4-КҮн критериалды бағалау жүйесі 2-дәріс Қалыптастырушы бағалау процесі


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



бет3/9
Дата07.01.2022
өлшемі40,24 Kb.
#20874
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру Қалыптастырушы бағалау процесін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.

Мұғалім оқу процесіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды (https://smk.edu.kz/).

Слайдта бағалау құралдарын әзірлеу процесінің жалпы сызбасы ұсынылған.


6

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге келесі қадамдарды ұсынуға болады:

Алдымен: пәннің оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

Екінші: оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

Үшінші: тапсырма құрастыру кезінде саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру;

Осыдан кейін бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

Соңында әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру.



7

Мұғалім тапсырманы оқу мәнмәтінін, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды немесе құрастырады .

Келесі кезекте қалыптастырушы бағалау тапсырмасын әзірлеу кезеңдерін толығырақ қарастырайық.



8

Жоғарыда келтірген алгоритмге негізделетін болсақ, тапсырма әзірлеудің 1-кезеңі оқу бағдарламасын, пәннің ұзақ мерзімді жоспарын талдаудан басталады. Тақырыптар аясындағы оқу мақсаттарына талдау жасап, бағаланатын оқу мақсаты/мақсаттары таңдалады.

9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет