40. Қажым Жұмалиев – фольклортанушы
Өмірбаяны
Өңдеу
* 1923 – 25 жылы Орынбор ересектер мектебінде, Шымкент ауыл шаруашылық техникумында оқыған.
* 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген.
* 1932 – 37 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті)
* 1937 – 68 жылдары ҚазПИ-де сабақ беріп, қазақ әдебиеті кафедрасын басқарды.
Шығармашылығы
Өңдеу
Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған.
* Оның алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” 1928 жылы “Лениншіл жас” газетінде жарияланды.
* “Ерғожа мен Егізбай” поэмасы (1929)
* “Шабуыл” (1933)
* “Қанды су” (1934)
* “Өмір жыры” (1938)
* “Қырдағы күрес” (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрді.
* Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері “Айқас” деген атпен басылған (1942).
* “Біржан-Сара” операсы либреттосының
* “Арбасу” (Ә.Сәрсенбаевпен бірге) атты пьесаның авторы.
* Қазақ зиялылары туралы “Жайсаң жандар” естелік кітабы жарық көрді (1969). Кітапта С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.Сәтбаев, С.Камалов, т.б. шығармашылық портреттері жасалған.
Жұмалиев зерттеулерінің бір саласы – әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 жылы шыққан “Әдебиет теориясы” деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ тіліндегі А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмалиев әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері “Стиль – өнер ерекшелігі” атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды. Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Сәрсенбаев, Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. Жұмалиев өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес қосты.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |