4 дәріс. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы, аралық алмасу


Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, өкпенің, бауырдың, май тіндерінің ролі



бет6/9
Дата17.03.2023
өлшемі33,23 Kb.
#75183
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, өкпенің, бауырдың, май тіндерінің ролі.
Ішек қабырғасында липидтер алмасуының келесі үрдістері жүреді: 1) мицелланың ыдырауы, 2) b-МАГ липогенезге жұмсалады 3) a-МАГ ішек жасушаларының липазасы әсерінен БМҚ мен глицеринге дейін липолизге ұшырайды 4)хиломикрон ( ХМ) түзілуі, 5) липонеогенез, 6) ФЛ түзілуі (аз мөлшері), 7) Холестерин эфирлері аз мөлшерде түзілуі.
Липидтер алмасуындағы өкпенің ролі.

  1. ХМ қорға жиналады (барьерлік және қор ретінде қызмет көрсетеді).

  2. ХМ құрамына кіретін ТАГ өкпеде гидролизге ұшырайды. ХМ гидрофобты ядросы және гидрофильді қабаттан тұратын липидтердің тасымалдану формасы, ол лимфа тамырлары арқылы өкпеге түседі. Қалдық ХМ тек бауырға түседі. Себебі бауыр мембраналарында оларды байланыстыратын рецепторлар бар.

Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.
Бауырға тағам липидтерінің қорытылу өнімдері және 30% гидролизденбеген майлар 2 түрлі жолмен – 90% артериалық (бауырлық артерия) және 10% қақпа венасы (азотты қосылыстар, Н3РО4, глицерин, көміртек саны 10- нан аз БМҚ) арқылы түседі.
Бауырда келесі үрдістер өтеді:
I. анаболикалық үрдістер: ТАГ, холестерин, фосфолипидтер, кетон денелерінің синтезі;
II. катаболикалық үрдістер: БМҚ- ның -тотығуы.
Липидтер алмасуындағы май тінінің ролі.
Май тіндерінде липогенез қарқынды ( ТАГ синтезі) жүреді, липонеогенез, ФЛ түзілуі, липолиз өтеді.


ЛП түзілуі, құрамы және ролі.
ЛП – белоктар мен әр липидтердің комплексі. ЛП күрделі белоктарға толық жатқызуға болмайды, өйткені апобелок пен липид арасындағы байланыс тек липидтерді тасымалдау үшін ғана қажет және бұл өте әлсіз байланыс.
ЛП 3 түрі бар: 1) тығыздығы өте төмен ЛП (ТӨТЛП, пре-b ЛП); 2) тығыздығы төмен ЛП (ТТЛП, b-ЛП); 3) тығыздығы жоғарыы ЛП (ТЖЛП, a-ЛП). Тығыздығы орташа ЛП (ТОЛП) бар, бұл ТТЛП-ң алғы заты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет