4 дәріс. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы, аралық алмасу



бет8/9
Дата17.03.2023
өлшемі33,23 Kb.
#75183
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:
ХП АЛМАСУЫ – гем синтезі
Гемоглобин синтезі сүйек кемігінде жүреді. Гемоглобин синтезіне қажетті – амин қышқылдары, темір, активті янтар қышқылы қанмен түседі. Гем және глобин синтезі жеке жүреді. Сонымен қатар синтезделетін глобин саны гем санына байланысты. Глобин синтезін белок биосинтезінен қараңыз. Гемнің түзілуі бірнеше сатылы реакциялардан тұрады.
1­сатысы. СукцинилКоА мен глицин конденсацияланып, дельта-аминолевулин қышқылын түзеді, реакцияны аминолевулинатсинтетаза катализдейді.
2- сатысы. δ­АЛҚ 2 молекуласы қосылып, порфобилиноген (ПБГ) түзіледі.
3­сатысы ПБГ-ң 4 молекуласы көптеген сатылы реакциялардың нәтижесінде протопорфирин ІХ түзеді, бұл гемнің тікелей негізін салушы болып саналады.
4-сатысы протопорфирин ІХ гемсинтетаза әсерінен темірді (ІІ) қосып алып гем түзеді. Реакцияны гемсинтетаза ферменті катализдейді.
Түзілген әрбір гемге гистидин азоты арқылы глобиннің п/п тізбегі қосылып, 4 гемнен және 4 п/п тізбектен – 2  2  тұратын гемоглобин түзіледі.


ХП алмасуы – гемоглобиннің ыдырауы, өт, зәр, нәжіс пигменттерінің түзілуі.
Hb – эритроциттердің негізгі белогы. Эритроциттер 110-120 күн өмір сүреді, содан кейін олар гемолизге ұшырайды. Эритроциттерден бөлінген Hb гаптоглобинмен байланысып, Hb-Hр комплексін түзіп, гемоглобин ыдырайтын жерлерге түседі.
Гемоглобиннің ыдырауы макрофагты-моноцитарлық жүйе (ММЖ) жасушаларында: қан жасау жүйесінің жасушаларында, бауырдың Купфер жасушаларында, көкбауырда, ішектегі пеер түйіндерінің жасушаларында , т.б. жүзеге асады.
Бұл үрдіс гемнің бірінші және екінші пиррол сақиналарының арасындағы метин көпіршесінің гемоксигеназа әсерінен тотығып, үзілуінен басталады да, вердоглобин түзіледі. ММЖ жасушаларында вердоглобиннен глобин мен темір бөлінеді де, биливердин түзіледі. Биливердин НАДФН2 есебінен бос, тікелей емес, коньюгирленбеген билирубинге тотықсызданады, ол суда ерімейтін және улы қосылыс. Оның тікелей емес деп аталу себебі Эрлих диазореактивін қосқанда бірден қызыл түс бермейді, тек қан сарысуына ондағы белоктарды тұнбаға түсіру үшін кофеин немесе спирт ерітіндісін қосқаннан кейін қызыл түске боялады. Глюкурон қышқылымен байланыспағандықтан, конъюгирленбеген деп аталады. Тікелей емес билирубин ММЖ жасушаларынан қанға түсіп, альбуминдерге адсорбцияланады, бұл оның улылығын төмендетеді. Тікелей емес билирубиннің негізгі бөлігі бауырға түседі, онда глюкуронилтрансферазаның әсерінен глюкурон қышқылымен конъюгациялану (байланысу) реакциясына түседі. Сонда тікелей емес билирубин заласызданып, моно-(30%) немесе ди- (70%) глюкуронид билирубин түзеді. Бұл билирубин тікелей, байланысқан, усыз, суда еритін билирубин болып табылады. Билирубин өтке қызыл-қоңыр түс береді. Биливердиннің біраз бөлігі өтке түседі, ол жасыл түс береді. Биливердин мен тікелей билирубин өт қапшығына жиналады, олар өтке жасылдау түс береді. Тікелей билирубин мен биливердин өт жолдарына түседі. Тікелей билирубиннің үштен бір бөлігінен азы бета-глюкуронилтрансферазаның әсерінен тікелей емес билирубинге айналады да, 12-елі ішектің қуысына өтпен бірге тікелей емес билирубин мен биливердин түседі. Ащы ішекте бос билирубин мезобилиногенге (уробилиногенге) дейін тотықсызданады, оның біраз бөлігі қақпа венасы арқылы бауырға қайта түсіп, онда түссіз моно- және дипирролдарға дейін ыдырайды, олар бүйрек арқылы зәрмен шығарылады.
Мезобилиногеннің басым бөлігі тоқ ішекке түседі, онда микроб ферменттерінің әсерінен стеркобилиногенге тотықсызданады. Стеркобилиногеннің біраз бөлігі plexus hemorrhaidalis (геморроидальдық вена тамырлары) сіңіріліп, бүйрекке түсіп, зәрмен шығарылады. Зәрде жарық пен ауаның әсерінен стеркобилиноген стеркобилинге дейін тотығады, ол зәрге сары түс береді. Стеркобилиногеннің қалған бөлігі мен биливердин нәжіске түседі. Стеркобилиноген жарықтың әсерінен стеркобилинге дейін тотығып, биливердинмен бірігіп, нәжіске қоңыр-жасыл түс береді. Қан сарысуының түсі де белгілі бір деңгейде онда билирубиннің болуына байланысты. Қалыпты жағдайда қанда жалпы билирубин анықталады, ол тікелей және тікелей емес билирубиннен тұрады. Қандағы жалпы билирубин мөлшері 8-20 мкмоль/л.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет