4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты



бет27/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

Жүргізудің рәсімі бойынша:

• Мемлекетгік экологиялық сараптама рәсімі:



  1. мемлекеттік экологаялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеуді;

  2. сараптамаға берілген кажетті материалдардың, реквизиттердің болуын және толымдылығын, соның ішінде жоспарланып отырған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және нормативтік талаптарға сәйкес келуін анықтауды тексеру болып табылатын алдын ала сараптаманы;

  3. сараптаманың қажетті деңгейін, материалдардың талдап өнделуін, жоспарланып отырған не жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық қауіптілік дәрежесіне салыстырмалы талдау жасау мен ішінара баға беруді, сараптама объектілерін іске асыру негіздерінің жеткілікті және анық болуын көздейтін сараптаманың негізгі сатысын;

  4. жекелеген сараптамалық бағасы мен экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытуды, материалдардың келісілгені немесе олардың қабылданбай тасталғаны туралы тұжырымдары бар сараптамалық қорытынды әзірлеуді қоса алғанда, сараптаманың қорытынды сатысын қамтиды.

• Қоғамдық экологиялық сараптама рәсіміне:

  1. қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің мемлекеттік тіркелуі;

  2. мәлімделуі (мәлімдемеде қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің бастамашысы, қоғамдық сараптама құралымының
    және экологиялық сараптаманың объектілері орналасқан жері туралы мағлұмат хабарланады);

  3. қоғамдық экологиялық сараптама корытындысын дайындау; бұқаралық ақпарат нәтижелері туралы хабар жатады.

Жүргізу мерзімдері бойынша:

  • Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі үш айдан аспауға тиіс, қаралатын құжаттаманың көлемі мен күрделілігіне қарай бұл мерзім алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту құжаттама тапсырысшысының өтініші бойынша ғана және оның сараптама жұмыстарына қосымша ақы төлеуге кепілдіктері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

  • Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу үшін мерзім белгіленбейді, демек, ол тапсырысшының және сараптама комиссиясының қалауы бойынша анықталуы мүмкін, бұл комиссия экологиялық сараптама жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет