4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты



бет28/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

Қаржыландыру көзі бойынша:

  • Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сараптама жұмыстарын жүргізгені үшін төленетін төлемдер, сондай-ақ табиғат қорғау қорларының осы мақсатқа арнап көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  • Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың өз каражаты есебінен немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

  • Сарапшылық комиссияның нәтижелері қорытынды түрінде ресімделеді.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы - экологиялық сараптама объектілерін іске асыру жөнінде шешімдер қабылдауға болатындығы мен мүмкіндігі туралы тұжырымдар мазмұндалатын құжат. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган қабылдағаннан кейін барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Мемлекеттік экологиялық сараптама теріс қорытынды берген жағдайда тапсырысшы сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес оларды пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгілеген мерзімде қайтадан экологиялық сараптама жүргізуге барлық материалдарды табыс етуге немесе көздеп отырған қызметінен бас тартуға міндетті. Сонымен бірге, егер мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы теріс болып табылатын болса, онда кез келген нысандағы қаржы мекемелерінің қаржыландыруы және жобаларын іске асыруы жүргізілмеуі мүмкін. Егер мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы оң болып табылатын болса, онда ол жарамды болады:

  1. жобалау құжаттамалары үшін — құрылыс басталғанға дейін оны берген күннен бастап екі жыл бойы;

  2. жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан кәсіпорындардың құжаттамалары үшін — бес жылға дейін.

Экологаялық сараптама, егер:

  • экологиялық сараптаманы жүргізудің рәсімі бұзылса;

  • экологиялық нормалар мен ережелер, экологиялық қауіпсіздік,
    қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
    мен молықтыру талаптары орындалмаса немесе бұрмаланса;

  • азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін жайлы қоршаған
    ортаға құқықтары, халықтың басқа да экологиялық құқықтары
    мен мүдделері, экологиялық-сараптамалық процеске қатысушылардың құқықтары бұзылса;

  • экологиялық сараптамаға қатысатын тараптардың құқықтары
    бұзылуының өзге де жағдайлары анықталатын болса, жарамсыз
    деп танылуы мүмкін.

Экологиялық сараптама саласындағы даулар қалай шешіледі?

Мемлекеттік экологиялық сараптама органдарымен тапсырысшылар арасында туындаған келіспеушіліктерді Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы былайша қарайды:

  1. Келіспеушіліктер хаттамасы ресімделеді.

  1. Келіспеушіліктер хаттамасы Казақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына
    қажетті материалдарды қоса отырып жіберіледі.

  1. Келіспеушіліктер қорытындысын берген мемлекеттік экологиялық сараптама органының, сондай-ақ тапсырысшының қатысуымен келіспеушіліктер хаттамасы мен басқа да қажетті материалдар түскен күннен бастап бір ай ішінде шешіледі. Бұл мерзім Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ үш айдан аспауға тиіс.

  2. Келіспеушіліктер жөніндегі шешімге сотқа шағымдануы мүмкін.

Экологиялық сараптама саласындағы мүліктік даулар сот тәртібінде шешіледі.

Мемлекеттік кадастрлар барлық қоршаған ортаға қатысты жүргізілмейді. Есеп ерекшелігін ескере отырып, табиғат объектілерінің әр алуан әдістемелері, физикалық қасиеттері, олар орындайтын міндеттері, әр түрлі нысандары — бірыңғай табиғат кадастрын белгілі бір кезенде жүргізу мүмкін болмайды, оның үстіне тиімді де емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет