25. Жаңылтпаш жанрының үлгілерін талдау 1. Тақпақ жаттап,
Айтсақ жақсы-ақ.
Жатка тақпақ
Жатта тақ-тақ
2. Сұр інген сүрінген бе
сүрінген сұр інген бе
3. Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
Жаңылтпаш балалар фольклорының бір жанры. Жаңылтпашты балалардың тілін дамыту үшін, тілін ерте шығарту үшін айтқызған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.
26. Қазақтың тұрмыстық ертегілері Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбының көптігі жағынан болсын, аса молы – тұрмыс пен салтқа байланысты туған ертегілер.
Бұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс – тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана сезімі, арман – мүддесі суреттеледі. Және де ертегінің оқиағасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял – ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс – салт ертегілерінде ол өте аз кездеседі. Мұнда адамның қиялынан туған әңгімелерден гөрі, өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондай – ақ тұрмыс — салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, мыстан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ т.б. бейнесінде болмай, нақты адам бейнесінде болады ; сол қарапайым адамдар жайы айтылады.
Тұрмыс ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрмыс – тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге құрылады. Бұлардың бәрі халық ортасынан шыққан, ертегіге басты кейіпкер болып алынған еңбек адам арқылы баяндалады. Неше түрлі қиыншылық-кедергілерді, ауыр халдерді, аңдыған, алысқан жау амалдарын жеңетін де, сөйтіп, мақсатына жететін де қарапайым адам болатын.
Халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған ертегілерінде басты тақырып еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Бұл ретте қарапайым адамдарды халық ертегілері қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі, ақылы, өнері, адамгершілігі хандар мен байлардан әлдеқайда артық деп суреттейді. Мұны біз көптеген ертегілерден, соның ішінде әрі көркем, әрі терең идеялысы “Аяз биден” көреміз.
Қазақтың тұрмыс – салт ертегілері қарапайым шаруа адамын ардақтай отырып, еңбек – кәсіп ету жайына айырықша көңіл бөледі. “Жатып ішер жалқау болма, ерінбей еңбек ет, өжеттен де, өрге ұмтыл” деген сияқты халқы ойы ертегіге қосылады. Бұл ретте халық ертегісі ақыл-өсиет түрінде келеді және оларды өмір жолына енді түсе бастаған жастарға арнайды; оларды пайдалы еңбек арқылы тәрбиелеп, қоғамға керекті ер-азамат етіп шығару жайын қарасытырады. Мұндай ертегілерде халықтың ғасырлар бойына жиып-терген өмір тәжірибесі, тұрмыстан алған, шығарған қорытындысы да айтылады. Соның бәрін ертегіге айналдырып, жастарға үлгі боларлықтай түйіндер жасайды.