23.Тұздардың гидролизі -тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар.
Тұздар түзілу табиғатына қарай мынадай топқа бөлінеді:
I. Күшті негіз бен күшті қышқылдан KCl, K2S04, NaN03, NaCl;
ІІ. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04;
ІІІ. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан Al2(S04)3, FeS04, ZnCl2.
I.Натрий хлориді (NaCl) — NaOH күшті негіз (к.н.) және HCl күштіқышқыл (к.қ.) әрекеттескенде түзілетін тұз.NaCl --> Na+ + CI-НОН --> Н+ + ОН-
60. Нитроқосылыстар — молекуласындағы сутек атомы нитротопқа (-NО2) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Нитроқосылыстарды азот қышқылындағы HО-NО2 гидроксил тобының орнын алкил немесе арил басқан қосылыстар деп қарастыруға да болады.
Нитроглицерин мен нитроцеллюлозаның құрамында да — NО2 тобы болғанымен, оларда азот атомы көміртекпен тікелей байланыспай, оттек атомы арқылы жалғасқан. Бұндай қосылыстар нитроқосылыстарға емес, азот қышқылының қүрделі эфирлеріне жатады.
Нитротоптың санына байланысты нитроқосылыстар — мононитро-, динитро- және полинитроқосылыстар болып бөлінеді. Нитротоп байланысқан көміртек атомына байланысты нитроқосылыстар біріншілік (а), екіншілік (ә), үшіншілік (б) және ароматты (в) болып бөлінеді:
Халықаралық номенклатура бойынша нитроқосылыстарды көмірсутектердің атына қосымша нитро- деген сөз қосу арқылы атайды. Өндірісте нитроқосылыстарды көмірсутектерді нитрлеп алады