4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет34/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
Байланысты:
Гистологияя сессия ответі

ҚАЛҚАНША БЕЗІ
Қалқанша безі эмбриогенездің 3-4 аптасында 1 және 2 желбезек қалталарының жұптарының арасында жұтқыншақтың қабырғасының өсіндісі түрінде пайда болады. 3-4 желбезек қалталарының деңгейінде ол екіге жарылады да қалқанша безінің екі бөлігін береді. Бастапқы эпителий жасушаларының созындысы кері дамиды, оның біраз бөлігі ғана сақталып, бездің екі бөлігін біріктіріп тұратын қылтаны құрайды. Басқа сүтқоректілерде бездің екі бөлігі бір-бірінен оқшауланып, жеке орналасады. Мезенхима созындылардың арасына кіріп қан тамырлары мен дәнекер тіндердің бастамасы болады. Адамда нейробластылардың туындысы нейроэндокриндік парафолликулярлық жасушалар қалыптасады. 
Құрылысы: Қалқанша безі сыртынан дәнекер ұлпалық капсуламен қапталған. Капсуладан бездің ішіне кіріп орналасқан трабекулалар оны бөліктерге бөледі. Бездің екі бүйірлік және сиректеу кездесетін пирамидальды бөліктері, қылтасы ажыратылады. Бездің құрылыс қызметін атқаратын бірлігі фолликулдары . Фолликул – шар тәрізді , жұмыр болып келген көлемі әртүрлі , іші қуыс қапшықтар . Фолликулдар кейде пішінсіз де болады . Фолликуланың қабырғасы базальді мембранаға бекінген бір қабатты тироциттерден түзіледі . Фолликулдардың іші секреторлы өнімдерге толы . Мұндай секрет көбінесе құрамында тироглобулині бар коллоид түрінде болып келед , сүйықтық түріндегі қүрылым . Фолликулдар арасындағы дәнекер тінді перделердің құрамында көптеген гемо және лимфакапиллярлары тығыз орналасып , фолликулалардың сыртын қоршап ала жатады . Бұлармен қоса , бездің фолликулаларының арасында эпителиоциттердің тобынан тұратын интерфолликулярлы бөліктер болады . Бездің дәнекер тінді перделерінің құрамында лимфоциттер , плазмоциттерде орын алады . Көптеген науқастарда , патологиялық жағдайларда ( тиреотокснкоз . аутоиммунді тиреоидитте ) бұл жасушалардың саны көбейіп , тіпті лимфоидты фолликулалар да пайда болады . Интерфолликулярлы аралықтарындағы тироциттерді — парафолликулярлы жасушалар дейді ( К – жасушалары ) .Тироциттер ( thyrocyti ) — пішіні мен көлемі бездің қызметіне байланысты өзгеріп отырады . Қалыпты жағдайда пішіні куб терiздi , ядросы шар тәріздес болып келген , бөлген секреті коллоид түрінде , гомогенді . Ал , егер ағза безаің гормонына тәуелді болған ( гормоңды көп бөлсе ) жағдайда , бездің гиперфункциясы байқалады да , онда тироциттердің пішіні призма тәрізді қалыпқа келеді . Коллоидтық құрамында көптеген вакуольдар пайда болады . Ағзада бездін қызметі төмендесе ( белсенділігі ) гипофункциясы байқалады да , бұл кезде коллоидты секреті қоюланып қатып , тироциттердің биіктігі өзгеріп , жалпақ пішінге айналады . Тироциттердің апикальді полюстеріңде фолликуа қуысына бағытталған микробүрлері болады . Бездің қызметінің белсенділігіне қарай бүл микробүрлерінің саны мен көлемі ( мелишері ) өзгеріп те отырады . Ал базальді полюсінде гемакапиллярлармен түйісетін қатпарлары да бар . Әрбір тироциттер бір - бірімен десмосомалармен байланысады . тіпті саусақ тәрізді өсінділер ( интердигитациялық байланыс ) арқылы тығыз байланысатын кездері без қызметінің белсенділігін байқатады . Тироциттердің цитоплазмасында органеллалардың барлық түрлері оның ішінде белок синтезіне қатысатын түйіршікті эндоплазмалы торлар , рибосомалар , полисомалар . Гольджи комплексі , өте ірі митохондриялар болады . Секреторлы қызметі . Без жасушаларының бірнеше функциональді кезендерін байқауға болады . Олар : гормонға қажетті заттарды жинау , секрет синтездеу , гормон бөлу . Бездің негізгі бөлігі болып саналатын фолликуласынан секреторлы өнімдері тироциттер арқылы қан мен лимфа капиллярларына өтеді . Бұл секрет шығару фазасына жатады . Гормонга қажетті өнімдер безге қаннан сорылады . Бұл онiмдерге амин қышқылдары , түздар т.б. жатады . Қаннан сорылып келген өнімдер эндоплазмалық торда синтезделініп , полипептидті тізбектер түріндегі болашак тироглобулиннің молекуласы түзіледі де , Гольджи комплексіне өтіп тироглобулиннің секреторлы везикулаларына айналып , тироциттердің алтикальді полюсіндегі микробүрлері арқылы жүзеге асады . Сонан соң тироглобулии молекуласынан алдымен бір атомды йод - моно йодтирозин , екі - үш атомды йод - тетрайодтирозиндер пайда болады . Гормон болу кезеңі . Гормон фолликул ішіндегі коллоидтая реабсор бция жолымен бөліп шығады . Бездің қызметінің белсенділігіне байланысты эндоцитоз әдісі әртүрлі өтеді . Бұл кезеңде троциттердің пішіні өзгеріп ісінеді де , апикальді полюсінде көптеген псевдоподнялар пайда болады ( цитоплазмалық өсінділер ) . Мұндай псевдоподиялар коллоидқа еніп , фагоцитоз әдісімен тироциттерге коллоид фрагменттерін сорады . Тироциттердің цитоплазмасына енген коллоинд фрагменттері лизосомалармен қосылып фагосомалар пайда болады да , протеолитикалық ферменттердің әсерінен тироглобулиинен тиреоидты гормондар бөлінеді . Бөлінген гармондар тироциттердің базальді полюсіне ығысып , біртіндеп қанмен лимфаға бөлініп шығады . Гормондары : йодтироним , йодтирозин т . б . Парафолликулярлы жасушалары немесе к - жасушасы бездің паренхимасында топтаса орналасқан , кейде фолликулдардың қабырғасында да кездеседі Ерекшелігі : қаннан иодты сормай , - ақ гормон синтездейді . Белетін гормоны белокты - кальцитоник Қаңдағы кальцийдің мөлшерін азайтады , қалқанша безінің гармоны паратирамму антогонисі . Қалқанша безден синтезделетін гормон параттарын сүйек тініне әсер етіп , кальцийдің қандагы мөлшерін көбейтеді ( гиперкальциемия ) . Тироциттердің секреторлы циклы . Тироциттердің секреторлы циклы екі кезеңнен тұрады : секрет түзу , және гормон бөлу . а ) Секрет туту - тироциттер қаннан тироглобулинді ( амннқышқылын , көмірсуларды , иондар но , иодтарды сорады ) алады . б ) Түйіршікті эндоплазмалы торда полипептидтер синтезі , ал Гольджи комплексінде ферменттердің көмегімен тиропероксидаза синтезі өтеді де , коллоид пайда болады . Гормон бөлу - немесе тироглобулинийн резорбциясы аркылы пиноцитоз жолымен ( лизосомалардың қатысуымен , оның ішінде протеаза ) тироксин мен трийодтиронин ( бір , екі үш атомды йодты тиронии ) гормондары пайда болып , базальді мембрана аркылы сорылып қал мен лимфа капиллярларына бөлінеді . Тиронин гормоны қалқанша безіни кызметін реттеп , тироциттердің бүрлері арқылы тироглобулиннің сорылуын күшейтіп , цитоплазмадағы активті гормондардың бөлінуіне де қатысады . Тнроциттер йодтың нонын қаннан сорады да атомарлы йодқа айналдырып , йод - тирозин , йодтиронин гормондарын қанға бөледі . Бұл гормондар агнада йодтың алмасуына қатысады . Бездін кальцитониноциттері тироциттерге қарағанда ірілеу , дөңгелек пішінді болып келеді , ерекшелігі : бұлар қаниан йодты сормай - ақ нейроаминдер болу аркылы ( норадреналин меи серотонин ) белокты гормондарды синтездейді . Бұл гормондарға кальцитонин мен соматостатин жатады . Бездегі кальцитониноциттер топтасып фолликулдар арасында орналасады . Бұларды K - жасушалары деп те атайды .

27. Қалқансерікбездер. Құрылысы және жасушалық құрамы. Минералды заттардың алмасуын реттеудегі маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет