Кері байланыс беру
Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу процесін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да ұсынылған сұрақтарды негізге алғаны дұрыс.
Мұғалім:
Білім алушы оқытудың қай сатысында?
Олар білім алуда неге талпынады?
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?
Оқушы:
Мен оқудың қай сатысында тұрмын?
Нәтижеге қалай қол жеткіземін?
Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет?
Аталған сұрақтарға толық жауап беру тиімді кері байланысты көрсетеді.
23
|
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «бұлай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;
білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.
Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түрде берілуі мүмкін. Аталған процесс құжаттаманы қажет етпейді.
Бұл туралы «Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықтың» 20-22-беттерінен толығырақ танысуға болады.
|
24
|
Қалыптастырушы бағалау процесін жүзеге асыру үшін мұғалім:
сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;
қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін және сапасын арттыруы;
кері байланыстың тиімді формасын қолдануы;
қалыптастырушы бағалауды қолдану процесін көрсететін сабақ жоспарын құруы;
рефлексия жасап, тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы қажет.
Тақырыпты бекіту үшін 4.2-4.6 ресурстарын оқып, 4.1-4.3 тапсырмаларды орындауды ұсынамыз.
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіс. құрал. /О.И.Можаева,А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б.
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен.Астана, 2016. - 46 б.
Достарыңызбен бөлісу: |