4-КҮн критериалды бағалау жүйесі 2-дәріс Қалыптастырушы бағалау процесі



бет7/9
Дата07.01.2022
өлшемі40,24 Kb.
#20874
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тапсырма әзірлеудің 5 кезеңінде әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырылады.

Дескриптор дегеніміз не және оны әзірлеу барысында нені ескеру керек?

Дескриптор - тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.



18

Мұғалімнің қабылдаған шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда қолданылатын дескрипторлар анық және нақты болуы қажет. Дескрипторлар тапсырманы орындауда оқушыға нақты қай жерде қиын болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға тиімді кері байланыс беруге және қайталап оқуға арналған бағдарламалық материалдың қажетті көлемін анықтауға мүмкіндік береді..

19

Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес процеске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау..

Мұғалімнің бағалауы

Мұғалімнің бағалауы кері байланыс түрінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.



Өзін-өзі бағалау

Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.



Өзара бағалау

Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.



20




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет