4 Дәріс. Педагогтың ғылыми –зерттеушілік мәдениеті. Әдіснама туралы түсінік және оның деңгейлері



бет2/7
Дата22.12.2022
өлшемі85,2 Kb.
#58893
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Педагогты ғылыми –зерттеушілік м дениеті. діснама тур

Әдіснамалық ілім деңгейлері



Философиялық
деңгей


Жалпы ғылымилық
деңгей


Нақты ғылыми
деңгей


Технологиялық
деңгей




Жалпы ғылым категориялары
ның құрылым мен жалпы принциптерінен құралады

Барлық немесе көпшілік ғылыми пәндерге ортақ теориялардың тұжырымдама-
ларынан құралады.

Белгілі бір арнайы ғылымда қолданылатын әдістер, зерттеу принциптері және процедуралар жиынтығы

Зерттеу техникалары, әдістемелерден құралады, яғни алғашқы эмпирикалық материал жинақтауды қамтамасыз етеді

Сурет 4. Әдіснамалық ілімнің деңгейлері


Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды, оларда белгілі бір деңгейде өзара байланыс болады. Философиялық деңгей барлық білімнің мазмұндық негізі болады.


Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттерден тұрады: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық талдауды талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теориясының логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты
Философиялық деңгей.
Қазіргі таңда әртүрлі адамтанушылық ғылымдардың әдіснамасы болып табылатын түрлі философиялық ілімдер бар, олар педагогикаға да қатысты болып табылады. Олар: экзистенциализм, неотомизм, позитивизм және неопозитивизм, прагматизм, диалектикалық материализм және т.б.
Қазіргі уақытта әр түрлі философиялық ілімдер (бағыттар) көптеген ғалымдардың әдіснамалық негіздері ретінде көрініс тапқан. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Педагогиканың философиялық негіздері төмендегідей негізгі ілімдерден құралған: экзистенциализм, прагматизм, диалектикалық материализм, неоатомизм, неопозитивизм және т.б. Төмендегі 1 кестеде педагогиканың философилық негіздері болған ілімдерге қысқаша сипаттама берілген:

1 - кесте - Педагогиканың философилық негіздері болған ілімдер





Ілім түрлері

Негізгі өкілдері

Идеялары

Экзистенциализм

Н.А.Бердяев, Л.И.Шестов, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Ж.Сартер, Э.Брейзах, П.Тиллих

Адам болмысының әлемде өмір сүру философиясы, адамдардың өз болмысын әлемде сезінуі туралы зерттейді. Негізгі ұғымдары - өмір сүру. Объективті әлем субъектінің болмысы үшін өмір сүреді. Сыртқы әлем тұлғаның ішкі әлемінің көрінісі, сезінуі ретінде анықталады. Объективті ілімді жоққа шығарады, мектептегі бағдарлама мен оқулықтарға қарсы шығыды.

Неотомизм

Неігізін салушы Фома Аквинский, Ж.Маритен, У.Канингхем,
М. Адлер,
М.Казотти т.б.

Сана – бұл құрал. Ғылыми білім туралы қарастырады. Әлем: рухани және материалдық деп бөлінеді. Әлемнің мәнін ашуға ғылымның күші жетпейді, оны құдай анықтайды. Жоғары ақиқатақа тек «жоғары санамен» жетуге болады, яғни құдайды тану арқылы әлемді танимыз. Ұрпақ тәрбиесіндегі діннің маңызы жоғары қояды. Мектептегі рационалдылықты сынға алады.

Прагматизм

ХІХ – ХХ ғасыр аралығындағы пайда болған философиялық ағым Дж.Дьюи,
Т.Брамельд, А.Маслоу,Э.Келли және т.б.

Гректің «прагма» сөзінен шыққан - тәжірибе, іс дегенді білдіреді.ақиқатты тану адамның жеке тәжірибесміне байланысты, объективті ғылыми білімді жоққа шығарады. Бала ата – анасынан берілетін нышандарының негізінде қабілеті, бейімділігі қалыптасады. Ол өзінің жинақтаған өмірлік тәжірибесі арқылы дамиды.

Позитивизм

ХІХ-ХХ ғасырдың тоғысында пайда боды. Ірі жаратылыстанушы ғалымдар

Жаратылыстану ғылымының нәтижелерін философиялық мәнде түсіндіріп, жаратылыстану ғылымын, әдістерін абсолюттендірді. Олар сандық әдістер бойынша зерттеу жүргізуді ұсынды.

Диалектикалық материализм

ХІХ ғ. 40- жылдары дүниеге келген, өкілдері - К. Маркс,
Ф. Энгельс

Диалектика – ойлаудың және қоғамның, табиғаттың дамуының неғұрлым жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
Диалектикалық – материалистік педагогика - тұлға қоғамдық қарым–қатынастырдың субъектісі, әрі объектісі деген тұжырымдамаға тіреледі. Тұлғаның дамуына - орта, тұқымқуалаушылық және тәрбие әсере етеді. Тұлға іс - әректте қалыптасады.

Неопозитивизм

Дж. Конант және т.б.

ХХ ғ. 60 -70 жж. бұл ағымның өкілдері жаратылыстану – математикалық білім мазмұнының қайта қарастыруды көздеген. Олар білімнің мазмұны негізгі емес, керсінше таным әдістерін дәріптейді.

Философиялық білімдердің даму сатыларының әдіснамасының орынды негіздері уақыт өте келе қортындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауына айналып отыр.


Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты ғылыми деңгейде жүргізілген зерттеулерге сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты ғылыми деңгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психологиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Жалпығылымилық деңгей.
Педагогиканың әдіснамасының жалпығылымилық деңгейін – жүйелілік келіс белгілейді. Ол қоршаған ортадағы құбылыстар мен процестердің бір-бірімен байланыстылығын дәлелдейді.
Жүйелілік келістің мәні, ол дербес компоненттерді жеке емес, байланыста, дамуда және қозғалыста қарастырылуын талап етеді. Ол келесі зерттеу принциптерінің іске асырылуын талап етеді: тарихилық, нақтылық, жан-жақты байланыстарды ескеру, теория мен практиканың байланыстылығы.
Нақтығылымилық деңгей.
Нақтығылымилық деңгей төмендегі келістермен айқындалады:
Тұлғалық бағдарлы келіс – педагогикалық процестің тұлғаға бағытталуын талап етеді. Яғни педагогикалық процесс баланың өзінің интеллектуалдық потенциалына, оның дара ерекшеліктері мен қабілеттіліктеріне негізделуі тиіс.
Іс-әрекеттік келіс – ол баланы өз бетінше өмір сүруге және жан-жақты әрекетке үйрету үшін, аналогтық әр түрлі іс-әрекетке қосу тиіс деп тұжырымдайды.
Полисубъектілік келіс немесе диалогтық келіс – бұл көзқарас бойынша адам дербес өзі дами алмайды, өз қажеттіліктерін қанағатандыра алмайды. Ол әрдайым басқа адамдармен қарым-қатынаста болу керек, осы кезде ол басқа адамдардан әлеуметтік тәжірибені, қарым-қатынас тәсілдерін меңгереді.
Культурологиялық келіс – бұл жерде мәдениет адам әрекетінің ерекше тәсілі ретінде қарастырылады. Яғни адам дамуының маңызды шарты – жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениет мұрасын игеру.
Этнопедагогикалық келіс – тәрбие мен оқытуда халық педагогикасының құнды мұрасын қолдануды талап етеді.
Антропологиялық келіс – педагогикалық процесті ұйымдастыруда адам туралы барлық ғылымдардың білімдерін қолдануды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет