Гематотестикулярлы барьер немесе ГТБ – аутоиммундық реакциялардың алдын алу , сонымен қатар жыныс жасушаларын әртүрлі зиянды агенттердің зақымдауынан қорғау үшін қажет құрылым болып табылады. Яғни, оның маңызына тоқталатын болсам, эмбриональді даму барысының бастапқы сатысында жыныс жасушалары қан және иммундық жүйе ағзаларынан ГТБ арқылы ажыратылып, осы иммундық жүйенің антигендері ағзаның өз иммунокомпотентті жасушалары үшін қол жетімсіз болып қалады. Соның нәтижесінде, антигендерге деген төзімділік түзілмей, олар бөгде заттар ретінде қабылданады, сол себепті ГТБ аутоиммундық реакциялардың алдын алады.
ГТБ-ның функциялары:
Қоректік және реттеуші заттардың тасымалдануын қамтамасыз етеді;
Әртүрлі даму сатысындағы жыныс жасушаларына қолайлы микроқоршаулар түзу;
ГТБ-ның құрылысына келетін болсақ, ол иммундық қорғаныстық қызметінің жоғары болуымен ерекшеленгендіктен, басқа барьерден құрылысы өзгеше болады. ГТБ- оқшаулаушы типті барьер , сол себепті құрылысы өте күрделі. ГТБ құрамында кездесетін құрылымдар:
51. Ұрық шығару жолдары. Ұрық шығару өзегі, ұрық көпіршіктері, ұрықшашу өзегі. қуықасты без. Ұрық шығару жолдарына аталық жыныс бездің түтікшелер жүйесі мен ен қосалқысынан тұратын ағзалар жиынтығы. Аталған жолдар арқылы ұрық сұйықтығы(сперматозоид+ сұйықтық) жүріп өтеді. Ұрық шығару жолдарына тік түтікшелер жүйесі, ең қосалқысы, ұрықты алып шығаратын өзек жолдары мен несеп шығару каналы жатады.
Ұрық шығару жолдарының функциялары:
Ұрықты сақтау;
Трофикалық қызмет;
Контус кезінде бөліну;
Секрециялық қызмет;
Эндокриндік қызмет.
Ұрық шығару жолдарының құрылысына тоқталатын болсам, негізгі тіні эпителий тіні болып табылады, ол ұрық шығару жолдарының бөлімдерінің қызметтеріне сәйкес әр бөлімде әртүрлі болады. Бұл эпителий тіндері қозғалыссыз болатын жаңа түзілген сперматозоидтарды қысым, эпителиоциттердің кірпікшелері және бұлшық етті қабықтың жиырылуы арқылы ұрық жолдарының бойымен жылжытады. Сонымен қатар, эпителий тіні ұрық сұйықтығының 90%-дан астам бөлігін қайта сіңіреді.
Эпителийде APUD-жүйелерінің эндокринді жасушалары ажыратылады, олар ұрық шығару жолдарының секреторлық және моторикалық функцияларын реттеуге қатысады. Айта кететін жағдай, ұрық шығару жолдары иннервацияланбайды, сол себепті жиырылу андроген гормоны арқылы реттеліп отырады.
Иректелген түтікшелерден кейін әкетуші жүйе - бездің тік түтікшелері. Олар еннің торына, еннің ұрық шығару каналына, еннің қосалқысына және төменгі бөлімінде жалпы ұрық алып шығаратын өзекшесіне, несеп шығару каналына айналады. Аталған түтікшелердің гистологиялық құрылысында 3 қабатты ажыратамыз: шырышты қабық, бұлшықет қабығы және адвентиция.