Синустар жүйесі бұлар:лимфаны түйінге алып келетін лимфа тамырлары-субкапсулярлы немесе шеткі синусты -аралық қыртысты синустары — аралық, боз затындағы синустары— қақпа синусы — қақпадағы лимфаны алып шыгатын тамырлар тұрады.
Қыртысты заты- лимфоидты тіннен түзілген құрамында көптеген фолликулдары мен фолликул аралық бөлігі бар аймақ. Лимфоидты фолликулдар жалпы мөлшері 1мм дейін болатын дөңгелек пішінді түйін болып табылады. Бұл фолликулдар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Айырмашылы тек реактивті көбею орталығында. Біріншілік фолликулдар В лимфоциттер мен фолликулярлы дендритті жасушалардан тұрады. Бұлардан бөлек аз мөлшерде Т-лимфоциттер мен макрофагтар болуы мүмкін. Біріншлік фолликулдар антигенмен байланысқан соң екіншілік фолликул түзіледі. Бұл фолликул құрамында көбею орталығы мен мантийлі аймақтары болады. Осы мантийлі немесе корона аймағы В зерде жасушалары(есте сақтау лимфоциттері) мен кіші В лимфоциттерден(әлі дұрыс жетілмеген) тұрады. Бұлардан бөлек макрофактар, лимфобласттар, ретикулярлы жасушалар кездеседі.
Реактивті немесе көбею орталығы ашық және күңгірт түсті аймаққа жіктеледі. Күңгірт түсті аймақ паракартикальді бөлікке карай бағытала орналасады. Мұндағы жасушалар митлз жолымен бөлінеді де, ашық түсті аймаққа ауысады.
Лимфа түйіні паракартикальді аймағы қыртысты зат пен милы заттың арасындағы бөлік. Жасушаларының көбі Т-лимфоциттер болғаннан кейін Т аймағы деп те атацды. Яғни тимусқа тәуелді аймақ болып табылады. Паракартикальді аймақты бірнеше бөліктерге бөліп қарастыруға болады. Әрбір бөліктерінде орталық және шеткі бөліктері ажыратылады. Орталық бөлігінде Т-лимфоциттердің бласттрансформациясы мен көбеюі жүретін болса, ал шеткі бөлігінде посткапилярлы веналар орналасады. Осы аталған веналар арқылы лимфоциттердің миграциясы жүреді, яғни қаннан түйінге түйіннен қанға лимфоциттер өтіп отырады. Миграцияға тек пісіп жетілген лимфоциттер қатысады. Пісіп жетілген Т және В лимфоциттердің арнайы Холлинг рецепторлары болады. Сонымен қатар осы аймақтағы лимфоциттерде фагоцитоз қабілеті жойылған әртүрлі макрофагтар микроқоршау түзеді. Бұларды интердигитатты жасушалар деп атайды. Бұл жасушалардың әлсіз базофильді боялған цитоплазмасында ГК, тегіс ЭТ мен везикульдар болады.
Милық заттың құрамында жұмсақ баулар мен аралық синустары орналасады. Жұмсақ баулар В-лимфоциттерге тәуелді аймағы боп табылады. Сонымен қатар мұнда плазмоциттердің толық пісіп жетілуі және макрофагтар мен ретикулярлы тіндердің түзілуі жүреді. Плазмоциттер G-иммуноглобулиндерді синтездейтін жасуша болып саналады. Жұмсақ баулардың сыртын синустар қоршап жатады. Бір жағынан капсула мен трабекулалармен, екінші жағынан түйіндер мен милық тәждер арқылы шектелген кеңістіктер – синус деп аталады, ол лимфа тамырларының жалғасы болып табылады. Синустардан лимфа сүзіліп өтеді, әрі пісіп жетілген лимфоциттермен толықтырып отырады. Синустардың құрамында лимфоциттермен қатар плазмоциттер, бос макрофагтар, аздаған түйіршіктелген лейкоциттер мен эритроциттер кездеседі. Синустар лимфа түйінінде сүзгі қызметімен қатар фагоцитарлық қызмет атқарады.