4. ДӘрістер тезистері


Тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі



бет13/30
Дата06.01.2022
өлшемі82,99 Kb.
#15935
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
лекции инклюзивное образование (1) (копия)

Тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі

Жоспары

1.Логопедияның пәні, мақсат-міндеттері

2.Сәйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға арналған мекемелер
1.Логопедияның пәні, мақсат-міндеттері

Логопедия – сөйлеу тілі, оның дамуын, бұзылуын зерттейтін және оны арнайы оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін қолдану арқылы түзету мен болдырмауын қарастыратын ғылым. Логопедия өз дамуында неврология, нейропсихология, нейролингвистика, психология мен педагогика ғылымдарына негізделеді.

Сөйлеу тілінің дамуы мен оның кемістіктерін түзету мен сақтандыру логопедиялық ықпал жасау логопедияның негізгі бағыты есептеледі. Логопедияның маңызы тілдің әлеуметтік маңызымен тығыз байланысты. Тілдің белгілі екі қызметі бар, біріншісі – адам мен адамды өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде пайдалану болса, екіншісі – айтайын деген ойды жеткізу мен түсіндіру құрал ретінде. Онсыз адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршілік жасай алмас еді, табиғаттын күшіне қарсы күресе алмас еді, өзара түсінісіп, дегеніне жете алмас еді. Тілдің сөйлегенде зақым алуы, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін.

Сөйлеу тіліндегі кемістік ауру емес екенің ескерген жөн. Ал басқа бір аурумен сырттағанда, соның салдары пайда болуы мүмкін. Сондықтан сөйлеу тіліндегі ауытқушылығы бар тұлғаны науқас деуге болмайды. Дыбысты дұрыс айтуға үйрету немесе фонематикалық естуін дамыту кезінде дыбысты талдау, жинақтау сияқты педагогикалық тәсілдер логопедияда жиі қолданылады.

Логопедияның тәжірибесінде дәрігер мамандардың қызметін пайдалану жиі кездесетін жағдай. Сол тәжірибеде келесі тәслдер жүзеге асады: операция жасау, протездеу, жақ сүйегін түзету және тістерді реттеу, дәрі дәрмекпен емдеу, физиотерапиялық, психотерапиялық емді қолдану.

Логопед мұғалімі педагогика мен медицинаның ықпалына сүйене отырып кешенді түрде көмек көрсетеді – бұл логопедияның жетекші принципі.Логопедиялық сабақтарда бір сөздің әр түрлі тұлғадағы салыстыруымен ескеріп бір тектес көп жаттығулар өткізіледі. Бір сө әр түрлі сөз тіркестерінде неғұрлым жиі берілсе, соғұрлым балалар грамматикалық категорияларды тез меңгереді.

Сөйлеу тілінің негізгі кемістіктері:

Дислалия – есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудың бұзылуы. Этиологиялық себептер негізінде дислалияның екі түрі бар: механикалық және функционалды дислалия.

Дисфония - дыбыссыздық, дауыс шықпау. Дисфония көбіне жұтқыншақтың, тамақтын, созылмалы ауруларына байланысты пайда болады.

Ринолалия – немесе маңқа сөйлеу тілі аппаратының анатомиялық-физиологиялық ақауларына байланысты дауыстың әуезділігі мен дыбыстардың айтылуы бұзылады.

Дизартрия – сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге, гиперкинез бен атаксияға байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның бұзылуы. Дизартрияда көп дыбыстар дұрыс айтылмайды,сол себепте сөздер түсініксіз, созылынқы, бөлшектеліп айтылады.

Дисграфия – жазу қабілетінің бұзылуы. Грамматикалық ережелерді білгенімен сөздерді, сөйлемді қате жазады.

Тұтықпа – сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан сөйлеу тілінің жылдамдылығы мен ырғақтылығының бұзылуы.

Афазия – жартылай немесе толығынан сөйлеу қабілетінен айырылу. Мидың жарақаттануынан, мидағы абцесс, энцефалит ауруларының негізінде пайда болады.

Сөйлеу тілінде кемістіктері бар балалар көбінесе орта жүйке жүйесінде функционалды немесе органикалық ауытқушылақтармен ерекшеленеді.

Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар тез шаршағыш, қозғыш болып сипат алады, бір орында отыра алмайды. Көңіл –күйлері құбылмалы, тез ашуланалып мазасызданады. Осы себептерге тәуелді оқу әрекеті де балаларға қиынға түседі. Зейіні тұрақсыз, есте сақтауы төмен, өз істерін бақылау қиын.

Функционалды зақымдықтары бар балалардың эмоциялық дамуы тұрақсыз, невротикалық көрсеткіштерді байқауға болады, әсіресе мінез-құлқысында ашулану немесе тұйықтану сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет