланып остеобласттар пайда болуына әкеледі . Үшінші кезеңі - диафиздің эндохондралды сүйектенуі .Төртінші кезеңі – эпифиздерде эндохондралды сүйектің пайда болуы және метаэпифизарлық өсу табақшаларының қалыптасуы . Дуниеге келгеннен кейін жақын арада түтікті сүйектердің жоғарғы эти физінің ортасында “ сүйектенудің екінші орталығы " пайда болады . Бұл жер де , ертеректе диафизде болғандай , шеміршек минералданады және бұзылады , мұнда остеогенді жасушалармен қоршалған қан тамырлар кері өседі . Остеогенді жасушалар дифференцияланып , эпифиздің ішінде эндохондрал дық сүйекті өндіретін остеобласттарға айналады .