басым түсетін әдісі бойынша: проблемалық-ізденушілік, шығармашылық, диалогтық, ойын түрінде;
білім алушылар категориясы бойынша – жаппай.
Ынтымақтастықта оқытудың мақсатттық бағдарлары:
талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу;
балаға гумандық-жеке-тұлғалық қарау;
оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі.
Қарым-қатынас жүйесі ретінде ынтымақтастық көп аспектілі; бірақ онда маңызды орынды «педагог-білім алушы» қарым-қатынасы алады. Ынтықмақтастық концепциясында оқушы оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрсетілген. Сондықтан, бір процестің екі субъектісі бірге әрекет етуі тиіс; олардың ешқайсысы екіншісінен үстем болмауы тиіс.
Ұжым шеңберінде ынтымақтас қарым-қатынас мұғалімдер, әкімшілік, оқушы және мұғалім ұйымдарының арасында орнайды; ынтымақтастық принципі оқушылардың, мұғалімдер мен басшылардың қоршаған әлеуметтік ортамен (ата-аналар, жанұя, қоғамдық және еңбек ұйымдары) қарым-қатынасының барлық түріне тарайды.