Дао – жол, реттілік, заңдылық. Дүниедегі құбылыстар даодан бастау алады
Лао Цзы
(б.з.д. 604-517)
«Дүниенің негізінде жатқан Дао – мәңгілік, өзгермейді, бітімсіз, танылмайды. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен, ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ – естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз – оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс»
Лао Цзы
Болмысқа қарсы бейболмыс (яғни, бірдеңенің толықтай болмауы, ештеңе) деген ұғым бар
“Сөзбен жеткізілетін дао – мәңгілік дао емес. Атаусыз болу – aспан мен жердің басы; аты бар болу – барлық заттардың анасы”
“Дао” – мәңгілік, аты жоқ, өңделмеген жақпартас. Кесек тас өңделгенде, атауы пайда болады”
Лао Цзы
Материя – адамзат танымынан тәуелсіз дамитын объективті шындық. Материя – уақыт қатынасында – мәңгілік, кеңістік қатынасында – шексіз. Материя қозғалыспен тығыз байланысты
Уақыт және кеңістік – материяның тіршілік етуінің негізгі формалары. Кеңістік бір уақытта бір-бірімен тығыз байланысты объектілердің орналасу реттілігін, ал уақыт – бір-бірін алмастырушы құбылыстардың орналасу реттілігін білдіреді
Болмысқа қатысты ұғымдар: себеп пен салдар, құбылыс пен мән, сапа мен сан, өлшем мен секіріс, қозғалыс пен даму, бүтін мен бөлшек, мүмкіндік пен шындық, кездейсоқтық пен қажеттілік және т.б.
Ортағасырлық араб-мұсылман философтары болмыс туралы
Әл-Кинди, Әл-Фараби және Ибн-Сина сынды араб-мұсылман философтары дүние болмысын эманациялану (тасу, ағу) процесі арқылы түсіндірді. Олардың ойынша, “кемеліне келген, ешқандай мінсіз, өз-өзіне жеткілікті бүкіл баршаның өмір сүруінің алғашқы себебі” өзіне сыймай тасып ағып, ақыл-ой, жан-дүние, аспан әлемдерін тудырды
“Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені ол өз-өзіне сыймай, тасып ағады. Ал Болмыстың дүниеге келуі – оны тудырған Бірінші Мәннің жойылуы деп түсіну қате”
Әл-Фараби
Мартин Хайдеггер
(1889-1976)
1927 жылы жарық көрген «Болмыс және уақыт» еңбегінде М. Хайдеггер болмысты тек категория ретінде қалдырып қоймай, нақты дүниенің, нақты заттардың, нақты тарихи адамның болмысы – харекеті, ізденісі, күресі, үміті, үрейі, ұмтылысы етіп көрсетеді, нақты өмірмен байланыстырады
«Тек қана адам болмысы арқылы болмыс таныла алады, проблемаға айналады»
«Адам аты бар да, заты жоқ мылқау бірдеме емес, ол өзінің де, қоршаған дүниенің де, өзі жасаған заттардың да, мәдениеттің де болмысын, не үшін өмір сүретінін паш етеді. Болмыс заттың, құбылыстың санада, теорияда, ғылымда, философияда бейнеленуін де аңғартады»