4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Көңіл айту, естіртудің үлгілеріне талдау жасау



бет11/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
ха общий

19. Көңіл айту, естіртудің үлгілеріне талдау жасау
Халық өміріндегі қайғылы тарихи оқиғаларға, адам қайтыс болғанда естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт әндерінің ел аузында сақталуы.
Жаназалау әндеріндегі ата-бабаларымыздың өмір құбылыстарына берген бағасы, тоғанысы, дүниетанымдық дәрежесі. Музыкалық-поэтикалық құрылымының өздік ерекшеліктері, өзара байланыстылығы. Жаназалау әндерінің мақсаты.
Естірту – қайтыс болған адамның жайын хабарлаудың әлеуметтік ой-санаға құрылуы. Қайғылы қазаны естірте отырып, көңіл айтылуы. Естірту (дәстүр). «Хабаршылар Ғалидың үйіне, Жамалдың үйіне кісі салып естіртті» (М.Дулатов). Ата-анасы, баласы немесе жақын-жуығы қайтыс болған жағдайд оны айтып жеткізуді «естірту» дейді. Естіртуші адам әлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. Қайғылы қазаны орынсыз жерде немесе жол-жөнекей, жеңіл-желпі айта салуға болмайды. Халқымызда естіртудің үлкен психологиялқ, классикалық үлгілері бар. Мысалы: «Жиреншеге Қарашаш сұлуды естірту», «Шыңғысқа Шоқан өлімін естірту» сияқты. Естірту қазаға байланысты жерде ған қолданылады.
Естірту көпті көрген, жөн-жосық пен сөзді білетін адамдарға тапсырылады.
Көңіл айту әндерінің мазмұнындағы ой тереңдігі мен көркемдік, философиялық дүниетанымы.

20. Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі аңыз жанрының ерекшеліктері

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма.
Ерекшеліктері:
• Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.
• Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады.
• Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет