Естуінде ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі
Жоспар:
1.Сурдопедагогика пәні, мақсат-міндеттері
2.Естуінде ауытқуы бар тұлғаларға білім беру педагогикалық жүйелер
1.Сурдопедагогика пәні, мақсат-міндеттері
Сурдопедагогика – (латын сөзінен шыққан “surdus” аудармасы саңырау деген мағынаны білдіреді) арнайы педагогиканың бір құрамы, естуінде ауытқуы бар балаларды және ересектерді оқыту мен тәрбиелеу білім жүйесін ұйымдастыру туралы ғылым.
Есту анализаторының қалыпты қызмет етуі баланың жалпы дамуына ерекше маңызы бар. Есту қабілетінің жағдайы баланың сөйлеу тіліне және психикасына әсер етеді. Есту анализаторының бұзылысында ең бірінші сөйлеу тіліндегі ауытқулар болса, екіншілік кемістік таным әрекетінің төмендеуі. Сурдопедагогиканың міндеттері:
естуінде ауытқуы бар балаларды оқуға, білім алуға, дамуға ынталандыру;
естімейтін және нашар еститін тұлғалардың ойлауын дамыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету;
педагогикалық жағдайда оқу әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті икемділік пен дағдыларды қалыптастыру, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, таным процестерін белсендіру;
қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып кәсіби еңбек ету үшін қажетті білім, икемділікпен дағдыларды қалыптастыру.
естуінде ауытқуы бар балалардың жалпы және тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу;
естуіндегі кемістіктің түрі мен құрамын анықтау, оның деңгейлерін ажырату арқылы қажетті түзетушілік қолдаудын көлемін белгілеу.
Ал қазіргі уақытта естуінде ауытқуы бар балаларды топтастыру есту қабілетіне қарай нашар еститіндер (құлақ мүкістігі бар) және естімейтіндер деп ажыратады. Құлақ мүкістігі сөйлеу тілің қабылдауды қиындататың естудің тұрақты төмендеуі. Құлақ мүкістігі бар балалар сөйлеу тілін өз бетінше қабылдауда қиналады, бұл балалар нашар еститіндер қатарына жатады. Естимейтіндер - есту қабілетінің тұрақты, терең зақымдалу жағдайында дыбыс күшейткіш аппаратсыз, өз бетінше сөйлеу тілін қабылдай алмайтын тұлғалар. Сурдопедагогикада кең қолданылатын Л.В. Нейманның топтастыруы (1961). Л.В. Нейманның топтастыруы бойынша құлақ мүкістігі бар балалармен естімейтіндерді ажырату шекарасы 85 дБ деңгейімен анықталады.
Л.С. Выготскийдің психологиялық ілімдеріне сүйене отырып оның шәкірті Р.М. Боскис (1963) естуінде ауытқуы бар балалардың даму ерекшеліктеріне зерттеу жүргізген. Осы ғылыми зерттеудің нәтижесі Р.М. Боскис әзірлеген педагогикалық топтастыру болды. Нақты естуінде ауытқуы бар балалардың өзіндік даму деңгейін ескере отырып жаңа критерийлерді көрсеткіштерді ұсынған; олар:
есту қызметінің зақымдалу деңгейі;
есту қызметінің зақымдалуының салдарынан жеке дара ерекшеліктері;
естуі нашарлаған балаларға көрсетілетін педагогикалық жағдайлар;
- есту анализаторындағы ақаудын пайда болған уақыты.
Естуінде ауытқуы бар балалардың ерекше бөлек топбында кейіннен естимей қалған тұлғалар. Бұл балаларда есту қабілеті зақымдалған кезге дейін сөйлеу тілі қалыптасқан. Аталмыш балалар есту мен сөйлеу тілінің түрлі деңгейлерімен сипатталады оларға уақытымен арнайы түзетушілік көмек ұйымдастырмаса қалыптасқан сөйлеу тілі жойылады.
Естуінде түрлі ауытқуы бар балаларды оқыту мәселесі естуіндегі кемістіктін деңгейін ескере отырып, сөйлеу тілінің жағдайын есепке алуды қарастырады.
Естуінде ауытқуы бар балалар кемістіктін орнын жүйке жүйесінің иілімдігі арқылы толықтыруға қабілетті. Бұл балалар дамуы кемтар балалардың барлығына ортақ заңдылықтар бойынша дамиды (В. И. Лубовский). Аталмыш балалар қоршаған ортамен қарым қатынас жасауда қатты қиналады және тұлғалық қалыптасуыда қалыпты балалардан өзгеше.
Естімейтін баланың сырттан қабылдайтын әсерлер көлемі аз және шектеулі, қасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Соңдықтан психикалық дамуы қарапайым болып сыртқы әсерлерге деген реакциялары да төмендейді. Осындай жағдайдын салдарынан естуінде ауытқуы бар балалардың ойлауында өзгешіліктер байқалады, мысалы көрнекі-бейнелеу ойлаумен логикалық-сөйлеу ойлау арасындағы ерекшеліктер; жазбаша сөйлеуі (импрессивті- оқу) және (экспрессивті- жазу) ауызша сөйлеу тіліне қарағанда маңызды.
Естуінде ауытқуы бар балалар сөйлеу тілін тек арнайы оқыту арқылы меңгере алады. Есту қабілетіндегі кемістіктердің орнын толықтыру үшін аса маңызды қызметті көру арқылы қабылдау атқарады. Естуінде ауытқуы бар балалар қалыпты балаларға қарағанда дене дамуы жағынанда артта қалады.
Зейін дамуы естуінде ауытқуы бар балалар үшін өте қажетті, өйткені сөйлеу тілін сөйлеп тұрған адамның ерін қимылынан көру арқылы, немесе дактильді сөйлеуді саусақ қимылынан қабылдау мүмкін болса, ал ол тек зейін салу арқылы мүмкіндік береді. Бұл жағдай естуінде ауытқуы бар балалардың зейін тұрақсыз, әлсіздігін білдіреді. Зейін салуы қабылданатын заттардың көркемдік бейнесіне тәуелді (А.В. Гоголева). Сондықтан бұл балаларды оқытуда көптеген, түрлі көрнекілікті пайдалану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |