“Бізге көрініп тұрған дүние қандай да бір ниетке, белгілі бір мақсатқа сәйкес жаралған. Сол ой мен мақсат біз Құдай деп атайтын жаратушыны бейнелейді”
Т. Аквинаттың «Теология жинағына»
Д. Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін» кітабынан берілген түсіндірмесінен
«Барлықтың не нәрсесіне қарасаңыз да мақсұтсыз, керексіз жаралған емес. Бәрін айтпай-ақ, өз көзіңізді ойлаңыз: құлақ, мұрын, ауыз сияқты мүшеңіз мақсұтпен жаралғанын көресіз. Ғылым жолымен өсімдік, ағаштардың тамыры, өзегі, қабығы, жапырағы, гүлі сияқтылардың бірде-бірін бұл мақсұтсыз деп айта алмайсыз. Бұлар нені көрсетеді? Түп себептің бүйтіп салған жолына қарағанда, оның білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығын анықтайды. Егер осының бәрін істеп шығарып тұрған түк сезбейтін соқыр табиғат болса, онан мұндай мақсұт, білім, ерік, гармония тартып, жарасым таңдау жоғарылау шыға алмайды»