4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Гемокапиллярлар. Құрылысы. Капиллярлардың жіктелуі, құрылысы. Капиллярлардың ағзалық ерекшеліктері



бет22/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
12. Гемокапиллярлар. Құрылысы. Капиллярлардың жіктелуі, құрылысы. Капиллярлардың ағзалық ерекшеліктері.
Жалпы капиллярлар ағзада көп кездесетін қантамырлар болып табылады. Капиллярлар диаметрі әр түрлі, ағзада ең көп кездесетін жіңішке тамырлар жүйесі.Капиллярлар - біздің ұлпалар мен мүшелердің барлығына енетін ең кіші қан тамырлары. Капиллярлар - адам ағзасындағы ең жіңішке тамырлар. Олар жүрек, артериялар, артериолалар, веналар мен венулалармен бірге қанайналым жүйесінің бөлігі болып табылады. Біздің денеміздің барлық мүшелері мен тіндерінде капиллярлар өрмек тәрізді қан торларын құрайды, диаметрі 4,5 - ден 6-7 мкм көлденең жолақ ет тінінде, нервтерде , өкпеде , ал одан кейірек 8-11 мкм теріде, көптеген мүшелердің кілегейлі қабықтарында болады .
Капилляр ағзада құрылысына қарай үшке жіктей аламыз:фенестрлі капилляр- бұлар терезе тәрізді болып келеді.Себебі ,эндотелийі жұқа болып табылады.Жалпы капиллярдың бұл түрі бүйрек шумақтарында ішектің бүрлерінде ішкі секреция бездерде кездеседі.Екінші соматикалық.Бұл капиллярдың түрі тері,бұлшықетте және жұлын мен мида кездеседі.Үшінші синусоидты. Бұлардың кабырғасында саңылау бар. Бұл жалпы сүйек кемігінде бауыр және көк бауырда кездесетінін ескерген жөн.
Жалпы капиллярдың қабырғасында өте жұқа үш қабаты бар:ішкі қабатты базальді мембранаға бекінген эндотелийі.Қызметі: транспорттық, яғни қан мен тін арасында заттарды тасымалдау.Гемостатистикалық-қан ұюына қатысады.Вазоматорлы- тамырлардың тонусын реттейді, яғни тамырды тарылтып кеңейтетін заттарды бөледі.Рецепторлық-адгезияны қамтамасыз етеді.Секреторлы- қан түзу,қабынуды реттейтін өсу факторлары, цитокиндерді өндіруге қатысады.
Ортаңғы қабаты перициттер ,бұл да базальді мембранаға енгізілген .Бұлардың қызметі капиллярдың диаметрін реттейді, моциттер дамиды, капиллярдың қайта қалыпқа келтіреді және де базальді мембрана құрамында компонент синтездейді әрі фагоцитоз қызметін атқарады.Келесі сыртқы қабаты- аморфты затпен қоршалған адвентициальды жасушадан тұрады .Бұл қан капиллярларын жінеде тін мен қан арасында зат алмасуды реттеп отырады.
13. Венулалар, құрылысы және функциясы. Артериолды – венулярлы анастомоздар, қанайналымдағы маңызы, жіктелуі. Құрылысы. Артериолды венулярлы анастомоздың әртүрлі типтерінің құрылысы.
Жалпы жүрек-қантамырлар жүйесі дегеніміз – құрамында қоректік заттары, биологиялық белсенді заттар және газдар, метаболизм өнімдері бар, қанның бүкіл организм бойымен таралуын қамтамасыз ететін ағзалардың жиынтығы болып табылады.Жүрек-қантамырлар жүйесіне жүрек, қан және лимфа тамырлары жатады.
Жүрек қантамырлар жүйесі органдары құрылысы бойынша түтікшелі болып келеді. Қабырғасы 3 қабықшалардан тұрады: ішкі қабықша - интима (tunica interna s. intima); ортаңғы қабықша - медия (tunica media); сыртқы қабықша - адвентиция (tunica externa s. adventitia).Организмдегі негізгі 3 қантамыр орналасқан.Олар:артериялар,вена және микроциркуляторлы арна тамырлары.Айта өтетін жайт,қан тамырлардың қабырғалық құрылысы қанның гемодинамикалық жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Ендігі кезекте венулаларға тоқталсақ.Венулалардың қабырғасы арқылы лейкоциттер тіндерге өтеді.Венулалардың негізгі функциясы лимфа капиллярларымен бірге дренаждық ,қан мен тіннің аралық сұйықтықтың гемолимфатикалық тепе-теңдігін сақтайды.Және осы тіндердің метоболизмнен пайда болған өнімдерді жойып отырады.Венулаларда қан ағымы баяу ,шамамен секундына 1-2 мм және қанның қысымы да төмен болады.Венулалар негізгі 3 топқа жіктеледі:посткапиллярлы,жинағыш және етті венулалар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет