4-КҮн критериалды бағалау жүйесі 2-дәріс Қалыптастырушы бағалау процесі



бет2/9
Дата07.01.2022
өлшемі40,24 Kb.
#20874
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-К н критериалды ба алау ж йесі 2-д ріс алыптастырушы ба алау

Қалыптастырушы бағалау процесі

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.

Кестеде (слайдта) әдебиеттерді талдау негізінде анықталған формативті бағалау құрылымы келтірілген. Ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды бағалау процесіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру, яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірибесі.

Тиімді оқу, оқыту мақсатында білім алушылардың оқу процесіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау процесі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімдердің қалыптастырушы бағалаудың әр түрлі әдістерін қолдануы оқыту мен бағалау процесін кіріктіруге мүмкіндік береді.



4

Мұғалім қызметіндегі қалыптастырушы бағалау процесі келесі кезеңдерді іске асыруды талап етеді:

- қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру;

- қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдістерін таңдау;

- оқыту және оқу процесінің бір бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалауды өткізу;

- кері байланысты ұсыну;

- қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

- қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауына сәйкес оқыту мен оқуды түзету.

Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім:



  • оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, өзінің оқыту әдіс-тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды;

  • бағалау тәсілдерінің қайсысының оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретінін шешеді;

  • қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады;

  • оқушылардың оқуы жайында барынша мол ақпарат алады, мысалы, ауызша сауалнамалар, оқушылардың топтық әрекеттері, тапсырманы өз бетінше орындау, тақырыптық зерттеулер, рөлдік ойындарды ұйымдастыру және қадағалау арқылы. және т. б.

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет