4-дәріс Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының мәні


Ынтымақтастық педагогикасында төрт бағытты атап көрсетуге болады



бет5/14
Дата04.04.2023
өлшемі63,18 Kb.
#78954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ЖОО инновация

3. Ынтымақтастық педагогикасында төрт бағытты атап көрсетуге болады:
1. Балаға ізгілікті жеке тұлғалық ықпал ету. Бүкіл білім беру жүйесінің орталығына жеке тұлғаның қасиеттерінің тұтастай жиынтығының дамуы қойылады.
Мектептің мақсаты – баланың ішкі күші мен мүмкіндіктерін ояту, оларды өмірге шақыру, оларды жеке тұлғаның толық және еркін дамуы үшін пайдалану. Гумандық-жеке-тұлғалық тәсіл мына идеяларды біріктіреді:
- жеке тұлғаға білім беру мақсаты ретінде, оқу-тәрбие процесінің жеке тұлғалық бағыты ретінде қарау;
- педагогикалық қары-қатынастарды ізгіліктендіру және демократияландыру;
- қазіргі жағдайларды еш нәтиже бермейтін тікелей мәжүрлеуден әдіс ретінде бас тарту;
- жеке ерекшеліктерін ескеруді жаңадан түсіндіру;
- жағымды Мен-концепциясын қалыптастыру, яғни жеке тұлғаның өзі туралы түсініктерінің жүйесі, ол соның негізінде өзінің мінез-құлқын қалыптастырады.
2. Дидактикалық белсенділендіруші және дамытушы кешен. Балаларды «неге» және «қалай» оқыту керек деген мәселелерді шешуде приципиалды жаңа тәсілдер мен тенденциялар ашылуда; оқыту мазмұны мектептің өздігінен жеке бір мақсаты ретінде емес, жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастырылады; оқыту жинақталған білімдербілімдер, іскерліктер және дағдылар және ойлау тәсілдеріне қарай жүргізіледі; интеграция, вариативтілік; жағымды ынталандыру қолданылады.
Оқу процесінің әдістері мен формаларын жетілдіру жаңашыл педагогтардың авторлық жүйелерінде қолданылатын бірқатар дидактикалық идеяларда ашылады: В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдарында, еркін Штейнер идеясында, С.Н.Лысенкованың озық оқытуында, Эрдниевтің ірілер идеяларында, В.А.Сухомлинский сыныбының интеллектуалды фонында, Л.В.Занков бойынша жеке тұлғаны дамытуда, И.П.Волковтың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерінде, Л.С.Выготскийдің жақын даму аймағында және т.б.
3. Тәрбиелеу концепциясы. Ынтымақтастық педагогикасының концептуалды ережелерінде маңызды тенденциялар бейнеленеді, оған сәйкес қазіргі мектептегі тәрбие дамиды:

  • Білім мектебін Тәрбие мектебіне айналдыру;

  • оқушы жеке тұлғасын бүкіл тәрбие жүйесінің орталығына қою;

  • тәрбиенің ізгілікті бағдары, жалпы адамдық құндылықтарды қалыптастыру;

  • баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • ұлттық және мәдени дәстүрлерді жандандыру;

  • жеке және ұжымдық тәрбиенің үйлесуі;

  • алға қиын мақсат қою.

Ынтымақтастық педагогикасының идеологиясы мен технологиясы білім беру мазмұнын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет