Несепағар – рефлекторлы қызмет атқаратын несеп шығару жолдарының бір мүшесі. Ол өте созылғыш сипатқа ие, өйткені кілегейлі қабатында көптеген бойлық қапарлары болады. Несепағардың кілегей асты негізінде альвеолярлы-түтікшелі бездер орналасады. Ал бұлшықетті қабат болса, өз кезегінде несепағардың жоғарғы бөлігінде екі, ал төменгі бөлігінде үш қабатты миоциттер орналасады. Айта кететін жағдай, несепағардың қуыққа жалғасатын жерінде несепағардың бұлшықетті қабаты айналмалы түрде орналасып, қысқыштар түзеді , ал олар несепағардың қабырғасының жиырылуын реттейді. Несепағар қабырғасы жиырылған сәтте несеп қуыққа белгілі бір мөлшерде беріліп отырады. Демек, осыған байланысты несепағардың бойында 2-4 сециялық цистоидтары ажыратылады. Несепағардың сырты болса адвентиуиальді қабықпен қоршалады.
Қуық – зәр сақталатын несеп шығарушы жолдардың бір мүшесі. Оның қабырғасының құрылысына тоқталатын болсам: Кілегейлі қабығы ауыспалы эпителий тіні мен меншікті пластинкалардан құралады. Меншікті пластинка көптеген кіші мөлшерлі капиллярлардың торынан тұрады. Сонымен қатар, кілегейлі қабатта орналасатын қатпарлар қуықтың созылуы мен қысылуына әсер етеді. Қатпарлар қуық пен несеп шығаратын түтіктің байланысу жерінде, яғни қуықтың үшбұрышында да кездеседі. Қуықты басқа мүшелерден ерекшелейтін оның кілегей асты негізінің болмауында.
Қуықтың бұлшықеттік қабаты дәнекер тінінің перделерінен тұрып, үш қабатты миоциттерден тұрады. Қуықтың артқы, жоғарғы және бүйір бөліктері сірлі қабықпен қапталады, ал қалған бөліктері адвентициальді қабықпен қоршалған. Сонымен қатар, қуықтың қан мен лимфа тамырларына өте бай.
Бүйректің иннервациясынатоқталатын болсам, ол жұлынның артқы түбіршегінен шығатын нервтер және парасимпатикалық, симпатикалық эфферентті нервтер арқылы жүзеге асады.Бұл нервтердің бір тобы бүйректің қан тамырларын , ал келесі тобы нефрон түтікшелерінің қабырғасын нервтендіреді. Сонымен қатар, бүйректе поливалентті нерв ұштары да ажыратылады. Олардың біреуі бүйрек түтікшелеінде, ал екіншісі қан тамырларының қабырғасында аяқталады.
50. Аталық жыныс жүйесі. Аталық жыныс безі. Оның генеративті және эндокриндік қызметі. Құрылысы және қызметі. Иректелген ұрық өзекшелері. Спермотогенез. Гематотестикулярлы тосқауыл.