4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет37/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Көкбауыр регенерациясы негізінен репаративті регенерация болып табылады. Ал физиоллгиялық тұрғыда лимфоидты және стромальді жасушалар бағаналы дифферондар қатарынан жеке дамиды.
21. Тыныс алу және асқорыту жолдарындағы лимфалық фоликуллалар (жеке және топтасқан) туралы түсінік
Лимфа түйіні жалпы шеткі қыртысты, орталық бозды заттардан тұрады.
Қыртысты зат құрамында көптеген лимфатикалық фолликулдары болады. Диаметрі 0,5-1 мм. Фолликулдар ретикулярлы талшықтардан тұрады. Фолликулдар біріншілік және екіншілік болып екіге болінеді. Айырмашылығы екіншілік фолликулдарда көбею орталығы болуы.
Біріншілік фолликулдар В лимфоциттер мен фолликулярлы дендрит жасушаларынан тұрады. Сонымен қатар Т лимфоциттер мен макрофагтар болуы мүмкін. Антигендермен байланысқан соң, бұлардан екіншілік фолликулдар түзіледі. Пайда болған фолликулдар құрамында көбею аймағы мен мантийлі аймақ пайда болады.
Лимфа түйіндерінің қыртысты аймағындағы лимфатикалық фолликулдар пішіні мен құрылысы үнемі өзгеріп отырады, бұл жалпы ағзаның жай-күйіне байланысты өзгеріс болып табылады. Осыған байланысты фолликулдар 4 түрі ажыратылады:
  1. Бастапқы кезеңдегі көбею орталығының білінуі


  2. Көбею ортылығының толық дамуы


  3. Фолликулада күңгірт түсті шеткі аймағының анық білінуі, осы жерлерде ұсақ лимфоциттер жиынтығы пайда болады.


  4. Ашық түсті реактивті немесе көбею орталықтың кіші лимфоциттермен қоршалуы немесе тыныштық кезеңі деп аталады.




22. Эндокриндік жүйе. Жалпы морфо-функциялық сипаттамасы. Гормондар туралы түсінік және олардың организмдегі маңызы. Жіктелуі. Нысанажасушасы және гормон туралы ұғым.

Эндокринді жүйе – қан мен лимфаға гормондар бөлетін бездері мен ағзалар жиынтығы. Бұлар ағзадағы мүшелер қызметін реттеп, әртүрлі жүйелерді байланыстырып, олардың қызметінде керек рөльдерін атқарады. Репродукцияны, көбею, энергия алмасу, секреция, экскреция, мінез-құлық реакуияларын реттейді. Жалпы бұл бездер ішкі ортаның тұрақтылығын, яғни гомеостазын реттейді.


Ерекшеліктері:
  • Бұл бездерде секрет шығаратын өзектері болмайды, гормон тікелей қан мен лимфаға ашылады.


  • Қан капиллярларын бай


  • Бездердің біразы эпителийдің баулары мен фолликулдары түрінде паренхиматозды мүшелер. Сонымен қатар басқа тіндердің қыметтерін де атқарады. Гипоталамус пен эпифиз нерв тіні; бүйректе ренинді бөлетін юкстагломелулярлы жасуша; жүректе НУФ бөлетін – ет тіні; бүйректегі гормондар бөлетін интестициалды жасущалар – дәнекер тін.


Гормон – бұл биологиялық белсенді зат. Өте аз және қажетті кезде бөлінеді. Ағзадағы күрделі процесстердің бәріне қатысады. Түрлері:


  1. Белоктар мен полипептидтер – гипофиз, гипоталамус, ұйқы безден бөлінетін гормондар


  2. Қалқанша без гормондары, бүйрекүсті безі боз затының гормондары туындылары жатады.


  3. Стероидты – жыныс және бүйрек үсті безі қыртыс затынан бөлінетін гормондар мен Д3 витамині


Гормондар қызметіне қарай жіктеледі:


  1. Орталық бездер: гипоталамус, эпифиз, гипофиз. Бұлар басқа эндокринді бездеге бақылау жасайды.


  2. Шеткі бездер: қалқанша, қосқалқанша, бүйрекүсті безі. Маңызды қызметтерін реттейді. Аденогипофизге тәуелсіз: қосқалқанша без, бүйрекүсті без боз заты, ұйқы без аралшық жасушалары, тимус, қалқанша без кальцитониноциттері. Аденогипофизге тәуелсіз: қалқанша без, қосқалқанша, бүйрек үсті безі


  3. Аралас бездер аталық/аналық жыныс бездері, плацента мен ұйқы безі


  4. Гормон бөлетін жеке эндокриноциттер: нейроэндокринді жасушалар, гормон бөлетін жеке эндокриноциттер жатады.


Дамуын байланысты жіктеледі:


1.Энтодермальды дамитындар:
  1. Бронхиогенді топтағы бездер: қалқанша, қосқалқанша, тимус


  2. Ұйқы безіндегі Лангерганс аралшықтары


  3. Ас қорыту және тыныс алу жолдарында орналасқан эндокриноциттер


2.Эктодерма және нейроэктодермадан дамитындар:


  1. Гипоталамус, эпифиз гипофиз


  2. Бүйрек үсті бездерінің боз заты, параганглийлер


  3. Қалқанша бездегі кальцитонин бөлетін жасушалар





23. Гипоталамус. Гипоталамустың ірі және ұсақ ядролары. Нейросекреторлық жасушалардың қызметі мен құрылыс ерекшеліктері. Гипоталамустың аденогипофизотропты аймағы. Либериндер, статиндер
Гипоталамус – вегетативті жүйке жүйесін реттейтін орталық. Аралық мидың базальды бөлігінде, көру төмпешігінің астында орналасқан. Барлық висцералды қызметтерді бақылап отырады.
Эмбриогенездің 2-ші айында жүйке түтігінің краниальді бөлігінің нейроэктодермасынан дамуын бастайды. 3-4 айларда майда жасуша ядролары, 5-6 айларды ірі жасуша яролары нейрондарыд қалыптасады.
Алдыңғы, орталық, артқы бөліктері ажыратылады. 30-дан астам ядро тобы орналасқан.
Алдыңғы бөлігі. Құрамында супраоптикалық және паравентикулярлы ядролар орналасқан
  1. Супраоптикалық ядролары – ірі пептидхолинергиялық нейрондардан түзілген. Цитоплазмаларында Ниссль субстанциясы болады. Осы бөлімдегі нейрондарға зерттеу кезінде. Белок өндіретін органеллалары жақсы дамыған, нейромедиаторлардың бар болатыны анықталған. Нейрон аксондары гипофиздың артынадғы капиллярлармен түйісіп аксовазальды синапстарды түзеді. Супраоптикалық нейрондардан антидиуретикалық пен вазопрессин синтезделіп гипофиздың артқы капиллярына бөлінеді. Бұлар бүйректегі реабсорбция процесін күшейтеді.


  2. Паравентрикулярлы ядролар – құрамында ірі пептидхолинергиялық нейрондар мен майда нейрондар болады. Бұлардан окситоцин және вазопрессин гормондары бөлінеді. Окситоцин жатыр бұлшықеттерінің жиырылуын және сүт безінің қызметін реттейді.


Ортаңғы бөлігі. Арқуатты және вентромедиальді ядролар болады. Бұлардан аденогипофизді реттейтін олигопептидті рилизинг гормоны бөлінеді. 2 топқа бөлінеді: либериндер және статиндер. Либериндер аденогипофиздің қызметін күшейтсе, статинде керісінше тежейді. Бұлардың да бірнеше түрлері бар; либериндер: гонадолиберин, кортиколиберин; соматолиберин. Статиндер: соматостатин мен пролакостатин.


Артқы бөлігі. Құрамында мамиллярлы денешік пен перефоникальды ядро болады. Бұл бөліктің эндокринді қызметке қатысы жоқ. Алайда глюкоза мөлшерін және мінез-құлық реакцияларын реттейді.

24. Гипофиз. Адено- және нейрогипофиздің эмбриональді дамуы мен шығу көздері. Аденогипофиздің құрылысы, тіндік және жасушалық құрамы. Гипоталамо- аденогипофизарлы қанайналым жүйесі, оның гормондар тасымалдаудағы рөлі. Гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуі мен иннервациясы.
Гипофиз
  • Аденогипофизге тәуелді эндокринді бездердің жұмысын реттейді


  • Вазопрессин мен окситоцин гормондарының қорын жинайды.


  • Пигмент пен май алмасуын реттейді


  • Өсу гормонын синтездейді


  • Эндорфиндерді синтездейді


Жалпы аденогипофиз(алдыңғы, аралық, туберальды) бен нейрогипофизден(артқы) тұрады. Аденогипофиз ауыз қуысының жоғарғы бөлігіндегі гипофизарлы қалтадан бастау алады. Бұлардан бөлінетін гормон эпителийльды, нейрогипофизден бөлінетін гормондар нейроглиальды дееп аталады.


Аденогипофиз алдыңғы, аралық және туберальды бөліктерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет