4-лекцияға мысалдар



бет4/4
Дата10.11.2022
өлшемі27,16 Kb.
#49113
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
4-лекцияға мыс.

Мысал-4. Үш оқушы біреуі монетті, екіншісі кубты лақтырды, ал үшіншісі колодадағы 36 картаның кез келген біреуін суырды. Осы жүргізген тәжірибелер нәтижесінде монеттің герб жағымен түсу (А оқиғасы), кубтың 4 ұпаймен түсу (В оқиғасы ), және суырған картаның тұз болып шығу (С оқиғасы ) ықтималдығын анықтау керек.
Шешуі. Өткен мысалдарды еске түсірсек,
р(А)=1/2, р(B)=1/6, р(C)=1/9.
Сонда іздеген ықтималдығымыз төмендегідей табылады:
Р(АВС)=p(A)*p(B)*p(C)=1/2*1/6*1/9=1/108=0,092.  
Сұрақтар мен жаттығулар.



  1. Жәшікте 7 қызыл және 3 ақ шар бар. Қораптан бірінен соң бірі екі шар алынды. Осы алынған шарлардың біріншісінде және екіншісінде қызыл шар болу ықтималдығы қанша?

  2. Жәшікте 7 қызыл және 5 ақ шар бар және олардың 2 қызыл шардың белгісі бар. Қараптан кездейсоқ бір шар алынды. Осы шардың қызыл шар және оның белгісі болу ықтималдығы қанша?

  3. Жәшікте 10 қызыл және 5 ақ шар бар және олардың 2 ақ шардың белгісі бар. Қараптан кездейсоқ бір шар алынды. Осы шардың қызыл шар және оның белгісі болу ықтималдығы қанша?

Қосу теоремасына мысалдар

  1. Ақшалай-заттай лотореяның 1000 билеттен тұратын сериясына 120 ақшалай және 80 заттай ұтыстан келеді. Қолында бір лотореясы бар адамның заттай не ақшалай ұтыс ұту ықтималдылығы неге тең?

  2. Кластағы 40 оқушының фамилияларының бас әріптері мынай болған: 5-уі Б-дан, 8-і К-дан, 4-уі М-нен және 6-уы С-дан басталған. Оқушылардың фамилияларының дауыссыз дыбыстан басталу ықтималдығын анықтаңыз.

  3. Кластағы 40 оқушының фамилияларының 10-ы ашық дауысты дыбыстан, қалғандары дауыссыз дыбыстан басталған. Кез келген 4 оқушы шақырылады. Осы оқушылардың кемінде екеуінің фамилиясы ашық дауысты дыбыс болу ықтималдылығын анықтаңыз.

  4. Колодада 36 карта бар. Одан кез келген 3 карта суырып алынды. Ол карталардың кемінде біреуінің тұз болу ықтималдылығын анықтаңыз.

  5. Нысана бір центрлік дөңгелектен және оны қоршай сызылған концентрлі үш шеңберден (сақинадан) құралған. Атылған оқтың центрлік дөңгелекке тию ықтималдылығы – 0,10, оны қоршаған сақиналарға тигізу ықтималдылығы сәйкес түрде: 0,12; 0,16; 0,20 сандарына тең. Атқыш бір рет оқ атқанда тимеу ықтималдылығын анықтаңыз.

  6. Класта 25 оқушы бар. Олардың 15-і қыз балалар да, 10-ы ер балалар. Ата-аналар комитеті осы класқа театрдың 3 билетін бөлді. Театрға кемінде екі қыз баланың бару ықтималдылығы кемінде екі ер баланың бару ықтималдылығынан артық не кем болатынын анықтаңыз.

  7. Кластағы оқушылар аттарының соңғы әріптерін жеке-жеке карточкаларға түсіргенде, 10-ы жіңішке дауыстыларға, 5- і ауыз жолды үнді дыбыстарға аяқталған болып шықты. Бұл карточкаларды әбден араластырып, ішінен үшеуін алғанда, кемінде екеуінің біркелкі дыбыстар: а) мұрын жолды үнді, ә) ауыз жолды үнді, б) жіңішке дауысты болу ықтималдылығын анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет