4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет41/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Қалқансерікбездер-қалқанша бездің артқы жағында орналасып,осы бездің капсуласымен қапталған.Оның жалпы салмағы 0,05-0,3 г,4-5 бөлікшелерден тұрады.
Қызметі:кальций метаболизміне қатысып,белокты паратрин гормонын қанға бөлу.
Дамуы:қалқансерік безінің бастамасы ұрықтың 3-4 жұп жұтқыншақ пен ішек қалташығының эпителийінен қалыптасады.
Құрылысы:сырты нәзік дәнекер тінді капсуламен қапталған.Бездің паренхимасы көптеген перделерден түзілген,эпителиалды эндокриноцит-паратироциттерден тұрады.Паратирин гормоны кальций мөлшерін реттейді.Омы паратироциттердің арасындағы орналасқан болпылдақ дәнекер тіндердің перделерінде қан капиллярлары болады.Әр паратироциттер бір бірімен десмосома арқылы байланыс жасайды.Паратироциттердің 2 түрі бар:негізгі және оксифильді.
Негізгі паратироциттер бездің көп бөлігін алады.Жалпы өлшемі 7-10мкм,цитоплазмасы базофильді боялады және көптеген бос рибосомалар тобы болады.Негізгі паратироциттегі секреторлық түйіржіктердің диаметрі 150-200 нм-дей боладыжәне олардың өлшемі жасуша қызметіне байланысты ұлғайып отырады.Бұл паратироциттердің арасында ашықжәне күңгірт түстілері болады.Ашық түстілерінің құрамында гликоген қосындылары бар.
Оксифильді паратироциттер-саны негізгі паратироциттерге қарағанда азырақ болып келетін көлемі ірі жасушалар.Олар безде жеке жеке болып орналасады.Цитоплазмасында оксифильді боялған түйіршіктері мен митохондриялары болады.Цитоплазмасында Гольджи кешені аздау болып келеді.Оксифилбді паратироциттерді көбінесе тіршілігі аяқталған жасушалар тобына жатқызады.
Қалқансерік безі гипофиз гормондарына тәуелді емес.Без қызметі гипокальцемия кезінде белсенділігі артады,ал гиперкальцемияда керісінше тежелінеді.Паратироциттерде кальций ионын танитын рецепторлар болады.Қай жерде кальций ионы көп болса,паратириннің секрециясы тежелінеді.
Минералды заттардың алмасуын реттеудегі маңызы.
Қалқанша серік бездер паратгормон және кальцитонин деп аталатын гормондар бөледі. Паратгормон сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белоктармен, фосфаттармен қосылыс түзуін шапшаңдатады, кальций мен фосфордың сүйектен шайылуын жеңілдетеді, қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады, бүйректе кальцийдің кері сорылуын жеңілдетеді. Кальцитонин қан құрамында кальций деңгейін төмендетеді, сүйектен кальцийдің шаймалануын бөгейді. Оның әсері паратгармонға қарсы бағытталған.Бездің гипофункциясы жағдайында организм тынышсызданып, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды, бұлшық ет тартылып, діріл байқалады, тәбет жойылып, шөл лайда болады, жүрек қағып, тыныс жиілейді, ішек қимылы нашарлайды, тыныс еттерінің сіреспе жиырылуы салдарынан организм тұншығып өледі. Без қызметі нашарласа аминсіздеу процесі бұзылып, бауырдың аммиакты несепнөрге айналдыру қабілеті нашарлайды, денеде белоктың алмасу өнімі — гуанидин мен оның туындыларының мөлшері кебейіп, организм уланады.
Без қызметі күшейсе қандағы кальций мөлшері көбейіп, фосфор деңгейі төмендейді және бұл элементтер организмнен көп мөлшерде бөлінеді. Осының салдарынан сүйек борып, кеуектенеді, ет босаңсып, ішекке қан құйылады.

28. Бүйрекүстібездің морфо-функциялық сипаттамасы. Даму көздері. Қыртысты және милы заттың құрылысы және тіндік құрамы.Жасушалық құрамы және гормондары. Бүйрекүстібездің секреторлық функциясы және оның реттелуі. Жасқа байланысты өзгеруі.
Бүйрекүсті безі құрсақ қуысында,бүйректің жоғарғы полюсына жақын орналасқан жұп без.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет