Байланысты: 4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org
31. Тістер. Тіс бастамалары, тістің гистогенезі. Тістердің жалпы морфо-функциялық сипаттамасы. Тістің қатты және жұмсақ тіндерінің құрылысы. Тістер-анатомиялық жағынан үш бөліктен тұрады :тіс түбірі, мойны, сауыты. Тістер – шайнау аппаратының бір бөлімі болып табылады және минералданған қаңқа тіндерінен тұрады.
Адамдарда тіс екі генерациялы болып келеді: түсетін сүт тістер, кейін орнын басатын тұрақты тістер.
Тіс дамуының 3 кезеңі бар:
1.Тіс бастамаларының түзілуі және жекеленуі
Сүт тістердің дамуындағы бірінші сатысы ауыз қуысының жекеленуімен және оның кіреберісінің түзілуімен қатар жүреді . Ол ұрықтық дамудың 2-айының соңынан бастап жүреді. Бұл кезде ауыз қуысының эпителиінде мехенхимаға қарай ұрт-ерін табақшасы түзіледі.Кейін бұл табақшада саңылау пайда болады, ол ауыз қуысының жекеленуінің және кіреберістің пайда болуының белгісі болып табылады.Біртүбірлі тістер шығатын аймақта кіреберстерінің түбінен екінші эпителиальді өсінді бастама ретінде өсіп шығады , кейін ол тіс табақшасына айналады.
2.Тіс бастамаларының түрленуі
Эпителиальді эмальді ағза 3 түрлі жасушалық қабатқа айнала отырып түрленеді: ішкі, сыртқы және аралық.
❖Ішкі эмальді эпителий – оны тіс емізікшесінен бөліп тұратын базальді мембранада орналасады. Ол уақыт өте биіктеп, призмалы эпителиге ұқсап кетеді. Ішкі қабатта болашақта эмальдің түзілуіне қатысатын жасушалардың ізашарлары орналасады. Оларды энамелобласт, амелобласт немесе адамантобласттар деп атаймыз.
❖Сыртқы эмальді эпителий ағзаның ары қарай өсуіне байланысты жалпақ болып кетеді.
❖Аралық қабаттың жасушалары олардың арасында сұйықтықты жинақталуының салдарынан жұлдызша пішінді түрге ауысады.Осылай , эмальді ағза пульпасы түзіледі. Кейін ол эмаль дің кутикуласын түзуге қатысады. Пульпа мен эмаль пульпасы екі түрлі құрылымдар
3.Тіс тінінің гистогенезі
3-саты эмбриональді дамудың 4-айында дентин түзуші-дентинобласт немесе одонтобласт жасушаларының дифференциациясы барысында басталады. Дамып жатқан тіс пульпасының перифериялық қабаттарынан бірінші преодонтобласттар түрленеді, кейін одонтобласттар дифференциациаланады. Олардың түрленуінің бір факторы – эмальді ағзаның ішкі жасушаларының базальді мембранасы болып табылады. Ең бірінші, жабынды дентин түзіледі, ол базальді мембрананың астында орналасады. Жабынды дентин матриксындағы коллагенді талшықтар эмальді ағзаның ішкі жасушаларының базальді мембранасына перпендикуляр бағытта орналасады.
Тіс сауыты – құрамында тіс эмалі мен дентині аралық матрикспен Тістер – анатомиялық жағынан үш бөліктен тұрады : тіс түбірі , мойны , сауыты . Тіс сауыты болады . Тіс эмалі -ағзадағы ең қатты тін , құрамында 96-97 % минералды тұздары бар , құрылым . Эмальдің құрылымдық элементі эмальдік призмалар , қалыңдығы 3-5 мкм . Құрамында диаметрі 25 нм минералды заттар , оның ішінде әр түрлі кристаллдары болады . Эмальдік призмалар бір – бірімен призма байланысады . Призмалардың пішіні « S » тәрізді . Эмальдің сырты Надсмитов мембранасы болып аталатын кутикуламен қоршалған . Тіс сауытының эмалінің астында дентин орын алады . Бұл тістің ең негізгі тіні . Дентин сүйек тінінің бір түрі . Дентиннің жасушасы дентинобласттар , бұлардың арасында минералданған заттар орналасады . Бұл заттардың құрамында коллаген фибриллалары , негізгі зат пен 72 % минералды компаненттері болады . Дентин дентин түтікшелерінен тұрады . Түтікшелерге дентиобласттардың өсінділері мен нервтері бірігіп кетеді. Тісте дентин – эмаль байланысы тістің ең мықты жері болып саналады .
Тіс түбірі дентин мен цементтен тұрады . Цемент те сүйек тінінің бір түрі , құрамында 70 % минералды заттары болатын құрылым . Цемент жасушалы және жасушасыз болып екіге бөлінеді . Жасушалы цемент тіс түбірдің ұшында , ал жасушасыз тіс түбірінің жоғарғы бөлігінде кездеседі . Цементтің жасушалары цементо циттер .
Тіс пульпасы тіс сауытының ішін толтырып тұратын , тістің жұмсақ тіні . Пульпа бірнеше қабықтан тұрады : сыртқы , аралық және ішкі қабықтары болып ажыратылады . Ең негізгі – қабаты , сыртқы қабат . Мұнда дентинобласттардың денесі орналасады . Тіс пуль пасының негізін БТҚДТ мен көптеген қан тамырлары мен нерв талшықтары түзеді