Қанмен қамтамасыз етілуі. Көкбауырға қан артериялар арқылы келеді де, сегменттік және трабекулярлық, пульпарлық артерияларға таралады. Трабекулярлық артерия аты айтып тұрғандай трабекулаларда орналасады. Ал пульпарлық артерия көкбауырдың қызыл пульпасында орналасады. Пульпарлы артерия алдымен ақ пульпаға өтіп, орталық ет типті артерияға, содан соң артерияларға,капиллярларға өтіп, олар бір-бірімен қосылып маргинальді синусқа ұласып кетеді. Жалпы қызыл пульпада болатын гемокапиллярлар венозды синустарға, яғни тұйықталған қан айналымдарға айналады. Бірақ бұл синустар ретикулярлы тінде ашық қан айналым жүйесіне ауысады. Синустар жалпы венозды жүйенің бастамасы болып саналады. Бұлардың диаметрі 12 ден 40 мкм ге дейңн болады. Эндотелийлері тұтас базальді мембранаға бекінген болып келеді. Қабырғасында перициттері болмайды, синустардың венаға ауысатын жерлерін ет типті сфинктер деп атайды. Көкбауырдың артериялары мен венасының арасында көптеген асындай анастомоздар кездеседі.Қазіргі уақытта зерттей келе көкбауырдың қан айналым жүйесі мүшелердің қызмет жағдайына байланысты екені дәлілденген. Ағзаның сергек әрі ширақтығына байланысты көптеген сегменттерінде қан мүшесінің стромасына өтпей ақ жылжиды. Бұл қан циркуляциясының жабық түрі. Ал адамның тыныштық кезінде қан көптеген сегменттерден венозды синустардан ретикулярлы тінге өтсе бұл ашық түрі болады. Жалпы қай кезде болмасын көкбауырда қан циркуляциясының 2 түрі де өз жұмысын атқарып отырады.
Жасқа байланысты ерекшелігі: Егде жастағы адамдарда көкбауырдың ақ және қызы пуьпалары біртіндеп артрофияға ұшырайды. Көкбауырдағы ақ пульпаның немесе лимфатикалық фолликулдардың көлемі мен саны, мөлшері кішірейеді. Ретикулярлы талшықтары иректеліп, өрескел талшықтарға айналады.Осындай талшықтардың бойында көптеген жуандаған түйіндер де пайда болады. Жас балалар мен қартайған адамдарда көп ядролы жасушаларда кездеседі. Жастың ұлғаюына байланысты эритроциттарда тіршілігін жоятын құрамында темірі бар пигменттер көкбауыр пульпаларында көбейеді.