4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Құрт шақыру. Тісі ауырған адамның тісін құрт жейді деп, сол құртты түсіру үшін емшілердің айтатын сөздері болады. Сол құрт шақыру сөздері деп аталады



бет12/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
ха общий

21. Құрт шақыру. Тісі ауырған адамның тісін құрт жейді деп, сол құртты түсіру үшін емшілердің айтатын сөздері болады. Сол құрт шақыру сөздері деп аталады.

Мысалы:
Қаптаған жауды басып кел!


Жетер-жетер, көйт-көйт!
Басар-басар, көйт-көйт!
Арқадағы алты құрт,
Арқаласып келер құрт!
Желкедегі жеті құрт,
Желкелесіп келер құрт,
Ауыздағы алты құрт,
Азуласып келер құрт,
Басар-басар, кə! кə!
Басып келер, кə! кə!
Жетер-жетер, кə! кə!
Тұйғын-тұйғын, кə! кə!
Түйінсеп келер, кə! кə!

22. Қоштасу өлеңдерінің бір үлгісіне талдау жасау
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын Қоштасуы ел арасында кең тараған. “Елім-ай” өлеңі кіндік қаны тамған жерінен айрылған халықтың ауыр күйзелісін, қайғылы көңіл-күйін білдіретін шығарма. М.Әуезовтың жіктемесі бойынша Қоштасу жырлары:
а) жермен, елмен Қоштасу (Ай, Таңсық өлеңдері);
ә) Сарыарқамен Қоштасу (Күдері Қожаның Қарқаралыдан кетерде айтқаны);
б) өмірдің өткен шағымен Қоштасу (Сабырбай ақынның қызы Қуандыққа айтқан сөздері, Кемпірбайдың Әсетпен қоштасуы);
в) Өтіп бара жатқан заманмен Қоштасу (Қаратоқа Есет бидің еңкейген шағындағы өлеңі, Тезек төренің “Сексен” деген әні) сияқты түрлерге бөлінеді.
Ай мен Таңсықтың қоштасуы
Балталы, Бағаналы ел, аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол,
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ержеткен жер, аман бол!
Қара басқан қашқынды қоя берме,
Ел жақсысы, Тайлақ би ақылы мол.
Осы ізі тоқсан мыңның соқпақ болар,
Жоғалмас қайда барса қазылған жол.

Жанры: зарлай-арнау (“Қозы-Көрпеш–Баян сұлу” жырынан үзінді)


Тақырыбы: Ай мен Таңсық ел-жұртпен, жер мен су, тау мен таспен қоштасуы

Идеясы: Туған жермен, ата-анамен, бауырмен қоштаса отырып, өзінің қоғамындағы Ер Баянның бейнесін көрсету, қай өлкеден шыққанын және сол өлкеге қимастығын білдіру

Көркем образдар: Ай, Таңсық, Тайлақ би

Шумақ: 2
Тармақ: 8


Буын: 11
Бунақ: 3
Ұйқас: қара өлең (а, а, б, а)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет