4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет20/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Эндокард, жүректін дәнекер тіні әрі ішкі қабығы. Соның ішінде тамырлар шығу тегі- мезенхимді болып табылады.Қалыңдығы бойынша әр түрлі болып келеді.Мысалы,жүректің сол жақ камераларында ,әсіресе қарынша аралалық бөліктерде,аорта мен өкпе артериясының байланысар жерінде қалың болады.Ал,сіңірлік жіпшелерде жұқа болып келеді.Эндокард қоректенуі –диффузды түрде ішіндегі қаннан қоректік заттарды алу арқылы жүзеге асады. Эндокард 4 қабаттан тұрады: эндотелий -базальді мембранада орналасқан эндотелиальді, полигональді жасушалар; субэндотелиальді қабат –аз маманданған жасушалары бар борпылдақ талшықты дәнекер тіні; бұлшықетті-эластикалық қабат-мұнда эластикалық талшықтар тегіс миоцит жасушалармен қиылыса орналасады;сыртқы дәнекер тіндік қабат -құрамында ірі эластикалық, коллагенді және ретикулярлы талшықтары, тамырлары бар дәнекер тіннен тұрады.
Миокард және эпикард мезодермадан, яғни– спланхнотомның висцеральді жапырақшасы, яғни миоэпикардиальді пластинкалардан дамиды. Миокард- жүректің ең мықты,етті қабығы.Бір-бірімен байланысқан тұсында көлденең жолақты ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады.Ал ,кардиомиоциттер аралығында борпылдақ дәнекер тіні,нервтер және қан тамырлары орналасады.Миокард құрамы бойынша 3 түрлі кардиомиоциттерден тұрады:жиырылғыш немесе жұмысшы кардиомиоциттер;өткізгіш және секреторлы кардиомиоциттер.
Миокардтың көп бөлігін осы жиырылғыш кардиомиоциттер алып жатыр.Ұзындығы шамамен 50-120 мкм құрайды,пішіні төрт бұрышты болып келеді.Сыртын сарколеммамен қапталады.Сарколемманың құрамында кардиомиоциттердің плазмолеммасы мен базальді мембранасы болады.Сарколемманы кардиомиоциттердің сыртқы қаңқасы деп те атайды.Кардимиоцттердің базальді мембранасында Са+ байланысатын гликопротеиндер болады.Қарынша мен жүрекшедегі кардиомиоцттердің айырмашылығы болады.Мысалы,пішіндері жағынан.Жүрекшедегі кардиомиоциттердің пішіні – өсінділі,ал қарыншадағы –цилиндр тәрізді болады.Жүрекшедегі кардиомиоциттер гликопротеиндерге бай болады.Ал, гликопротеиндер қанның ұюын тежейді.
Келесі кезекте жүректің сыртқы қабаты-эпикард.Перикардтың вицеральді жапырақшасы түрінде болды.Бұл дәнекер тінді, миокардпен тікелей бірігіп кеткен,жұқа шамамен -0,3-0,4 мкм құрайтын пластинка.Сырты мезотелиймен қапталған.50%- ын коллаген мен эластин талшықтары құрайды.Перикардта дәнекер тіні эпикардтқа қарағанада жақсы дамып ,жетілген әрі эластин талшықтары да көбірек болады.Мұнда қан тамырлар бойында май жасушаларының жиынтығы кездеседі.
Коронарлы артерияларда ішкі және сыртқы эластинді мембранасы тығыз каркас түзеді.Жүректің клапандарының негізінде қантамырлары қақпақшаларға бекілетін жерінде капиллярларға айналады.Ал ,бұлар барады да,коронарлы венаға жиналады.Айта өткеніміздей жүрек қабырғасында бірнеше нерв өрімдері сонымен қатар ганглилер болады.Ең тығыз орналасқан тұсында оң жақтағы жүрекшемен синустік –жүрекше түйіндері байқалады.Жүрек қабырғасының бос жатқан және капсулалы нерв ұштары да кездеседі.
15. Эндокард және оның туындысы – жүрек қақпақшалары.
Жүрек –қанды қозғалысқа келтіре отырып,қан тамырларға айдайтын негізгі мүше болып табылады.Жүрек қабырғалары 3 қабықтардан тұрады:ішкісі-эндокард,ортаңғысы-миокард және сыртқысы-эпикард деп аталады.
Ендігі кезекте ішкі қабырғасы –эндокардқа тоқтала өтсек.Айта өткеніміздей жүрекің ішкі қабырғасы-эндокард.Бұның бастамасы мезенхиамадан бастау алады.Негізі эндокардтың құрылысы бойынша қан тамырлардың құрылысына ұқсас болып келеді.Қабырғасы-эндотелий,эндотелий асты,сыртқы дәнекер тінді қабаттары және етті эластинді қабаттары болады.Жеке тоқтала өтетін болсақ, эндотелий қабаты-базлаьді мембранаға бекініп орналасқан,бір қабаты жалпақ эпителий;етті –эластинді қабаты-эластинді талшықтары мен миоциттерінің жігі;ал эндотелий асты қабаты-бырыңғай талшықты қалыптаспаған дәнекер тіннен тұрады - БТҚДТ.Бұл қабаты қан тамырларының сыртқы қабатының аналогі болып табылады. Негізінен эндокард жүрек қақпақшаларын қалыптастырып,оның дубликатурасы болып табылады.Осы тұста айта өтетін жайт, қақпақшалар эндотелиймен тысталған,кішкене жасушалары болатын,талшықты дәнекер тіні бар тығыз пластинка.Ал ,жүрекшеде қақпақшалары тегіс болады.Эндокардтың қоректенуі диффузды түрде ішіндегі қаннан қоректік затты алу арқылы жүзеге асады.
Клапандар.Клапандар жүрекше мен қарынша аралығында орналасады.Көбіне ірі қан тамырларда болады.Жүректің сол жағындағы қарынша мен жүрекше арасындағы клапан-екі қақпақты ,ал оң жағындағысы үш қақпақты болып келеді.Клапандар негізі эндотелиймен тысталады.Құрамында тығыз талшықты,дәнекер тінді құрылымы болады.Негізгі затында көптеп кездесетін заты-гликозаминогликандар деп аталады. Қақпақша табаны фиброзды сақиналарға бекініп орналасады.
16. Миокард. Атипті және типті кардиомиоциттер, олардың жүрек жұмысындағы маңызы. Эпикард және перикардтың париетальді жапырақшасы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Миокард- жүректің қызметіне жауапты, жүректің ірі және мықты қабаты.Миокард бізде 3 түрлі кардиомиоциттерден тұрады: Жұмысшы немесе жиырылғыш;Өткізгіш және Секреторлы кардиомиоциттер. Сонымен қатар миокард құрамында 1-2 ядро, көлденең жолақтылығы бар көптеген миофибриллилары, Т және L-түтікшелері, митахондриялары көп болады. Енді кардиомиоциттерге жеке тоқталып өтсем:
Бірінші бізде жұмысшы немесе жиырылғыш кардиомиоциттер жалпы бұлар миокардтың көп бөлігін алып жаткан кардиомиоциттер болып табылады. Олардың пішіні төртбұрышты, ұзындығы 50-120мкм-ды ал ені 15-20мкм-ды құрайды.Жиырылғыш кардиомиоциттер бізде өзара қыстырма дисктермен байланысады. Бұлардың құрамында десмосомалар, миофибриллалар мен қуысты контактылары-нексустары болады. Нексустар нерв импульстерін жасушадан келесі бір жасушаға тез өткізуін қамтамасыз етеді. Десмосомалар мен миофибриллалар механикалық қызмет атқарса, нексустар кардиомиоциттердің синхронды жиырылуын қамтамасыз етеді. Жалпы кардиомиоциттің сырты сарколеммамен тысталады. Ал осы сарколемманың құрамында кардиомиоциттердің плазмолеммасы мен базальді мембранасы болады. Базальді мембранасының құрамында Са иондарымен байланыс жасайтын гликопротеиндер өте көп болады.Осы гликопротеиндер қанның ұюын тежейді. Жиырылғыш кардиомиоциттер қарыншаларда- цилиндр тәрізді, ал жүрекшелерде өсінділі ,көлемі ұсақ боп келеді. Сонымен қатар жүрекшелік миоциттерде митохондриялар, миофибриллалар, саркоплазмалық тор аз, және Т-жүйесі өзекшесі нашар дамыған боп келеді.
2.Секреторлы кардиомиоциттер- оң жақ жүрекше мен құлақшаларда кездеседі.Бұлардың цитоплазмасында секреторлы түйіршіктерінің құрымындағы гликопротеиндер қанға НУФ (натрийдиуретиклык фактор) бөледі. Бұл фактор жүрекшедегі канның мөлшері көбейіп АҚҚ жоғары болу кауiпі туу кезінде канға бөлінеді, бүйрек нефрондарының кабырғасына әсер ету нәтижесінен біріншілік несептен Na -дын қанға кайта сорылуы тежеледі де, ағзадан бүйрекке натриймен бірге көп мөлшерде су бөлініп шығады да, қан қысымын төмендетеді. НУФ кан тамырларының диаметрін кеңейтңп тамырлардың тонусына әсер ететін гормондардың секрециясын тежейді (альдостерон. кортизол, вазопрессин). Бұлармен коса НУФ- тың құрамында қанның ұүюын төмендететін заттар да болады.
3.Өткізгіш кардиомиоциттер бұл кардиомиоциттер жүректің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Шығу тегі мен құрылысы жағынан бұлшықет тініне, ал қызметіне байланысты нерв тініне ұқсас болып келеді.Өткізгіш кардиомиоциттердің 3 түрін ажыратамыз: P-жасушалары(пейсмекер жасушасы), аралық жасуша және пуркинье талшықтарындағы жасушалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет