4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет38/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Алдыңғы бөлік – тор түрінде орналасқан эпителий жасушаларынан тұрады. Жасуша тізбегі мен трабекулалар арасын борпылдақ талшықты дәнекер мен капиллярлар толтырып жатады. Әрбір трабекулалардың эндокриндік жасуша топтамалары болады: хромофильді және хромофобты
Хромафильды эндокриноцит – цитоплазмасында секреторлы түйіршітер бояуды жақсы сіңіреді. Өз кезегінде базофильді және оксифильді болып бөлінеді.
Базофильді эндокриноциттер бояумен жақсы боялады. Алдыңғы бөліктің 4-10 пайызын құрайды. 2 түрлі жасушалары бар:
  1. Гонадотропоциттер. Фоллитропин(жыныс жасушаларын түрлендіретін) және лютропин(аналық жасышада сары дененің пайда болуын, аналық жыныс безде интерстииальды жасуша гормонын болуге) гормондарын бөледі.


  2. Тиротропоциттер. Тиротропин гормонын бөледі. Бұл қалқанша бездің жұмысын реттейді.


Ацидофильді эндокриноциттер – алдыңғы бөліктің 30-35 пайызын құрайды. Пішіні дөңгелек, кейде сопақша. Дененің өсуін реттейтін соматропин және сүт безінің түзілуіне қатысатын пролактин гормонын түзеді.


Кортикотропты эндокриноциттер – аденогипофиздің көбінесе орталық бөлігінде орналасады, кортикотропты гормонды синтездейді.
Хромофобты эндокриноциттер – секреторлы түйіршіктерді нашар боялатын жасушалар. Аденогипофиздің 60 пайызын құрайды. Бұлар әртүрлі физиологиялық жағдайда арнайы қызметі әлі пісіп жетілмеген, немесе қызметін толық атқарып, секреторлы түйіршіктерден айырылған эндокриноциттер.
Аралық бөлік – жіңішке эпителиальды тізбек. Мұндағы жасушалар белок пен шырышты өңдейді. Меланотропин мен липотропин гормондары синтезделеді.
Туберальды бөлік – гипофиз аяқшасына жақын орналасқан куб тәрізді эпителиалды тізбек топтамасынан тұратын бөлік.
Гипофиздің артқы бөлігі немесе нейрогипофиз – питуициттерден тұрады. Бұлардың пішіні өсінді немесе жіпше тәрізді. Гипофиздің артқы бөлігі вазопрессин мен окситоцинді жинайды, бұл гормондар гипофиздің алдыңғы бөліктеріне синтезделген.
Гипоталамустың нейро-секреторлы жасушаларының аксондарының терминальды ұшы гипофиздің артқы бөлігіндегі капилляр қабырғасымен байланысып, Херринг денешігін түзеді.
Гипоталамо-аденогипофизарлы қан тамыр жүйесі портальды гипофизарлы артериядан басталып, біріншілік капилляр торына айналып, портальды венаға жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет